Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨНЕР ТАНЫСТЫРЫП, ӨМІР ТАБЫСТЫРҒАН

25.02.2024
РУХАНИЯТ
ӨНЕР ТАНЫСТЫРЫП, ӨМІР ТАБЫСТЫРҒАН

Өнер таныстырып, өмір табыстырған жандардың ортасында өстім. Олар әр кез сахнаға шыққанда өзімді солардың орнына қойып, арман қанатында самғап ұшқанымды жасырмаймын. Әрине көзімді ашып, ес білгелі сондай ортаны көріп өскен жанның ондай күйді кешуі заңды шығар бәлкім.

Құлыншағым, сен менің қаршадайым,
Қалай сені сағынып, аңсамайын?!
Жабырқасам, жайраңдар сен келгенде,
Ашылғандай алдыңнан жан сарайым.
Құлыншағым, ұрыншағым,
Әлдилеп тербетейін құлыншағым.

Кезіндегі аналар бесіктегі баласына емірене, тебірене отырып айтатын әлдиді шырқаса, мен жоғарыдағы ән жолдарымен еркелеп, бойжеттім. Бұл Серік Қалиевтің сөзіне жазылған, Бағлан Омаровтың әні. Орындаушылары Әбілтай, Сая Есенгелдиновтер. Яғни, менің әкем мен анам. Олардың өнер айдынында қол ұстасып жүргеніне 25 жылдан асты. Осы күнге дейін өмірдің де өнердің де ыстық-суығын бірге көріп келген жандармен сұхбаттасу маған оңайға тиді.

Айдынды Алакөл талай талантты түлетті. Басқасын айтпағанда, қазақтың көрнекті композиторы Теміржан Базарбаев, Мұратхан Егінбаев, күміс көмей, жез таңдай әнші Зейнеп Қойшыбаева дүниеге құнарлы топыраққа Әбілтай мен Саяның да кіндік қаны тамды. Бала жастан екеуі де музыкалық байқауларға қатысып, мектебінің, ауылының абыройын аудандық, облыстық, республикалық деңгейде қорғап жүрді. Әкем орта мектепті бітірген соң, Семейдегі М. Төлебаев атындағы музыкалық училищеге оқуға түсіп, алғашқы ұстазы Серік Малаевтан дәріс алды. Анам Алматыдағы ЖенПУ-дің музыка факультетінде білім алды. Оқуды үздік аяқтап, бала күнгі армандарына бір табан жақындап, туған жеріне ат басын бұрады. Кейін Әбілтай Саядай өміріне серік болған жанды жолықтырып, екі өнерпаз, сыры мен жырын біріктіріп, отау құрады.

Расында, екеуі де бала кездерінен ән мен күй десе ішкен астарын жерге қоятын-ды. Музыкаға махаббаттары ертеден-ақ ашылған екі жастың басын қосқан Алакөл аудандық Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйі.

Әкем бала кезінен музыкаға жақын еді. Өнерге ерте әуестеніп, мектеп қабырғасында жүргенде  «Әнші  бала» деген аты шыққан. Ауылда болатын түрлі концерттер мен шараларға белсене қатысып, көрермен көңілінен шығып, қаршадайынан ауыл арасында танымал бола бастайды.

– Бала кезімде үйге қонақ келсе түннің жарымы болса да әке-шешем оятып алып, ән салғызып қоятын. Ұйқымды бұзғаны үшін бұртиып, жылап отырып ән салатынмын. Бұл да бір естен кетпес естелік. Әрі ондай сәттерде үйде өнерге жақын адам болмағандықтан ән айтып болған соң, түрлі мақтау естіп, өз-өзіме көңілім толып, марқаятынмын. Кейін оқуда жүргенімде Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевпен кездесіп, батасын алдым. Сол кісімен бірге талай концерттерге барып, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаевалармен үлкен сахнада бала Әбілтай болып өнер көрсеттім. Республикалық, облыстық күй байқауларында лауреат атанып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрдім. 2013 жылы Оралда өткен республикалық Донеділ Қажымовтың конкурсына қатысып лауреат атандым. Кейіннен басқа да түрлі байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарды иелендім, – деп әкем естелік айтады.

Ал анам әкесінің жанында жүріп той-томалақтың гүлі де, шуақты күні де болды десем қате айтқаным емес.     

