Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«МІЛІТСӘ ҚАМАП ҚОЯДЫ»: ТАКСИДЕГІ КЕЙУАНА ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН СЫНАДЫ

31 шілде 2019
РУХАНИЯТ
"МІЛІТСӘ ҚАМАП ҚОЯДЫ": ТАКСИДЕГІ КЕЙУАНА ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН СЫНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Құлан ауылынан Тараз қаласына алып баратын таксиге отырғанмын. Жасы сексенді алқымдаған кейуана да жайғасты осы көлікке. Ауылдан шыққаннан әңгімесін бастаған әжейдің сөзінен ана деген ұғымның қасиеттілігіне тағы бір елі тереңдей түскеніміз рас.

— 85 мың теңге пенсия аламын, — деп бастады қария әңгімесін сол сәттегі сөз ауанына қарай.

— Жақсы ғой, апа! — деп жатырмыз бәріміз жамырап.

— Қайдағы, қараң қалғыр! Тоқсан тоғыз тесігі бар жалған тірліктің жамайтын. Мен жиырма бес жыл сауыншы болдым. Сондағы алатыным — 85 мың теңге! Қазір пенсияға шығатындар бір сиыры мен жылқысын беріп, 125 мың теңге пенсия алып жатыр екен, қараң қалғыр. Олар не бітірді десейші? Біз жиырма бес жыл бойы таңғы үштен тұрып, отыз сиыр саудық, отыз сиыр! — дейді үш саусағын көрсетіп.

Қасында отырған тәтей:

— Апа-ау, соны әкімшілікке барып айтпайсыз ба енді? — дейді ғой.

— Бізді кім тыңдайды, қараң қалғыр! Оның үстіне, қазір ондайды айтсаң, мілітсә қамап қояды дейді ғой білетіндер. Бірақ Назарбаиыптың кезінде мұндайды айтқызбайтын еді, қазіргі Президентке кіріп арызыңды айтуға болады екен ғой, — деп бір қайырды әжей.

«Күлсең, кәріге күл» деген, миығымыздан жымиып біз отырмыз. Әй, ақжүрек апаларым-ай! Сәлден соң жолаушылардың бірі:

— Апа, қыдырып жүрсіз бе? — деді.

— Жоға, қараң қалғыр! Қыдырып жүрсем жақсы ғой. Ұлыма келдім Жуалының түкпіріндегі бір ауылдан. Балам Құландағы туберкулезді емдейтін бәлінседе жатыр. Сол бәлінсені 20-шы ағұста жабады дей ме, көшіреді дей ме, соған жол қаражаты керек екен. Пенсиям түгесілмей тұрып, әкеліп бердім. Ол бәлінсе де ауылдан тысқары екен. Әлгі отыз теңгемен вокзалға алып баратын аптобусты тосамын деп тоңып та қалдым. Күн ыстық болғанымен, Құдайдың желі де бар ғой, — дейді кейуана.

Жүйткіген жеңіл көлік қара жолға түсіп, Малдыбайды да артқа тастап барады. Жол жиегіндегі қорымдарға көз қырын салып, ақырын бет сипаймыз. Апам да » Сіздер де біздей болғансыздар. Біз де Сіздердей болармыз. Алла алдарыңнан жарылқасын» деді қос алақанымен жүзін сипай күбірлеп.

Көз алдыма әжейдің қырықты шамалап қалған ұлы елестеді. Ол да ішінен: «Шешемді сонша жерден сабылттым-ау» деп қамығатын болар. Бәлкім, жалғыз ұлы ма екен?..

Асхат РАЙҚҰЛ

«Facebook» парақшасынан алынды

Жамбыл облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.