Талдықорған: +31°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

САРҚАНДА АТОЙЛАП ТҰРҒАН АЛДИЯР БАТЫРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

09.11.2021
РУХАНИЯТ
САРҚАНДА АТОЙЛАП ТҰРҒАН АЛДИЯР БАТЫРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Өз заманында ел іргесін нығайтып, бірлігін сақтап, уақыт сынына төтеп беріп, тарих сахнасынан өзінің орнын алған Алдияр батыр Тәуке хан тұсында қазақ жерінің бір сүйемін де жау табанына бастырмаймын, қалмақтың адымын аштырмаймын деп атқа қоныпты. Бұған дейін қырғыз елінде батырлығымен танылған ер Алдиярды Тәуке хан беделді елшілер жіберіп шақырып алып, оң жағынан орын беріп, қасарысқан дұшпанды қазақ жеріне қадам бастырмаған өр тұлғаның өжеттігін, мінезінің кесектігін қадір тұтқан көрінеді.

Алты Алаштың ардағы, тарихшы ғалым Мұхаметжан Тынышбаевтың «Қазақ халқының тарихы» еңбегінен батыр бабамыз туралы жазба деректерге қанығып өскен кейінгі буын еларалық, жалпыұлттық тұлғаға ескерткіш орнатуды мақсат тұтқаны анық. Сарқан ауданына кіреберісте биік тұғырдағы Алдияр батыр ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Ақ түсті матамен көмкерілген ескерткіштің екі жағында батырдың киімін киген 2 ер-азамат Құрмет қарауылында тұрды. Сән-салтанаты келіскен ақжаулықты әжелеріміз шашу шашып, ибалы да инабатты қыздарымыз жеті шелпек таратты.

– Тәуелсіздік алғанымыздан бері өткеніміз бен бүгініміз сараланып, болашаққа жол ашылып, ұлы тұлғаларымыздың ұлағатты ерлікке толы істері кеңінен ұлықталып келеді, – деді ескерткіштің салтанатты ашылу тізгінін қолына алған Қазақстанның өнер қайраткері, Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының актері Саят Мерекеұлы. – Елімізде қазақтың бостандығы мен азаттығы жолында азап шеккен тұлғаларға, қазақ елінің бірлігі мен жерінің тұтастығы үшін жанын қиған батыр бабаларымызға ескерткіштер қойылып, олардың есімдері жас ұрпаққа жете танылуда. Осындай игі істер өз жалғасын тауып, бүгінгі күні Сарқан ауданында Алдияр батырдың еңселі ескерткіші бой көтеріп отыр.

Батыр баба ескерткішінің ашылу салтанатында Сарқан ауданының Құрметті азаматы, абыз ақсақал Болат Рахметқалиев бата беріп, Сарқан ауданының әкімі Талғат Қайнарбеков кіріспе сөзінде жұртшылыққа қиын-қыстау кезеңде қалың еліне көшбасшы болған батырдың ерлік жолы жөнінде қысқаша айтып өтті.

Алдияр Елкеұлы шамамен 1641-1712 жылдары ғұмыр кешіп, қазақ-қалмақ соғыстарында есімі аңызға айналған хас батыр. Есімі Садыр руының ұранына айналған. Шыршық өзені жағасында жоңғармен соғыста қаза тауып, Жаңақорғандағы қасиетті Төлегетай, Қылышты ата қорымына жерленген.

«Өсетін ел тарихын таспен жазады, өшетін ел тарихын жаспен жазады», – деп дана халқымыз айтпақшы, ескерткіш бір мезеттік дүние емес, ұрпақтарға қалатын тарихи мұра. Осы мәңгілік мұра аудан тұрғындарының, еліміздің түпкір-түпкірінде тұратын баба ұрпақтарының, жерлестеріміздің демеушілік көмегімен орнатылған. Аудан әкімі Талғат Қанатұлы, ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қадыр Абдрахманов, «Бабалар рухы» қоғамдық қорының төрағасы Жанат Мұқашев Алдияр батыр ескерткішін салтанатты түрде ашып, ескерткішті сомдаған Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, еліміздегі көптеген мүсіндердің авторы Еркін Мақұлбаевтың иығына ұйымдастыру комитеті атынан шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиында Нұр-Сұлтан қаласынан келген генерал-майор Сағатбек Нұрахметов, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Маралтай Райымбекұлы, баба ескерткішінің орнатылуына ұйытқы болған алматылық Жанат Тойшыбеков, Қызылордадан келген бабамыздың ұрпағы Орынбай Ахметов, Талдықорған қаласынан келген қадірлі қонағымыз Болат Молдабеков сөз алып, табанымен шоқ басқан батыр бабамыз жайында тебіреністі лебіздерін ортаға салды.

Жиын қорытындысында ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қадыр Абдрахманов ауқымды жұмысты бір атаның баласындай атқарған барша қауымға алғысын айтып, ақ тілегін ақтарды. Сол күні түсте алыс-жақыннан келген ағайын баба рухына арналған асқа қатысып, танымал қоғамтанушы ғалымдардың, тарихшылардың, жазушылардың ғылыми материалдары мен мақалалары, арнаулар, күйлер, дастандар, өлеңдер мен әндер жинақталған, тарихи тұлғаның, ұлы қазақ қолбасшысының бітім-болмысы сомдалған «Алдияр батыр» кітабының тұсауын кесті. Кешке батыр баба рухын аспандатқан Қазақстан өнер жұлдыздарының концерті болды.

Жомарт ИГІМАН

Сарқан ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Үрімжіде жанданған серіктестік

Үрімжіде жанданған серіктестік

30.06.2026
Жол сапасы қатаң бақылауда

Жол сапасы қатаң бақылауда

30.06.2026
Тарих пәні платформасы

Тарих пәні платформасы

30.06.2026
Жетістігі мол Жаңалық

Жетістігі мол Жаңалық

30.06.2026
Арманға апарар жол

Арманға апарар жол

30.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.