– Әншілікке бала кезімнен құмар болдым. Бұл маған қанмен берілген. Қарапайым қойшының қызымын. Әкем домбыра ойнамаса да, қоңыр дауысымен той-томалақта қара сөздің басын қосып айтысып, отырыстың сәнін кіргізетін еді. Дәнеш Рақышевтың Зарықбек Рақыжанов деген шәкірті Үшарал қаласында тұратын. Кешқұрым құдайы қонақ болып, домбырасын арқалап, малшылардың үйін аралайтын. Үйде қазақтың сал серілерін күткендей ет асып, қарсы алатынбыз. Қызыққаным соншалық таңға дейін әндетіп, халық композиторларының шығармаларын шырқағанда соңғы әнін орындап біткенше отыратынмын. Содан болар құлағыма сіңіріп, бойыма дәстүрлі ән дарыды. 2003 жылдан бастап Семей топырағына барып, дәстүрлі әннің Арқа ән мектебі қалыптасқан жақта Толғанбай Сембаев ағамыздан дәріс алып, қазірге дейінгі уақыттағы қоржындағы әндерімді жинақтадым, – дейді әнші Сая Қабдыкенқызы. Ең алғаш 2003 жылы облыстық Әсет Найманбаев, Әміре Қашаубаев атындағы конкурстарда 1 орын алды. 2003 жылдың соңында Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Біржан салдың топтамаларын біріктіріп республикалық «Атамұра» фестивалінде Ақан сері атындағы 1 орынды иеленген. Бұған дейін дәстүрлі ән айтып машықтанбаған Саяға бұл жеңістері шыңды бағындырғанмен тең еді. Содан бастап, анамның өнер додаларынан жүлдесіз қайтқан кезі болмаған.

2006 жылы жас отбасы елордаға көшіп, ҚР Президенттік Мәдениет орталығына жұмысқа кіреді. Анам Ұлттық дәстүрлі театрдың әншісі, әкем сол театрдағы ансамбльдің домбырашысы болды. Шығармашылық адамдар жан-жақты болатыны рас. Астанада жүрген сәттері анам «Ұлбике» атты музыкалық трагедиясының кастигінен өтіп, басты рөліне ілігіп, 44 әнді 1 айдың ішінде жаттаған. Сол кезде өзін актерлік қырынан танытып, халықты өнерімен тәнті етті.

2008  жылдың күзінде жас отбасы жер жаннаты Жетісуға табан тіреді. Сол кезден бастап қос өнерпаз осы өлкедегі тыңдарманның сүйіктісіне айналды.

– Сүю – бір бағытқа бірге қарау деген сөз. Демек бағытыңнан жаңылтпайтын жанды кезіктіру – үлкен бақыт. Ал өз салаңның майталманы атану үшін, талант пен еңбек аздық етеді. Сол жолда саған сүйеу болатын, таңдауыңды түсінетін, қолдайтын өмірлік серігіңнің болуы да үлкен рөл ойнайды. Талайдың таңдайын қақтырған Сая өзінің табиғи қоңыр дауысымен ән шырқағанда, елең етпейтін адам қалмайтын. Мен оның ең бірінші дауысына ғашық болдым. Кейін өзіне ғашық қылды, – дейді әкем.

Қазіргі таңда Әбілтай Есенгелдинов М. Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінде домбырашы. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында музыка пәнінің мұғалімі. Ал жолдасы Сая облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның жеке дауыстағы әншісі. Сонымен қатар, Қ. Байсейітов атындағы саз-колледжінде дәстүрлі ән бөлімінің меңгерушісі.

– Мен әркез жан-жарымның қолдауымен осы биіктікке көтерілгенімді айтып жүремін. Оның маған деген, өнеріме деген сенімі осы дәрежеге жеткізді. Өнер өз алдына қиын жол. Алайда мен үшін отбасымның ұйытқысы болып отыруым маңызды. Себебі, мен біріншіден анамын, аяулы жармын, кейін ғана әншімін, ұстазбын. Жолдасым өнер адамы болғандықтан осы уақытқа дейін ешқандай конкурстан, концерттен шегерілмедім. Керісінше, мені әр байқауға баруыма ұсыныс тастап, мені шыңдап, өнерімді бағалап отырады. Ән айтқанда қателіктер кетсе, жаймен жеткізіп, көңілі толса, мақтап отырады. Былайша айтқанда өз серігімді таңдауда қателеспегеніме әрдайым көзім жетіп келеді, – деді анам.

Қазіргі таңда қос өнерпаздың репертуарында Бауыржан Есебаевтың «Адасқан менің маралым», Қасымхан Бегмановтың сөзіне жазылған Ілия Жақановтың «Теміртау түні», халық әні «Самалтау», Әсет Бейсеуовтің «Құдалар жыры», Азамат Нұрмұханның сөзіне жазылған Біржан Әлкеевтің «Асыл жарым» сынды әндері бар.

P.S. Оқырманға неліктен әке-шешесін жазып отыр деген ой келер. Алайда, олар менің ата-анам болғаннан емес, таза шығармашылық жолда ойып тұрар орны бар өнер адамдары болғандықтан ой толғағым келді. Өнерлі шаңырақта дүниеге келіп, әкем мен анамның жүріп өткен жолы жайлы жазуым жөн болар?! Бала кезімнен дәстүрлі ән естіп, күмбірлеген күй тыңдап өскен бізде арман жоқ шығар, сірә.

 

Айғаным Айтмұхан

Қатысты жаңалықтар

Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.