Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

НАРЫНҚОЛДА ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ МҰЗБАЛАҒЫНА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

3 қазан 2021
РУХАНИЯТ
НАРЫНҚОЛДА ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ МҰЗБАЛАҒЫНА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Мемлекеттік хатшы Қырымбек КӨШЕРБАЕВ Райымбек ауданына келді. Онда ол Хантәңірі мұзбалағының туған жері Қарасазда болып, ауыл тұрғындарымен кездесті, сол сияқты музейге ақынның қобызын тапсырды. Сондай-ақ, осы күні Нарынқол ауылында 50 отбасы жаңа үйдің кілтін алды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Мерейтой аясында Нарынқолдың орталық алаңында Мұқағалидың еңселі ескерткіші ашылды. Мерейтойлық шараға Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ақынның ұлы мен келіні Жұлдыз Мақатаев пен Бақытгүл Айдарова, ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері, Парламент депутаттары, ел зиялылары және аудан жұртшылығы қатысты.

Мерекелік шараны «Хантәңірі» халық театры ақынның өмірі мен шығармашылығын негізге ала отырып дайындаған «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты сахналанған көрінісімен ашты.

Мұнан соң еңселі ескерткіштің лентасы қиылып, ресми ашылу рәсімі атқарылды. Тұғырына қондырылған ақын мүсініне гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді.

Мерейтойлық шараның мән-маңызына Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өз сөзінде кеңінен тоқталды. «Мұқағали — жырдың асыл қазынасы. Ол — өткен мен жаңаның арасын жалғаған алтын көпір. Елбасы мен Президенттің бастамасымен ақынның ғасырлық тойын ЮНЕСКО көлемінде өткізуге ұсыныстар дайындалуда. Той құтты болсын. Халқымыздың рухы Мұқағали жырларындай таза, Хантәңіріндей асқақ, Көлсайдай көрікті болсын», — деген Қ.Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын оқып, табыстады.

Мұнан соң Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, ТҮРКСОЙ ұйымының өкілі Атагелді Күлтегін Мұқағалидың қазақтың ғана емес, тұтас түркі әлемінің, адамзаттың ақыны екенін тілге тиек етіп, тойдың рухани маңызын ерекше атап өтті.

Облыс әкімі Амандық Баталов шекаралық аймаққа көрсетілген қолдауларға тоқталды. Өз сөзінде ол:

— Ақиық ақынымыз Мұқағалидың 90 жылдық мерейтойы үлкен деңгейде аталып өтуде. Президент тойға өз құттықтауын, көпшілікке ыстық сәлемін жолдады. Елбасының қолдауымен екі ауданды бөлу арқылы Райымбек ауданының қайта құрылып, бүгінде гүлденіп жатқанын мақтанышпен айтамыз. Бұл – Тәуелсіздіктің жемісі. Қазір шекаралық аумақтағы ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайы жақсарып келеді, қаншама жаңа нысандар бой көтерді, жаңа үйлер салынды. 500-ден астам отбасы Нарынқолға қайта көшіп келді. Екі жарым мың жас туған жеріне оралды. Мұқағалидай ақыны бар қазақ халқы бақытты. Ақынның рухы жас ұрпақты қолдап жүрсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, — деді А.Баталов.

Парламент депутаты, ақын Мақпал Мыса, Мұқағалидың ұлы Жұлдыз Мақатаев ақын рухына арнап өз өлеңдерін оқыды. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде: «30 жасында қасиетті Қарасаздан елеусіз ғана кеткен Мұқағали араға аттай алпыс жыл салып, 90 жылдығында Аспантауға, Нарынқолға еңселі ескерткіш болып оралды. Құтты болсын! 13 жыл Алматыда тұрды, 2 жыл Мәскеуде, қалған ғұмыры осы Қарасаз-Нарынқолда өткен», — деп жазды. Бұл қола құйманы Мұқағалидың ғана емес, қазақ поэзиясына қойылған ескерткіш деп те ұғынуымыз тиіс.

Бұдан әрі мерейтой орталық алаңда ақынның сөзіне жазылған әндердің Гала-концертімен жалғасты.

Атап өтсек, ескерткішті дайындауға облыстық бюджеттен 61,1 млн.теңге жұмсалды. Жұмысты мердігер ұйым «Тайқазан» ЖШС атқарды. Ескерткіш қоладан құйылған, тұғыры граниттен дайындалған. Жалпы, ескерткіштің биіктігі – 8,2 м, авторы – сәулетші А.Рүстембеков, мүсіншісі – Қ.Кәкімов.

Ескерткіш орнатылған орталық саябақтағы алаңды абаттандыруға зор мән берілген. Осы мақсатқа өңір бюджетінен 70,1 млн.теңге қарастырылып, аумақ көгалдандырылды, суару жүйесі жүргізілді, жарық шамдары орнатылды, шағын сәулеттік формалар қойылды. Сондай-ақ, осы күні Нарынқол ауылында 50 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныс иелеріне тұрғын үй кілттері салтанатты жағдайда тапсырылды. Нарынқол ауылында салына бастаған 83 үйдің 33-і бұған дейін тапсырылған болатын. Ал бүгін жобаның 3 және 4-ші кезеңдері аяқталып, беріліп отыр. Тұрғын үйлерді «Гунн Строй Сервис» ЖШС медігер ұйымы салған, әр үйдің алаңы 100 ш.м, жер учаскесі – 10 сотық. 3 бөлмелі үйлерде суық су, ыстық су жүйесі тартылған, қолайлы өмір сүруге қажетті жағдайлар жасалған. Жобаның жалпы құны – 1,1, млрд.теңге.

Ресми қонақтар осы күні Нарынқолда жаңадан тұрғызылып, пайдалануға берілген спорттық-сауықтыру кешінде болып, оның материалдық-техникалық жағдайымен танысты, жас споршылармен тілдесіп, балаларға ойын доптарын сыйға тартты.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00
Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Бүгін, 12:30
Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Бүгін, 11:48

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.