Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МАЛЫ ҚОҢДЫ

22 қаңтар 2021
РУХАНИЯТ
МАЛЫ ҚОҢДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Табыс көзіне айналған төрт түліктің тұяғын кемітпей, көбейтуге ден қойған малсақ жанның бірі  –  Мұсағали Молдаханұлы. Ол Еркін ауылының іргесіне жақын, аумағы 4 гектар жерді құрайтын шаруашылық алаңындағы мал қорасында етті бағыттағы қазақы ақбас бұқалардың 100-ге жуығын бордақылауда. Бұған қоса, 30 бас жылқыны баптауда.

– Халқымыз үшін малсыз тіршіліктің сәні жоқ. Табиғи өнімдер –  ет пен сүттің, құрт пен майдың қадіріне қайтадан жете бастаған кезде малды өсіріп, өнім алудың маңызы артуда. Менің  қуанатыным, мал шаруашылығына ұлымның да етене жақын боп, бірлесе еңбек етуіміз көп істің ілгерілеуіне себін тигізуде. Немерелерім ержетіп келеді. Олардың сапалы білім алып, спортпен айналысуымен қатар атакәсіпті игеріп, мал танып өсуіне апасы екеуміз бар күшімізді салудамыз. Жесе еті тәтті, ішсе сүті бал төрт түлікті өсіруден ажырамай, ұрпақтан ұрпаққа қалдыру басты парызымыз, – деген Мұсағали Әлімжанов он бес жылдан бері өзі жетекшілік жасайтын «Әлімжанов М.М» шаруа қожалығының ісін ұршықтай иіріп келеді. Жылына 25 тонна ет өткізуді дәстүрге айналдырған. 
Шаруа қожалығының қарамағында 85 гектар егіс алқабы бар. Оның 70 гектарына жүгері, 15 гектарына жоңышқа егіліп, мал азығының берік қорын жасауда. Биылғы қысқа 150 тонна шөп, 70 тонна арпа және 30 тонна жүгері дайындалған. Нәтижесінде малы қоңды. Мал қорасында техниканың түр-түрі тұр. Қыс маусымында жемшөп турайтын, қора тазалайтын техникалары тоқтаусыз жұмыс істеуде. Етті бұқаларды семіртуде мал азығының құнарлы әрі табиғи болуына баса көңіл бөлетінін айтқан Мұсағали Молдаханұлы осы күні 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың жатын орнының жайлы әрі жылы болуына жағдай жасалған.
Ірі қарамен қатар екі түрлі жоғары сұрыпты алма бағын жайқалта өсіріп, одан мол өнім алуға дағдыланған шаруашылық иесі алдағы уақытта асыл тұқымды мал басын көбейтіп, алма бағын кеңейтуге, тіптен, балық шаруашылығын дамытуға құлықты екенін айтты.

Ұлбосын ИСАБЕК
Еркін ауылы,
Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.