Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ 10 ЖАСАР ОҚУШЫНЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАДЫ

17 тамыз 2020
РУХАНИЯТ
ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ 10 ЖАСАР ОҚУШЫНЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданында учаскелік полиция инспекторы көпбалалы отбасындағы оқушыға сыйлық жасады. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда Сарқан қаласының учаскелік полиция испекторы, полиция аға лейтенанты Серікжан Райымбеков көпбалалы отбасына барып, 10 жасар оқушыға қуаныш сыйлады. Ол онлайн білім алу жоспарланғандықтан, бүлдіршін армандаған смартфонды сыйға тартты.

— Бұл отбасы – менің учаскемдегі көпбалалы отбасылардың бірі. Аналары кетіп қалғандықтан, бала тәрбиесімен 2-топтағы мүгедектігі бар әкесі айналысады. Осы отбасының балалары өзгеге деген кішіпейілділігімен, тәрбиесімен және білімге деген құштарлығымен ерекшеленеді. Отбасына барған кезде оқушы балалар әкелерінің телефонымен кезектесіп сабақ оқып отырғанын көрдім. Сондықтан, жаңа оқу жылына орай отбасындағы 3-сыныпқа барған Б.есімді оқушыға өз атымнан смартфон сыйлағанды жөн деп шештім. Жаңа телефон баланың көңіл-күйін көтеріп, жаңа оқу жылындағы сабақ үлгерімін жақсартады деп сенем, — деді полиция аға лейтенанты Серікжан Райымбеков.

Күтпеген сыйлыққа ризашылығын білдірген көпбалалы әке қиын шақта көмек қолын созған аудандық полиция басшылығына шексіз алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі.

Сарқан ауданы полиция бөлімі басшылығының айтуынша, 10 жылдан артық ішкі істер органдарында қызмет еткен Серікжан Райымбеков жақсы көрсеткіштері үшін биыл наурыз айында осы учаскеге учаскелік полиция инспекторы болып тағайындалған.

— Аға лейтенант С.Райымбеков – күзет қызметінде, патрульдік полицияда қызмет еткен, бірнеше жыл учаскелік полиция инспекторы болған тәжірибелі офицер, міндетіне адал, қасындағыларға құрметпен қарайтын әріптес, ұл мен қыз тәрбиелеп отырған әке. Өз учаскесінде тұрғындармен тіл табысып, жедел жағдайды бақылауында ұстайтын, жұмыста жақсы көрсеткіштермен көзге түсетін кәсіби маман, — деп атап өтті Сарқан аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция капитаны Ержан Сейденов.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.