Талдықорған: +18°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘЛИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

08.10.2024
РУХАНИЯТ
ӘЛИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Кез келген ел өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланатыны анық. Ал сол өнердің жүгін көтеріп жүрген тұлғалардың шығармалары халық көңілін әрдайым тебірентіп, аспандатып, асқақтатып келеді. Осы тұста Жетісудың тумасы композитор, дирижер Әли Алпысбаевтың туындылары халықаралық деңгейде орындалып, жұрттың жады мен жүрегінде сақталып жатқанын айта кеткен жөн. Оған дәлел облыс орталығында өткен І Халықаралық «Елге арнау» байқауы.

Талдықорған төрінде Гала-концерт ұйымдастырылды. Шара шымылдығын Республикалық байқаулардың лауреаты Медет Есбергенов Әли Алпысбаевтың «Бәйге» шығармасымен түрді. Оркестрдің орындауындағы туынды ел сүйіндірді Халық бағасын ыстық қошеметімен берді.

Қазақстан Композиторлар одағының 85 жылдығына арналған композитор, дирижер Әли Демегенұлының шығармашылығынан І Халықаралық  «Елге арнау» байқауына 3 номинация бойынша  барлығы 31 үміткер  ұсыныс берген. Іріктеуден өткендерге ақшалай сертификат табысталды. Бағы мен бабы шапқандар кеш аясында марапатталып, өнер көрсетті.

«Жеке аспаптарға арналған шығарма» номинациясы бойынша Бас жүлдені алматылық Мақсат Нұрланов иеленді. Ал I орынды Өзбекстаннан келген Хосият Хамиджанова мен талдықорғандық Дархан Сабыров жеңіп алды. ІІ орынға Астаналық Алина Ауесхан мен Мақпал Асабуева лайық деп танылса, ІІІ орыннан талдықорғандық Жанар Олжабайқызы, Айгүл Боранқұлова,  Еркем Жарманова, алматылық Абылайхан Абайұлы, Өзбекстандық Самандар Исматуллаев көрінді.

«Халық аспаптар оркестірінің сүйемелдеуімен» классикалық ән салу номинациясы бойынша: Бас жүлдені талдықорғандық Салтанат Мұратқызы иеленсе, І орынды астаналық Айбек Абдыашимұлы мен қырғызстандық Рыскелді Анарқұлұлы қанжығаларына байлады. ІІ орын Алматы қаласынан келген Сана  Шахзод пен Аружан Жалғасова, астаналық Айжан Дюсембаеваға тиесілі болды. ІІІ орыннан астаналық Саят Сақитжан мен Біржан Нұрмыахметов, алматылық Назым Дәулетқызы мен Жаннұр Аманбай, өзбекстандық Моржана Ахадиллаева көрінді.  

«Эстрадалық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен» эстрадалық ән салу  номинациясы  бойынша «Күреңбел» триосы  мен өзбекстандық Қайтмасбек Ахмедов жеңімпаз атанды.

Салтантты жиында облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов жеңімпаздарды құттықтап, композиторға деген ақжарма тілегін арнады.

– Жетісу жері ежелден өнердің алтын бесігі. Бұл қасиетті топырақтан қаншама өнер майталмандары, қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалар шыққан. Солардың бірі есмі елге танымал, композитор, дирижер Әли Алпысбаевтың  орыны бөлек. Ақынымыз Әбен Дәуренбектің сөзіне жазылған бір ғана «Ауылдың тойы» әні халық әніне айналуының өзі өнерге берілген үлкен баға. Бұл байқауға қатысып отырған өнерпаздарға шабыт пен сәттілік тілеймін. Құрметті Әли Демегенұлы өнер жолында әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биіктей берсін, – деді ол.

Кеш аясында Қазақстан композиторлар Одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров Қазақ өнерінің туын көкке көтеріп жүрген Әли Алпысбаевты «Қазақстан композиторлар Одағының 85 жылдық мерейтойы» медалімен марапаттады. Құттықтау сөз сөйлеп, өнер додасының жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрында ұйымдастырылған шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Онда композитордың  «Кең өлкем», «Аққуым болып оралдың», «Орбұлақ таңы», «Жаңа ғасыр вальсі» сынды 20-ға жуық шығармасы орындалды.

Медет ЖҰМАБАЙ
Фото: https://www.youtube.com/watch?v=GFHDfeDcVu4

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.