Талдықорған: +19°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ЖАҢА ФОРМАТТА ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

27.04.2022
РУХАНИЯТ
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ЖАҢА ФОРМАТТА ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

«Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас,
Қамдан, жатпа, заманыңмен хабарлас»,
– деп ынталы адамның кемел келешектің көшбасшысына айналатынын жырымен нұсқап кеткен Ілияс ақынның текті тіркесіне сай білім алып, сан сала бойынша өздерін дамытып келе жатқан жастарға көңіл тоғаяды. Назарбаев зияткерлік мектебі қашанда түрлі шараларды шырайлы етіп өткеріп, шығармашылық танымдарын арттыру мақсатында рухани кездесулерді жаңа форматта ұйымдастырады. Күні кеше ғана жетісулық қаламгерлермен болған «Өнерімді еліме арнаймын» әдеби-шығармашылық кеші соның анық айғағы.

Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің шығармаларын оқуға насихаттау, өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастарды кітап оқуға ынталандыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында әрі «Замандастар жырлары» жобасы аясында өткен кеш арнайы дайындалған көрмені тамашалаумен басталды. Ақын-жазушылардың өмір жолынан сыр шертетін жазбалар, жетістіктері мен кітаптары, портреттері қойылған көрме кеш қонақтарының көңілін толқытқандай көрінді.

Алғашқы болып құттықтау сөз алған Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Виктор Сосин:

– Ғұлама ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы», — деп айтып кеткеніндей, біз жастарға біліммен қатар тәлім-тәрбиенің тұнығын беруге тиіспіз. Ол үшін ұлттың жаны болған әдебиет өнерінде жемісті желкен көтеріп жүрген өздеріңіздей қаламгерлермен қауышып, сүбелі сырларын, терең тағылымдарын тыңдауымыз керек, – дей келе кеш кейіпкерлеріне деген ыстық ықыласын ана тілімізде ақтарыла жеткізді.

Жетісу топырағында туып, мұқым елге шырайлы шығармалары, отты жазбаларымен танылып жүрген ақын-жазышылар, ҚР Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі Жұматай Оспанұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, аудармашы Гүлбақыт Қасен, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жангелді Немеребай, Халықаралық Қазақ ПЕН клубының мүшесі, «Жетісу» телеаранасының бөлім басшысы, «Janr» Жетісу әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын, Республикалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпазы, «Көңіл гүлі», «Алғыс» атты өлеңдер жинағының авторы Азамат Нұрмұхан, Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі, республикалық «Жас Алаш» газетінде прозалық шығармаларға арналған «Қазақ пен қала» проза байқауының жеңімпазы Темірлан Қылышбек кеш кейіпкері болды.

Өз кезегінде әдеби-шығармашылық кешінде аталмыш ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы дайындалған видео көрестелді.

Иә, ерекше форматта өрбіген рухан шара барысында тың дүниелер орын алды. Айталық, «Жыр жазамын жүрегімнен!» айдарында зияткерлік мектеп оқушылары қаламгерлердің шығармасын мазмұндап сурет салып, оны қаламгерлер назарына ұсынды. Бейнелеуөнері туындыларын тамашалаған кеш кейіпкерлері өздерінің шығармасын тауып, оның шығу тарихына тоқталды. Бұл орайда ақын Жұматай Оспанұлы «Жетісудың жеті кереметі», «Қараторғай» өлеңдерін сурет арқылы таныса, Гүбақыт Қасен Дәнеш Рақышевқа арналған поэмасын, Жангелді Немеребай махаббат лирикасын, Есболат Айдабосын «Тибет аруы» әңгімесін, Азамат Нұрмұхан «Астана», Темірлан Қылышбек «Бұрым» шығармаларын тауып, осындай шығармаларды арқау еткен оқушылардың суретшілік шеберлігіне тәнті болды.

Кездесу кешінің «Жыр жазамын жүрегімнен!» бөлімінде қаламгерлер оқушылармен қатар отырып шығарма жазып, белгілі тақырып аясында бедерленген шәкірттердің жазбасын талқылады. Онда сезім мен парасат, мейірімділік пен адалдықты суреттеп жазған жастардың шығармашылық сүрдектегі аяқ алысына риза болған кеш кейіпкерлері ақ батасын бере отырып аздаған кемшіліктерін де астарлап атап өтті.

Ал «Бұлақ көрсең, көзін аш!» бөлімінде аталмыш мектеп қабырғасындағы «Жас қаламгер» клубының мүшелері қаламгерлер алдында өлеңдерін оқыды. Оған кеш қонақтары пікірлерін айтып, кемшілік пен тапқыр тұстарын термелеп, ерекше айшықтады. Бұл аталымдағы үздік деп танылған «Мысал» жанрындағы өлеңді Жұматай Оспанұлы ғасырлық тарихы бар «Жетісу» газетіне беретінін ақжолтайлады. Өлең авторы — Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «В» сынып оқушысы Айбол Жеңіснұр «Шыбын мен ара» деген тақырыппен мынадай мысал өлең жазып шыққан:

Таң бозымен бір ара тозаң жинап,

Көгалға шықты ұшып төмен бойлап.

Жоғары ұшып, ызыңдап, шыбын шықты,

Төмендегі араға бір айғайлап.

 

Келді ұшып. Шыбын деді: Әлің қайда?

Төменде не ғып жүрсің анау сайда?

Одан да кел, көкке ұшып жарысайық,

Көрсетейін ұшқанды осы бойда.

 

Мына мен ғой көк жүзін тіліп ұшқан,

Мына мен желден жылдам, биік құстан.

Ұшқыр деген атымды ел мойындап,

Бас иген барлық жәндік ойланбастан.

 

Деді ара: Жарысың не? Не дейді, ойбай?!

Тозаң жинап жүрмін таңнан қоймай.

Ал саған ескертейін, құлақ салғын,

Жоғары ұшсаң, әкетер іліп торғай.

 

Соны да сөз дейсің бе, — деді шыбын,

Қорықпа, білемін ғой торғай сырын.

Мендей жылдам шыбынға жан ілеспес,

Көрінсе торғай, кетем қашып бұрын.

 

Деп шыбын ұшты биік жұмып көзін,

Есіне де алмады ара сөзін.

Дегенше, бір торғайдың тұмсығына,

«Ұшқыр» шыбын жем етіп ілді өзін.

 

Мақтану, бөсу оңай әр даңғойға,

Қой дегенді ұға ма, ол тоқтай ма?!

Шыбын құсап мақтанып аяғында

Қалмайық біз де жем боп бір торғайға.

Осылайша, кері байланыс орната отырып шырайын тапған шара соңында ақын-жазушылар шығармашылық лабораториясы жөнінде оқушыларға сұхбат береді. Аталмыш мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлминұр Иманбаева рухани шараға келген қонақтарға мектеп ұжымы атынан алғысын жеткізді.

Айта кетерлігі, шара барысында мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, өнерін ортаға салды. Әдеби кездесу Ж.Оспанұлы сөзін, Д.Құрамысов әнін жазған мектептің Гимнімен мәресіне жетті.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

20.06.2025
Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

20.06.2025
Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

20.06.2025
Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

20.06.2025
Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

20.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.