Талдықорған: +27°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

НИЕТ ТІЛДЕН ЕМЕС, ЖҮРЕКТЕН ШЫҒУЫ КЕРЕК

02.02.2022
РУХАНИЯТ
НИЕТ ТІЛДЕН ЕМЕС, ЖҮРЕКТЕН ШЫҒУЫ КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

– Құрметбек Сансызбай­ұлы, Отаныңызға келіп атажұртыңызда елмен және де көшіп келген қандас ағайындармен етене жақын араласып қызмет атқарғаныңызға отыз жыл болғанын білеміз. Осы көші-қон саласында қызмет атқарған кезіңізде Отанына оралған ағайындардың келген ортасына бейімделу жолында кездесе беретін жағдаяттарының талайын көрдіңіз. Осы жайында өз ой-пікіріңізді оқырман қауыммен бөліссеңіз. 
– Шетелдерде тұрып жатқан этникалық қазақтардың көбісі өз атажұртында отыр десек еш артықтығы жоқ деуге болады. Себебі, сонау ықылым замандарда саяси шешімдер негізінде қазақтардың байырғы атамекені болып отырған жерлерін сол кездегі Ресей билігі Қытай мен басқа да көршілес елдерге беріп жібергенін тарихтан білеміз. 1723-1725 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» дәуірінен кейінгі жылдары үстемелі салық, халыққа жасалған өктемдік кесірі, қолдан жасалған аштық кезінде жерінен еріксіз ауып, Қытай, Ауғанстан, АҚШ-қа дейін бас сауғалап кеткен қазақтар аз емес. Ал Қытай елінен көрген азаптарына шыдамаған қазақтар Еуропаға бас сауғалап, жартысынан көбі шегарада оққа ұшты. Моңғолия еліне ауып барып қоныстанды. Міне, сол қазақтардың бүгінгі таңда бейре­сми мәліметтер бойынша 44 шет- елде 8 миллионға жеткені ел арасында көп айтылады. Араларында ел басқарып жүрген министр, әкім, депутат, дәрігер, кәсіпкерлер мен ғалымдардың аз еместігі қазақ ұлтының дарын иесі екенінің айғағы. 
Ал бір елден бір елге келіп қоныстануды айтпағанда өз  жерінде отырып, бір елді мекеннен екінші елді мекенге қоныс аударғандардың өздерінің ортаға тез бейімделіп кетуі де ойлағандарындай бола бермейді. Туып-өскен жеріңізден тұла бойыңызға сіңген болмыс, алған іліміңізбен келген ортаға бейімделу ұзақ уақытты талап ететін үрдіс. Бұл жаратылыс заңына қатысты деуге болады. Біз социалистік жүйеден капитализмді аттап коммунизм құрамыз деп 70 жыл ұрандатып жүріп, 1991 жылы аттап өте алмаған капитализм дәуіріне қайтадан еніп кеттік. Осы дәуірге сай келіп, Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, өз билігі өз қолына тиген тұста алыс-жақын шетелдегі қандас ағайындарын жар салып, атажұртына шақырды. Қазақ көші басталды. 
Дәуір ауысқан аумалы-төкпелі заманда патриоттық сезімге бөленген өз болмыс, қабілет, ұстанымдарына қарай үдере көшкен қазақтар келген орталарына парасаттылықпен сіңісіп кетті. Отанынан қандай кәсіп, несібе бұйырды, соған бейімделіп ұрпағын оқытып өсірді. Сол ұрпағының 10-15 жылда келген орталарына бейімделулеріне үлкен себепші болғаны да шындық. Үкіметтің көмегіне жүгінгендерінен гөрі өз күштеріне сеніп, сіңісіп кеткендер санының ресми статистикадан артық екені де ақиқат. Өз күштерімен атакәсіп мал шаруашылығымен айналысып, жеке кәсіпкерлікпен шұғылданып, қаншама ағайынмен бірге жергілікті халықты да жұмыспен қамтып, ел-жұртқа қызмет көрсетіп жүргендері де жетіп артылады. 
Өсірген малын бағатын жайылымдық, жемшөбін дайындап алатын шабындық жер телімін ала алмаса да кәсіптерін тоқтатпады. Шетелден келген ағайындар арасында кириллица әрпін танымайтындары және орыс тілін білмейтіндері де жоқ емес. Ал өзі қазақша жетік білмейтін кадр, маман, мемлекеттік қызметкерлер осындай жандарға қандай қызмет көрсететіні айтпаса да түсінікті. Денсаулықтары бойынша ауруханаларға бара қалса және толық орта, жоғары оқу орындарына түсуі, жұмысқа орналасуы, кәсіптік білімін арттыру үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы кезінде де келеңсіздіктер аз болмады. Мұның бәрін жеңіп, төтеп беруге Отаным, өз елім, ұрпақ болашағы деген сенім, ниеттері серпіліс берді. Яғни, нарықтық қоғамда ешқайсы да көштен қалмады. Ұрпағы өсіп өз ана тілінде білім алып, абыройлы еңбектерімен атажұртында елге таныла бастағаны, ғасырлар бойы армандап кеткен ата-бабаларының аманаты орындалғанының куәсі болғаны ең басты жетістіктері болды дер едім. 
– Елімізге, соның ішінде Алматы облысына қанша қандас ағайын көшіп келіп қоныстанды? Олар еліне не бере алды деп ойлайсыз? Және олардың білім, қабілет мүмкіндіктерін пайдалана алдық па?
