Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МҮГЕДЕКТЕР ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ДЕМАЛЫС ОРНЫН КІМ ӨРТЕУІ МҮМКІН?

21 желтоқсан 2020
РУХАНИЯТ
МҮГЕДЕКТЕР ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ДЕМАЛЫС ОРНЫН КІМ ӨРТЕУІ МҮМКІН?
WhatsAppTelegramFacebook

Қапшағай жағалауында орналасқан «Қапшағай самға» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне қарасты «Самға» демалыс орны осы жылдың 5 қазанында отқа оранған болатын. Аталған нысанның иесі Марат Абдулдаев пен қызы Наргиз Бекен өрттің шығу себебіне күдік-күмәнмен қарайды. Олардың ойынша, кәсіпкерлік нысанын әлдекімдер қастандықпен әдейі өртеген. Мәселенің анық-қанығына «Жетісу» газеті үңіліп көрді.

Наргиз Бекен осыған байланысты 20 желтоқсанда әлеуметтік желіде тиісті құзырлы орындардан әлі де жауаптың жоқтығы жөнінде жазба жариялаған еді. Онда: «Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Құматаевтың назарына! Қалалық жағалауда орналасқан, ”Қапшағай самға” мүгедектер қоғамдық бірлестігіне қарасты «САМҒА» демалыс орнын ашу үшін 2016 жылы қаламыздың әкімі болған Талғат Қайнарбеков арнайы жер бөліп берген болатын. Алайда 5 қазан күні, шамамен 14:00-де белгісіз біреулер өртеп кетті. Әкем арбаға танылғанына қарамастан, 2013 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсарту мақсатында тынымсыз еңбек етуде. Қаншама еңбек, қаншама тері бір сәтте күлге айналып кетті. 5 қазан күні Қапшағай қаласының полиция қызметкерлеріне болған жайтқа бей-жай қарамай, әрекет етуін сұрағанбыз. Бір жауап жоқ. Не деген сұмдық?! Екі жарым ай өтті. Өрттің неден, қалай, не себепті болғанын анықтауға тырысқан бір полиция қызметкерін көрмедім. Сол күні келген полиция қызметкерлері: “Мүмкін былай болған шығар. Сіздер өрттің неден шыққанын білмейсіздер ме?» деген негізсіз сұрақтарын өзімізге қойды да, кетіп қалды. Дәл сол жерде мәселені жауып тастағандай болды. Сіз бұл мәселеге бей-жай қарайды деп ойлаймыз. Жауабыңызды күтеміз!» — делінген.

Бір сөзбен айтқанда, 2015 жылы сол кездегі қала әкімі Талғат Қайнарбековтың қолдауымен ашылған «Самға» демалыс орнына біреулер өрт қойды деп күдіктенеді нысан иесі. Наргиз Бекенмен тілдескенімізде ол:

– Өртенген үлкен шатырда үш сәкі, сыртында он отыратын арнайы жер және де ішінде жазға деп жинап қойған заттар болған. Есіктегі құлып бұзылған, сыртында фас-фуд өнімдерінің қалдықтары қалған. Біреудің болғандығы анық, — дейді.

Демалыс орнынан түскен қаржы тікелей мүмкіндігі шектулі жандардың керек-жарағына, ем алатын балаларға жұмсалып отырған. Қыстың суық сәтінде де он отбасын қабылдай алатын мүмкіндігі болған. Ал демалыс орнында ІІ-ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар қызмет көрсеткен. Дәл қазіргі сәтте өртенген заттар мен орындардың жалпы шығыны есептеліп жатыр.

Дәл осы мәселе бойынша Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиевке хабарласқанымызда: «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 204 бабының 1-бөлігі бойынша, яғни, бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себептерін анықтау мақсатында іс бойынша тиісті сараптама тағайындалады. Аталған сараптаманың қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады», — деп жауап берді.

Ал Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Құматаевтың баспасөз хатшысы Ардақ Қасымханова әкімдік істің толық нәтижесіне байланысты әрекет жасайтындығын, қала әкімдігі тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді.

Айта кетейік, Қапшағай қаласындағы алғашқы мүмкіндігі шектеулі жандардан жасақталған «Қапшағай самға» қоғамдық бірлестігі 2013 жылы құрылды. Оған он адам мүше. Бірнеше істі қолға алып, нәтижесі көңіл қуантып келеді. «Самға» атауымен қала ішінде балаларды оңалту орталығы да бар. Бүгінде он үш бала ем алып жатыр.

Серік ҚАНТАЙ

Қапшағай қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.