Талдықорған: +7°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ОТЫҢ ӨШПЕСІН

6 ақпан 2017
РУХАНИЯТ
ОТЫҢ ӨШПЕСІН
WhatsAppTelegramFacebook

“Құс жолында” екі жастың үйлену тойы болып жатыр. Сөзден сарай тұрғызып жүрген асаба жігіт екі жастың құрметіне арнап пісірілген тортты ортаға әкеле жатқанын хабарлады. Кең залдың жарығы түгел өшірілді. Мейрамхана даяшысы қалыңдық пен күйеужігіттің бойымен бірдей етіп пісірілген, бірнеше жерден шаншылған шырағданы бар тортты сән-салтанатпен жеткізді.

Екі жас қолтықтасқан күйі алып тәттіге жақындап келіп той салтының жазылмаған заңымен отшашуды бір мезетте дем алмастан үрлеп өшірді. Зал ду соғылған шапалақтарға көмілді, сол сәтте жарық та берілді. Екі жас бір-біріне мейірлене қарап, өздеріне қадалған сан мың көзден имене ұялып, тортты қос қолдап бөліп жатты. “Бірге таңдаған жолымыз, ендігі бірлескен өміріміз осы торттай дәмді болғай!” – деп екеуі де, жанашыр жақындары да іштей тілеп тұрған шығар. Бәрі жарасымды. Әдемі. БІРАҚ…

ОТ бар жерде – жан бар. От – тірліктің негізі. Қазақ бабам отқа қарап түкірмейді. Отқа, шалаға су құймайды. Отқа су құйса, үй ішін күл басады, күл басса, нас басады. «От иесі қашады. Оттай ыстық жалын суиды. Құштарлық сөнеді», — деп те ырымдаған екен.

Айтпақшы, бірге немесе жетіге толып жатқан балаларымыздың туған күндерінде де тортқа бір немесе жеті балауыз шамды шаншып қойып, оны барынша сән-салтанатты жағдайда үрлеп сөндіру де таңсық емес бүгінде.

ОТ – үйдің жарылқаушысы, шамшырағы. Қазақ жаңа түскен келінге алғаш табалдырықтан аттағанда үлкен үйдегі отқа сәлем бергізеді. Одан соң от басына төселген жұмсақ теріге отырғызады, оттай жайнап, терідей жұмсақ бол деген ырым-тілек екен. Келін отқа сәлем бергенде: «От-ана, Май-ана, жарылқа!» – деп тілек тілейді. Өзге әйелдер отқа май құйып, алақандарын қыздырып алып келіннің бетін сипайды, бұл жүзі жылы, дидары ыстық болсын дегені.

Осындай ырымдарды ескерсек, торттың үстіне жағылған шырақтарды үрлеп сөндіру қаншалықты дұрыс деген ой келді маған…

Нұржамал Әлішеваның  әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды /facebook/.

Қатысты жаңалықтар

Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

Бүгін, 15:43
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00
Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 13:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.