– Жуықта ғана мемлекетіміз елге 1 500 000 қандас оралғанын ресми түрде жария етті. Соның ішінде Алматы облысына 220 мыңға жуық қандасымыз тұрақты қоныстанды. Ал осында келгеннен кейінгі өсімін есептеп шығара алсақ, бұл өте үлкен күш. Осы қандастарымыз бұзылмай сақталған салт-дәстүрлерін, тұнып тұрған ана тілін, көшпенді қазақтардың көне құндылық ұлылығын ала келді. Ал ана тілін еркін білмей келсе де елінің ұлттық болмысына сіңісіп кеткендері де бар. Олар бүгіндері ана тілінде еркін сөйлеуді үйренді. 
Өздері келген елдің өркениетті даму жолын, мәдениеті мен құндылығын  өте жетік білетін ағайындар баршылық. Біз осы қасиеттерін ел игілігі үшін пайдалана алмай келеміз. 
Ал ебін тапқан ағайындар осы мүмкіндіктерін шетелдік басқа ұлт өкілдерінің Қазақ елінде еркін жүріп-тұруына, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына ықпал етумен шұғылдануда. Бұл мемлекетіміз бен ұлтымыздың келешек ұрпақ мүддесі үшін қасірет. 
– Құрметбек Сансызбай­ұлы, сіз Алматы облысы бойынша «Қандастар» қоғамдық бірлестігіне жетекшілік етесіз. Мемлекетіміздің саяси бағыт-бағдарламасының ауқымды бір бөлігі көші-қон үрдісі екені баршамызға мәлім. Алдағы уақытта қандай өзгеріс, жаңалықтар болады деп ойлайсыз және қандастармен қалай жұмыс істеп жатырсыздар? 
 – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы көші-қон мәселесінің тікелей өз бақылауында екенін жиі мәлімдеп айтып келеді. Өткенде ел Үкіметіне бір даталы күнді Көші-қон күні ретінде белгілеп өткізуді тапсырды. Енді сол бойынша көптеген іс-шараларды жыл соңында жергілікті атқарушы биліктен талап ететіні де айдан анық. 
Осы жолғы жаңа Үкімет құрамына да көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон мәселесін ретке келтіруді тапсырды. Бүгінгі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына енгізілетін өзгерістер мен Қазақстан Республикасының жаңа көші-қон тұжырымдамасын және әрбір облыста жұмыс істеп тұрған, бұрынғы атауымен айтқанда «оралмандарды бейімдеу орталықтарын» жаңаша жүйелеп, жүзеге асыру бағдарламасын жасап, қағида ережесін дайындап жатқанынан хабардармыз. Осы өзгерістер жария болып Заң күші қолданысқа енген күннен бастап біз де ағайындарға заңнамалық кеңес беріп, кәсіптерін дөңгелентіп алып кетулеріне, ел  дамуына өз үлесін қоса берулеріне, келген орталарына үйлесімді орналасып кету үрдістеріне қолдау танытатын боламыз. «Ниет тілден емес, жүректен шағуы керек» деген қағида жүзеге асқанда ғана ортақ мақсатымыздың оңтайлы шешім табатынын ұмытпауымыз керек. 
– Құрметбек Сансызбайұлы, сіз ақынжанды азаматсыз, шығармашылықпен де айналысып, бес кітап шығардыңыз. Өлең-жыр, мақалаларыңыз негізінен ұлттық құндылық, патриоттық, нарықтық қоғам, жаңа заман жетістіктерін игеруге, соны жастарға дәріптеп, насихаттауға арналып жатады. Сын пікір, ұсынымдарыңызды әсіресе көші-қон үрдісі бойынша жоғарғы билікке ашық жария етіп те жүрсіз. Нәтижесі  бар ма?
– Мен қарапайым қазақ азаматымын. Ел басқарып отырған жоғарғы биліктегі азаматтардың ақылына ақыл қосып, көзқарас, ұстанымдарын өзгерте аламын деп ойламаймын. Бірақ өз қабілетіме, біліміме талант-дарыныма сүйене отырып, кейбір билік өкілдерінің шешімдерінің кең де терең мағыналы болуына әсер етсем деген мақсатпен ел ертеңі үшін деп батылдыққа барып қаламын. Жастарымыз өткеннен тағылым алып, бүгінгі өркениет, даму жолынан қалыспаса, ешқашан ұлттық мүдде, құндылығын ұмытпаса екен, Еуропа, Батысқа, басқа да елдердің құндылығына еліктеп кетпесе екен деген оймен толғанамын. Арқаң қозып кеткенде ашынып та айтатын кездер болады. Бір түсінгенім – кейде қандастарыма ащы шындықты беттеріне басып, қатты айтып жатсам да ренжімейді. Шындықты айттыңыз деп алғысын айтатындары да көп. Кейбіреуі ренжіп, сөз қайырып кетіп қалып, қайтадан кешірім сұрап та жатады. Айтпағым, ащы шындық арзан өтірік пен жағымпаздықтан әлдеқайда әсерлі дер едім. Отыз жылда қандас ағайындардан үйренгенім де, үйреткенім де көп болды деп ойлаймын. Шынайылық бар жерде жаңару да, жаңғыру да толыққанды жүзеге асады. 
Атам қазақта «Шындық деп адамдар өздері сенетін нәрсені айтады» деген тәмсіл бар. Бүгінгі таңда ұлтымыздың әрбір азаматы бір-біріне шынайы болып, мемлекетімізге деген сенімділікті жоғалтпауы шындықтың басты парызы. Осыған ерекше мән беруіміз абзал.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Н. ДОДАБАЙҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026
Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026
Бай, қуатты болайық!

Бай, қуатты болайық!

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.