Талдықорған: +10°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕН ТАРТЫНБАУ КЕРЕК

7 қыркүйек 2024
РУХАНИЯТ
ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕН ТАРТЫНБАУ КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүниежүзілік тенденциялар қатарына  жатады. Балабақшаға баратын балалардың білімге деген зейіні жақсы болып, білім берудің барлық деңгейіндегі жаңа ақпараттарды тез қабылдайды. Заман ағымы болашақ ұрпақ ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде.


Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасынан басталады. Балабақшада балаларға қызығушылықпен көтеріңкі көңіл-күй туғызатын түрлі шығармашылық тақырыпқа толы ашық ақпараттық ортаны пайдалану кеңінен қолданылады. 

Білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Әр кезеңге сай оқыту процесін ұйымдастыру мәселелерді де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап беруге бейімделген. Осындай қиын міндетті шешуде балабақшаның алатын орны ерекше. Себебі, балаларға білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшада қаланады. 

Қазіргі таңда балабақшамызда Монтессори технологиясына көңіл бөлінуде. Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалар қол моторикасын дамытып, өз беттерінше жұмыс атқарып, қиыншылықтарды жеңе білуге, еркін ойлауға дағдыланады. 

Ең алдымен, Монтессори деген не, бұл қайдан шыққан тәрбие термині дегенге түсініктеме беріп өтелік. Заманында Италия топырағында өмірге келген Мария Монтессори 82 жылдық ғұмырында бірқатар ілкімді іске ұйытқы болған. Ол дәрігер һәм педагог ретінде еркін тәрбие идеясын ғылыми түрде дәлелдеген. XIX–XX ғасыр аралығында өмір сүрген оның бірегей педагогикалық жүйесіне есімі беріліп, ол әлемдік ғылым айналымында «Монтессори» технологиясы деген атаумен айшықталды. 

Монтессори бойынша баланың, тұлғаның даму үрдісі 4 деңгейге бөлінеді. Әрбір деңгей өзіндік дамудың бір бөлігін көрсетеді. Балалық шақтың бірінші деңгейі – бала өмірінің маңызды кезеңі, себебі мұнда оның тұлғасы және қабілеттері қалыптасады. М. Монтессори баланың алғашқы үш жылғы өмірін «психологиялық эмбрион» деп атаған. Себебі, бала қоршаған ортаны қабылдап, өзінің оның бір бөлігімін деп есептейді.

Жалпы, біз бүгін әлемдік тәжірибенің толысқан, жемісін берген, ғылыми түрде нақты дәлелденген кезеңінде ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз. Ендеше, ел ертеңі – жас ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ойлау қабілеті мен біліміне байланысты  екенін ескеріп, біз де әлемдік озық тәжірибеден қашпауымыз керек. Бүгінде жан-жақты дамыған, тұлға ретінде қалыптасқан ұрпақ қалыптастыруға ең алдымен ұлттық тәрбие керек болса, одан кейін Монтессори технологиясы секілді озық тәжірибелер де керегін атап өткен жөн. 

Аделям ЕЗБАЕВА,
 «Бөбек» балабақшасының 
тәрбиешісі
Атамекен  ауылы, 
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бекиев Қайрат Ботайұлы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бекиев Қайрат Ботайұлы

Бүгін, 17:33
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы

Бүгін, 17:28
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Бүгін, 17:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.