Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ұрпақ санасын улаған вандализм

19 сәуір 2025
РУХАНИЯТ
Ұрпақ санасын улаған вандализм
WhatsAppTelegramFacebook

Көшеге шықсақ болды, көзімізге әйнегі сынып, төбесі опырылған аялдамалар, қаңтарылған қоқыс салғыш жәшіктер ілінеді. Одан қалды тұрғындардың тынығуына арналған орындықтардың сынып жатқанын байқаймыз. Мұның барлығы, әрине, жойқын жарылыстан немесе табиғи апаттан емес. Адами апаттан келіп жатқан кесел. Көз көріп, көңіл құлазып жүрген жайттарды өзіміздің замандастарымыз істеп жатқандығы қынжылтады. Жастар арасындағы жүгенсіздікті үлкендер де сан мәрте айтып жүргені мәлім. 

Осындайда біздегі «вандализмнің қоғамдық кеселге айналмас үшін не істеу керек?» деген заңды сауал туындайды. Қатаң жазалау керек десек, өткен жылы елімізде вандализмге қатысты жауапкершілікті қатаңдату бойынша арнайы заң қабылданған. Оған дейін де Мемлекет басшысы тәртіп бұзушылықпен күресу қажеттігін айтып атқарушы органдарға пәрмен бергені бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтай отырысында вандализм мәселесін қозғай келе, біздегі жағдайды тілге тиек етті. 

– Тағы бір кесел, бұл – вандализм. Өкінішке қарай, қоғамдық мүліктен бастап, мыңжылдық мәдени мұраларға дейін – бәрін жаппай бүлдіру кейінгі кезде әдетке айналған. Бурабайдағы Жұмбақтасты, Баянауылдағы Кемпіртасты қараңыздар. Ең жауһар жерлеріміздің сұлулығы шимайдың астында қалып жатыр. Үйдегі лифтіні, ауладағы ойын алаңын, көшедегі аялдаманы қиратудың қандай қисыны бар?! Мұның бәрі барып тұрған тәртіпсіздік, мәдениетсіздік, – деді Мемлекет басшысы.

Вандалдық әрекет жасағандарды 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту қарастырылған. Тәртіп те, талап та өз күшін жоймауы тиіс. Ресми дерекке сүйенсек, Қазақстанда вандализмнен келетін шығын жылына 500 миллион теңгеден асып жығылатын көрінеді. Бұл мемлекетке де, жеке адамдарға да айтарлықтай экономикалық зиян келтірері сөзсіз. Ең ауыр қастандық – ұлт мәдениетіне жасалған қадам. Сондықтан, сіз бен біз қоғам мүлкін көзіміздің қарашығындай қорғай білу керекпіз. 

Нарғыз ИБРАИМОВА,
І. Жансүгіров атындағы ЖУ студенті

Фото: pexels

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.