Талдықорған: +12°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Намазхана ашудың тәртібі

Еліміздің Конституциясында әрбір азаматтың ар-ождан бостандығына, соның ішінде діни сенім бостандығына құқығы бекітілген. Осыған сәйкес халықтың діни қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің әрбір өңірінде, соның ішінде Жетісу облысында да намазханалар ашу тәжірибесі бар. Алайда оның өзі белгілі талаптар мен заңдық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылады.

24 маусым 2025
РУХАНИЯТ
Намазхана ашудың тәртібі

z-taraz.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Өңірде намазхана ашуға ниетті азаматтар мен мекемелер белгілі шарттарды орындауы тиіс. Әуелі уәкілетті органнан рұқсат алу қажет. Рұқсатты Жетісу облысының дін істері басқармасы діни объектіні заң аясында ашу және оның қызметін реттеу мақсатында береді. Мұнан соң намазхана ашатын ғимарат талапқа сай болғаны абзал. Намазхана ретінде пайдаланылатын үй-жайдың жалпы ауданы кемінде 20 шаршы метр, бірақ 100 шаршы метрден аспауы тиіс. Бұл талап намазхана ішіндегі адамдардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін қойылады.

Үшіншіден, санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Намазхана дәрет алу мүмкіндігі бар санитарлық тораппен (дәретхана және жуынатын орын) қамтамасыз етілуі қажет. Сонымен қатар, нысанның санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ҚР қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сай болуы тиіс. Сонымен қатар, қауіпсіздік ескерілгені жөн. Намазхана бейнебақылау жүйесімен жабдықталуы міндетті.

Мына жайды ескерген абзал, ҚР заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ, Қарулы Күштер, басқа да әскери құрылымдар мен құқық қорғау органдарының аумағында намазхана ашуға тыйым салынады. Бұл шектеу діни қызмет пен мемлекеттік қызметтердің аражігін айқындау және діни бейтараптықты сақтау мақсатында енгізілген. Егер намазхана заң талаптарын бұза отырып ашылса немесе тыйым салынған жерде ұйымдастырылса, онда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-тармағына сәйкес келесі жазалар қолданылады:

  • ескерту жасау немесе жеке тұлғаларға 25 айлық есептік көрсеткіш;
  • заңды тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Ақылбек ДАУЛЕТБЕКҰЛЫ,
«Жетісу облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы»
КММ талдау және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің маман-теологы

Қатысты жаңалықтар

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30
Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Бүгін, 09:24
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.