Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Қоғамдық көлікте оқушылар орын бермейді

30 қараша 2025
РУХАНИЯТ
Қоғамдық көлікте оқушылар орын бермейді

egemen.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамдық көлікке мінген сайын көкейде бір күрсініс тұрып қалады. Ұстаз болған соң күнде шәкірттермен араласамыз, олардың мінез-құлқын да, мәдениетін де сырттай бақылап жүреміз. Сол себепті болар, автобусқа отырғанда баламызбен жасты оқушылардың қатар-қатар отырып алып, үлкен кісілермен бірге мұғалімдерді де байқамағансып, өтірік ұйықтап немесе телефонға үңіліп кететіні жанға батпай қоймайды.

Бір-екі рет емес, талай мәрте қоғамдық көлікте тұрып барған кездер болды. Жайлы орынды иемденіп отырған оқушылардың жанарынан «орын берсем бе екен?» деген ойды да байқамадық.

Облыстық «Jetіsý» газетінің №126 санында жарық көрген журналист Санжар Сұлтанғазының «Орын беріңіз, оқушы!» атты мақаласын оқып, қатты ойландым. Мақалада жастардың қоғамдық орында өзінен үлкенге сый-құрмет көрсетпеуі, «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген қағиданың көмескіленгені шынайы әрі әсерлі жазылған. Әр сөйлемі қазіргі қоғамның жарасын дөп басады.

Расында да, Санжар Сұлтанғазы соңғы кездері «Оймақтай ой», «Айтарым бар», «Айтар мезет» айдарларында қоғамдық түйткілдерді салмақты көтеріп жүр. Бұл мақаласы да сол сарында жазылған түйіні терең, ойы орнықты дүние. Ұрпақ тәрбиесі дегенде ешкім сырт қалмауы тиіс екенін еске салады.

Өкінішке қарай, бүгінде ата-аналардың өзі баласына «орныңды бер» деп айтуды ұмытып барады. Ал балалар «шаршадым» деген жалған түсінікпен кішіпейілділік, қайырымдылық секілді қасиеттерден алыстап бара жатқандай. Бұл, әрине, мектептегі ғана емес, үйдегі тәрбиеге де тікелей қатысты.

Ұстаз ретінде айтарым – орын беру үлкенге деген құрметтің, қоғам алдындағы мәдениеттің көрсеткіші. Кішкентай ізеттен үлкен адамдық қалыптасады. Егер әр ата-ана мен мұғалім осыны бір сәтке де назардан тыс қалдырмаса, қоғамдық көліктегі мәдениет те түзелер еді.

Журналист көтерген мәселеге тоқталсақ, бұл жағдай қоғам болып ойланатын үлкен түйткіл. Ендеше, мақаланы оқыған әр жас, әр ата-ана, әр мұғалім бір сабақ алса екен деймін.

Данагүл ҚОЙҒАРИНА,
15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінінің мұғалімі

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 20:06
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін, 19:43
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Бүгін, 19:39
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.