Талдықорған: +6°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Рух сезім сілкінісімен жаңғырады

10 қазан 2017
РУХАНИЯТ
Рух сезім сілкінісімен жаңғырады
WhatsAppTelegramFacebook

Рухы күшті елдің келешегі жарқын. Бұл тұжырымның аясында айдарлы Алаш ұрпағының арман тілегі, өткеннен қанға сіңген салт-дәстүрі, келешекке деген құштарлығы топтасқан. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында негізінен халықтың осы тұрғыдағы сезім сілкінісін ояту көзделген.

 Жүздеген жылдарға созылған тарих толқынында бұйығыланған рухани сезімді жаңғырту оңай іс емес. Сондықтан да еліміздегі зиялы қауым, облыс, аудандардағы үгіт-насихат топтары қарапайым халыққа Тәуелсіздігі тұғырланған мемлекеттің жаңа даму үрдісі басталғанын, Елбасының орайлы ойын тірек етіп, жан-жақты жаңғыруды тілге тиек етіп, бағдарлы жұмыс жасауда.

 Жақында облыстағы дін істері басқармасының ұйытқы болуымен «Рухани керуен» тобы жазиралы Жаркент өңіріне келді.Топ құрамында облыстық дін басқармасы, «Нұр Отан» партиясы, медицина, және әлеуметтік сала, БАҚ қызметкерлері, имамдар және өнер ұжымдарының өкілдері бар.

 Ауқымды шара алдымен Жаркент қаласындағы аудандық Мәдениет үйінің алдында 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінің құрбандары, жаркенттік жалынды жастар Ербол Сыпатаев пен Ләззат Асановаға арналып қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Тәуелсіздікті аңсаған қазақ жастарының асқақ рухына құрмет көрсетумен басталды.

 Керуен мүшелері бұдан соң Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің жиынжайында өздерін күтіп отырған аудан активімен кездесті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Роза Мағрупова кіріспе сөз сөйлеп ашып, бас қосқан қауымға керуен мүшелерін таныстырды. Алғашқы сөз облыстық дін істері басқармасының басшысы Рақмет Есдәулетовке ұсынылды, «Рухани керуен» жұмыс тобының жетекшісі жиналған жұртқа Елбасы мақаласының мазмұны мен мәнін, мақсатын жүйелі әңгімесімен баяндады. Жиында топ мүшелері Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебекова, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Оразбаев, Панфилов ауданының Құрметті азаматы Шәріпхан қажы Тұрғанов сөз сөйлеп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын байыпты бағдарлы мақсаттарды салиқалы ойларға жіктеп, салмақты мысалдармен тарақтап жеткізді. Сөз сөйлеушілердің орамды ой, толғанысты сезіммен өрілген әңгімелері залға жиналған қауымды ұйытып, көңілге серпіліс сыйлағанын аңғардық.

 Кездесу соңы концертік бағдарламаға ұласып, оған жергілікті өнерпаздармен бірге облыс орталығынан келген жұмыс тобының мүшелері жыршы, термеші Әбіш Әділбеков, дәстүрлі әнші Кенжекей Ақжолова да ән, жырларымен шашу шашты. Бұдан соң осы колледжде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: ел ертеңінің бастауы» тақырыбында студенттердің зиялы қауым өкілдерімен кездесуі, аудандық жұмыспен қамту орталығында «Рухани жаңғыру: жарқын істердің бастамасы» деген тақырыпта деструктивке шалдыққан отбасы мүшелерін қоғамға бейімдеу бойынша әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын қарастыру, аудандық ауруханада «Денсаулық – болашақ кепілі» тақырыбында діни нанымына байланысты себептермен екпе, қан құюдан бас тартқан азаматтармен жұмыс жасалды. Жұмыс тобы мүшелерінің тағы бір қатары аудан ақсақалдарымен жүздесу өткізсе, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің жиынжайында «Ақпараттық түсіндіру жұмысы – діни сауаттылықты арттырып, рухани байлығымызды дәріптейді» деген тақырыпта өңір тұрғындарымен дінтанушы Тимур Нүсіпханұлы ақпараттық түсіндіру жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.

 Облыс орталығынан келген «Рухани керуен» көпшіліктің көңілінде көрікті ой қалдырды. Кездесулер барысында толғақты мәселелер қозғалып, толымды ой өрген топ мүшелеріне жергілікті халық алғыс айтып, сапарларына сәттілік тіледі.

 Мырзағали НҰРСЕЙІТ.

 Жаркент қаласы.

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.