Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ БОЛМАУЫ КЕРЕК. ТАНЫМДЫҚ ШАРА

21 мамыр 2022
РУХАНИЯТ
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ БОЛМАУЫ КЕРЕК. ТАНЫМДЫҚ ШАРА
WhatsAppTelegramFacebook

«Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында «Асыл дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Аталмыш жиынның шымылдығын мың бұралған қыздардың орындауындағы «Томирис» биі ашты. Өз кезегінде алғашқы болып сөзді аталмыш білім ордасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алма Доскенова алды. Ол: «Осы шарада Ардагерлер үйімен біріге отырып, асыл дініміздің рухани бастауымен таныстыруды мақсат еттік. Оқушылардың теріс діни бағыттағы бірлестіктерден аулақ болуы керектігін көрсеткізім келді. Дін мен ғылымның байланысы туралы білімдерін кеңейтіп, өзіміздің ұлттық рухани байлығымызды балалардың санасына сіңіруді көздедік. Түркі қағанаты, сол дәуірдегі тастағы жазу мен өткен ғасырларды ұштастырып, орта ғасыр ғалымдарының еңбектерін дінмен байланыстыра талдадық. Абай атамыздың «Толық адам» идеясын түсіндірдік. Кеңес кезіндегі атеизмді көрсеттік. Сол кездегі қандай құндылықтардан айырылып қалғанымызды жас ұрпаққа ұғындырдық деп ойлаймын. Жалпы, діни сауатсыздықтан оқушыларды арылту керектігін білдіру – негізгі мақсат. Бір ай дайындықтан кейін балаларымыз мүмкіндігінше идеяны жақсы алып шықты деген ойдамын», – деп танымдық кештің мақсат-міндетімен бөлісті.

Рухани шарада халқымыздың діні мен дәстүрін үйлестіріп, тарихымен таныстыратын әл-Фараби, Ахмет Иүгінеки, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иассауидің тағылымды шығармаларынан үзінділер оқылды.

Салтанатты жиында Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұратбек Қожабеков сөз алып: «Бұл 2008 жылдан бері дәстүрге айналып кеткен іс-шара. Ардагерлер үйі осы жердегі 24 мектептің арасында өткізеді. Қыркүйек айынан бері өткізіп келеміз. Әрбір мектепке жеке тақырып беріледі. Сол тақырыпты ашуға тырасады. Сахналық безендіру, киім үлгісіне, шараның ашылуына, мазмұнына мән беріледі. Түркі дүниесінен бастап көрсеткен көріністер мен образдарды жоғары деңгейде деп айта аламын. Ұстаздар мен оқушылардың бүгінгі шараға жауапкершілікпен қарағаны көрініп тұр», – деп өзінің ыстық лебізін жеткізді.

Әдеби кеште Абай мен Мәшһүр Жүсіп айтатын «Толық адам» идеясынан туындаған қойылым көпке өнеге болды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының орындауындағы әуелеген әсем ән мен бармақтарынан бал тамған домбырашылардың өнері де ел назарын өзіне аударды. Шарада облыстық дін істері басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» директорының орынбасары Ерлан Матаев пен тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының  докторанты  Олжас Тұрсынбаевпен сүбелі сұхбат жүргізілді.

Танымдық кеш Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Құрмаш Исмайыловтың ақ батасымен өз мәресіне жетті.

Кәмилла ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

І.Жансүгіров атындағы ЖУ-дың студенті

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.