Талдықорған: +34°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МҰҚАҒАЛИҒА АРНАЛҒАН «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

10.02.2021
РУХАНИЯТ
МҰҚАҒАЛИҒА АРНАЛҒАН "ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК" БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!
Мына адамдар неғып жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай», –
деп жырлаған ақиық ақын, Тәңіртау мұзбалағының биыл 90 жылдығы. Өлеңдегідей емес, бүгінде дүйім қазақ ақын мерейтойын тойлап жатыр. Банкетті халқы жасап, ХХІ ғасыр құрдасы екенін тағы бір дәлелдеді. Өлеңнің иісі аңқыған Талдықорған өңірінде той шымылдығы «Жастар» саябағындағы Мұқағали ескерткішіне гүл шоғын қою шарасымен ашылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

9 ақпанның аспаны аппақ ұлпамен әшекейленді. Құдды қара өлең жауғандай әсерге бөледі. Қапалақтап түскен қар әр адамның көкірегіне жыр құйып, поэзия бесігінде тербеді.

— Мұқаң қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген бірден-бір жарық жұлдыз. Ол мәңгілік тұлға, мәңгілік поэзияның жалынды жүрегі. Қазақ деген халық барда Мұқаңның поэзиясы өлмейді, өшпейді, — деген халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы жайлы толғады.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт ақ батасын берсе, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев Жетісу жерінде өтіп жатқан шаралармен таныстырды. Мұнан соң өлең сүйер қауым Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайына жол тартты. Онда ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден ІІІ Республикалық «Жырлайды жүрек» әншілер арасындағы байқауы өтті.

Байқау эстрадалық, дәстүрлі ән деп аталатын екі номинация бойынша ұйымдастырылды. Ән додасына еліміздің 14 облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 82 өнерпаз онлайн қатысты. Қорытынды сынға көмейлеріне бұлбұл ұя салған 20 үміткер жолдама алды.

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен жаңа орындаушыларды анықтауға бағытталған, халықтың өнерге деген құштарлығын арттыруды көздеген байқау осыған дейін облыстық деңгейде өтіп келген.

Биыл ақынның 90 жылдығына арналып, Республика көлемінде ұйымдастырылды. Мұқағали мұрасын кеңінен насихаттауды міндет еткен қатысушылардың өнерлерін қазақ руханиятының өркендеуіне еңбек етіп жүрген қазылар алқасы саралады. Үздік шыққан үміткерлерге Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әлия Жақыпбекова, ҚР Еңбек сіңірген артісі Ұлжан Айнақұлова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов және ҚР мәдениет саласының үздігі Сая Есенгелдинова баға берді.

Әншілер бар өнерлерін сарп етіп, Тәңір тарту еткен таланттарын ортаға салды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар жеңіс мәресін бірінші болып кесіп, бағалы сыйлықты қанжығалады. Сахнаға шығып, ізгі тілегін ақтарған облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли осы сынды шаралар үздіксіз өткізіле беретіні, ақынның туған топырығында да осындай игі істер ұйымдастырылатынын тілге тиек етті.

Дәстүрлі ән номинациясы бойынша Алматы облысының өнерпазы Есбол Шаңбаева бас жүлдені ұтып, 500 мың теңге иеленді. Жетісулық Нариман Абдрахманов пен Шымкент қаласынан Қылышбек Сынабай бірінші орыннан көрініп, 200 мың теңгеден алды. Алматы облысынынан шыққан Ақжол Өсербай мен Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Еркебұлан Қарыпов екінші орынды иеленіп, 150 мың теңгемен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласынан қатысқан Айбала Бейсенова мен Түркістан облысынан келген Алмас Қырғызалиев үшінші орынды қанағат тұтып, 100 мың теңгеден алды.

Эстрадалық ән номинациясы бойынша жетісулық Назерке Нұраддинова бас жүлдені ұтса, Мәулеш Әбжапаров бірінші орынды иеленді. Атырау облысынан келген дуэт Жалғас Сағындықов пен Ермек Айсынов та бірінші орыннан көрінді. Алматы облысынан қатысқан дуэт Нақыпбек Жарас пен Айдана Ұшмамбетова және Солтүстік Қазақстан облысынан келген Нариман Жолдасбеков екінші орынды иеленді. Үшінші орынды Алматы облысынан бақ сынаған дуэт Әлімбек Бексұлтан мен Ақерке Құрбан және Жамбыл облысынан қатысқан Мәди Шекербеков ұтты. Аталған өнерпаздарға да жоғарыдағыдай ақшалай сыйлық табысталды. Қос номинация бойынша өнерімен ерекше көзге түскендер арнайы жүлде арқалап қайтты.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Дамудың жаңа кезеңі

Дамудың жаңа кезеңі

14.06.2026
Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026
Жазғы туризм қалай жанданады?

Жазғы туризм қалай жанданады?

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.