Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВҚА — 125 ЖЫЛ

6 желтоқсан 2018
РУХАНИЯТ
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВҚА - 125 ЖЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Ұлттық кітапханасы мен А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Талмай, қайтпай қамал бұзған кемеңгер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Күннің суығына қарамастан Мағжанды сүйетін қауымның конференцияға қалмай келгендігі бізді ерекше қуантты. Шараға ірі ғалымдар, оқушылар, студенттер қатысты.

Арнайы көрмеге М. Жұмабаевтың ХХ ғасырдың басында төте жазумен шығарылған еңбектері қойылды. Олардың ішінде 1922 жылы Орынборда шыққан «Педагогика», 1923 жылы Ташкентте шыққан «Бастауыш мектепте ана тілі», 1926 жылы Мәскеуде шыққан «Сауатты бол!» (ересектердің сауатты болуына қолқабыс болатын кітап), орыс тілінен аудармалары, сондай-ақ, кейінгі құнды еңбектері де қойылды. Мағжан Жұмабаевтың еңбектерін көріп, қолмен ұстап, ақынның энергетикасын сезінгендей болып, көңіл толқып, бойымызда қан ойнады.

Конференция барысында Алаш зерттеушісі, ғалым, профессор Айгүл Ісмақова «Қазақтану және ұлттық код мәселелері» атты баяндамасында М. Жұмабаевтың ұлттық, халықтық педагогикасы туралы тұщымды сөз қозғады. М. Жұмабаевты биікке шығарған отбасылық тәрбие, білім ошақтары туралы айтып берді. Оның жазған «Педагогикасына» жетер педагогика жоқ екендігін, Мағжанның педагогикасын басшылыққа алған адамның отбасында да, бала тәрбиесінде де жетістікке жетерін тілге тиек етті. Ғалым: «Мағжанды керемет ақын деп дәлелдеудің қажеті жоқ, ол әлем классиктерімен қатар тұр», — деген ойымен сөзін қорытты.

Профессор Т. Тебегенов «Мағжан – әлемдік классикалық әдебиеттегі түркі өркениетінің жыршысы», профессор А. Салқынбай «Мағжан өлеңдеріндегі мән», Қыршегір Ахи Эвран университетінің аға оқытушысы Қабадайы Осман «М. Жұмабаевқа қатысты Түркиядағы шаралар», филология ғылымдарының докторы О. Жұбаева «М.Жұмабаев – қазақ тіл біліміндегі инновациялық парадигмалардың негізін қалаушы», магистрант Мырзағали Абай «М. Жұмабаевтың Мәскеудегі шығармашылық қызметі», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Ахмет Әділет «Мағжан шығармалары Татарстанда» атты баяндамалар жасады.

Алаш зиялыларының кітаптарын қазіргі таңға аман-есен жеткізіп, көздің қарашығындай сақтап отырған ҚР Ұлттық кітапханасы ұжымына айтар алғысымыз шексіз.

Д. ПАШАН,

Г. КӨБДЕНОВА

Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

4 қараша 2026
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

4 қараша 2026
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.