Талдықорған: -3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МІНЕ, ҚЫЗЫҚ: АДАМ АТА АЛМАТЫДА ӨМІР СҮРГЕН

01.06.2019
РУХАНИЯТ
МІНЕ, ҚЫЗЫҚ: АДАМ АТА АЛМАТЫДА ӨМІР СҮРГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Бішкектен Қарақолға дейінгі аралық 500 шақырымға жуық. Былайша жеңіл көлікке аса алыс жол емес. Бірақ арысы Америка мен Жапон және Австралиядан, берісі Ресей мен Орталық Азия елдерінен жиналған тарихшы ғалымдар мінген автобус жаймен жылжып келеді. Жүргенінен тоқтағаны көп. Көбіміз бұл жолмен алғаш жүріп бара жатқандықтан таулы табиғатқа таңдана қараймыз. Ал автобустың іші гу-гу әңгіме. Сан тілде сан түрлі тарихи әңгіме айтылып жатыр. Арасында әзілдер де жылт ете қалады. Сондай сәттің бірінде Адам ата жайлы әңгіме қозғалды.

Әрине, әркім әртүрлі пікір білдірді. Ондайдан қалысайын ба, мен де кірісіп кеттім: «Адам атаның түп мекені Алматы болатын», — деп салдым әзілдеп. Оны бірі күлкіге, енді бірі күңкілге айналдырды.

— Иә, солай болған, — деймін берілмей.

— Нендей дәлелің бар? — деді олар. Тарихшылармен тек дәлелмен сөйлесу керегін білемін.

— Бәріңіз білесіздер, қасиетті кітаптарда көрсетілгендей, аталарымыздың аңыздарында айтылғандай, Адам ата жұмақтан жеуге тыйым салынған алманы азғыруға алданып, жеп қойған соң жайлы пейіштен қуылады. Алманың көп өскен мекені — Іле Алатауының баурайындағы Алматы мен Жетісу Алатауының бойындағы Сарқан өңірі. Әлемде «Алматының алмасы» деген бренд бар. Пекиннің, Мәскеудің, Лондонның, Париждің, Вашингтонның, Сиднейдің, Тәшкеннің, Бішкектің алмасы деген атау жоқ. Алманың мекені — Алматы, оны жер аты да Алма ата деп айтып тұр. Демек, Адам ата пейіштен қуылған соң алмасы көп Алматыда өмір сүруі мүмкін. Сондықтан, Алматы — адамзат өркениетінің алғашқы басталған жері, — деп түйдім ойымды.

Көпшілік қарсы пікір айтпай қалды.

— Онда, сен арамыздағы Адам атаның баласы болдың, — деп әзілдеді әріптестерімнің бірі. Бірер сағаттан бері бәрі Қажет деген атымды тергеп, «Адам атаның баласы» деп әзілдеп шақыратын болды. Несі бар, «Жақсы сөз — жарым ырыс» дегендей, осы атауды бүркеншік есімдерімнің қатарына қосып алғым келді.

Бұл жазбамда қандай да бір діни, саяси астар жоқ. Жолаушының сапар үстіндегі әзілі ретінде қабылдағайсыздар.

Сапар барысында келесі тоқтаған нүктеміздің бірі «Мерей бұлағы» деп аталды. Шағын ауылдың шетін ала оқшау орналасқан нысанның сырт келбеті аса әдемі емес. Бірақ ішіне енсеңіз тарихтың біраз құпиясы сыбырлап сөйлей бастайды. Мерей бұлағы дегенге мейірімділік ортасы ма деп қалсақ, оның бауырына бүгіп жатқан сыры көп екен. Айтушылардың әңгімесі бойынша, бұл нысан 1880 жылы салынған. Басында еркектерге арналған монастырь болыпты. Бірақ еркектердің қандай еркектік істегенін самал желге баяу тербелген ағаш, көк майса шөп, сыңғырлар аққан бұлақ айтып бере алған жоқ. Өйткені одарда тіл жоқ қой. Ал бізге: «Бұл жерде 1916 жылы біраз қақтығыс орын алып, монастырьдағылардың біразы өліп, қашып құтылғаны Алматыны паналапты. Кейін жағдай орныққаннан кейін монастыр жұмысын қайта жалғастырыпты. Кеңес кезінде басқа да мақсатқа пайлаланылған орын 1930 жылдары өртке ораныпты. Асқақ Алатаудың мұз құрсанған жотасынан әкелінген бөренелердің мықтылығы ма, жоқ, кездейсоқтық па, бүгінде музейге айналған нысан өртенбей сақталып қалыпты. Қазір балалар үйінің балғындары паналайтын жерге айналды», — деп түсіндірді кешеннің иесі.

Бұл жерде қаншама қырғыз бауырларымыздың қаны төгіліп, нешеме аналарымыздың намысы тапталды екен?! Қырғыз тарихының ақтаңдақтары туралы Қарақол симпозиумында кеңінен талқыланбақ.

Қажет АНДАС,

арнайы «Жетісу» газеті үшін

Бас сурет ғаламтордан алынды

Қырғыз Республикасы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.