Талдықорған: +13°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨЛКЕ ТАРИХЫ ЖАҢАРАДЫ

28 ақпан 2024
РУХАНИЯТ
ӨЛКЕ ТАРИХЫ ЖАҢАРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда оннан астам адамның көтерген мәселелері қаралды. Олардың дені мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беру, ауыл- шаруашылығы жерлерін бөлу, кітап шығару жайы бойынша жүгінді.


Мәселен, Ескелді ауданы Ақын Сара ауылының тұрғыны Темірхан Шарипов ауыл маңындағы мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді кооперативке беруді сұрайды. Облыс басшысы бұл азаматқа заң бойынша ауылшаруашылығы жерлері конкурс арқылы берілетіндігін түсіндірді. Ол өз қалауына қарай конкурсқа қатысып, жер ала алады. Егер конкурс барысында жер учаскелеріне ие болған басқа да азаматтар өз пайларымен Т. Шарипов құратын кооперативке кіреміз десе, сол азаматтармен бірге жұмыс істеуіне болады. 

Қабылдау барысында ескелділік Ержан Жаңажыл Қайнарлы ауылының маңындағы ауылшаруашылығы жерлеріне байланысты да мәселе көтерді. Бұл ретте Бейбіт Исабаев аудан әкімі Елдос Ахметовке жер конкурсын өткізуде заңдылық талаптарын қатаң сақтауды жеке бақылауға алуды тапсырды. 

Көксу ауданының тұрғыны Құлтай Нұрқалбайұлы бірнеше ұсыныс айтты. Ол  биыл Талдықорған облысының құрылғанына 80 жыл болғанын жеткізіп, осыған орай  Жетісу облысының тарихына қатысты кітап дайындалса, оған облысты басқарған басшылар, белгілі қайраткерлер, еңбек сіңірген азаматтар, Еңбек Ерлері, Құрметті азаматтары, т.б. барлығы енгізілсе, архивтік материалдар басылып шығарылса, Жетісудың картасы жасалса дейді. Бұл жөнінде облыс әкімі Жетісу энциклопедиясын шығару ойда бар екенін, ол жарты жылда немесе бір жылда бітетін шаруа емес, ауқымды іс екенін айтты. «Сіз жекебастың емес, көптің шаруасын айтып отырсыз. Жақсы идея, біздің де ойымызбен үндесіп жатыр», –  деп мәселеге қолдау білдірген облыс басшысы өңір тарихына қатысты жоспарлы түрде ауқымды баспалық дүние жасауды жан-жақты ойластыру керектігін облыстық мәдениет басқармасына тапсырды. 

Талдықорғандық ардагер Шеризат Сапарғалиев те өзінің мерейтойына байланысты кітап шығару жөнінде ұсыныс айтты.

Бұдан бөлек, тағы бірнеше азамат тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақтарымен келді. Оларға тұрғын үй қатынастары туралы заңнама талаптарына сәйкес тұрғын үйдің кезек ретімен берілетіні, сол сияқты мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының мүмкіндіктері түсіндірілді.

Жалпы қабылдауда көтерілген мәселелердің барлығына жауап беріліп, өзекті мәселелерге қатысты тиісті мемлекеттік органдар басшыларына тапсырмалар берілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі 
 

Қатысты жаңалықтар

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30
Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Бүгін, 09:24
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.