Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«САУНАДАҒЫ СУДЬЯЛАР»: АТЫШУЛЫ БЕЙНЕЖАЗБАҒА БАС ПРОКУРАТУРА ПІКІР БІЛДІРДІ

7 мамыр 2020
РУХАНИЯТ
"САУНАДАҒЫ СУДЬЯЛАР": АТЫШУЛЫ БЕЙНЕЖАЗБАҒА БАС ПРОКУРАТУРА ПІКІР БІЛДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бас прокуратура әлеуметтік желіде тарап кеткен «судьялар мен прокурорлардың» бейнежазбасына қатысты пікір білдірді. Саунада демалған заң қызметкерлеріне қатысты бейнежазба Алматы облысында түсірілген.

«Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында саунада судья мен прокурор түсірілген бейнежазба таралып жатыр. Осы дерек бойынша Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын қорытынды жасамауға кеңес береміз. Оның нәтижелері көпшілікке жеткізіледі», — деді Бас прокуратура өкілдері.

Атышулы бейнежазбаға қатысты Алматы облыстық соты да баспасөз өкілдеріне түсініктеме берді. Онда: «БАҚ және әлеуметтік желіде судьялар мен прокурорлардың карантин кезінде бірге саунаға барғаны туралы видео тарап жатыр. Осыған байланысты түсініктеме беру керек деп есептейміз. Бізге видеоны Б.есімді ер адам түсіргені белгілі. Оның сот жүйесіне еш қатысы жоқ. Бұл ақпаратқа қатысты қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Нәтижесін міндетті түрде жариялаймыз», — делінген. Сондай-ақ соттағылар осыған байланысты алдын ала қорытынды шығармауды және ресми дереккөздердің ақпаратына сенуді сұрады.

Көпшілік талқысына салынған бейнематериалда түсіріп тұрған белгісіз адам: «Жігіттер, бүгін маған Жаркенттен ағам Саян келді, демалып жатырмыз. Барып іштік, енді оны баняға әкелдім. Міне, менің баням, мынау — сот төрағасы. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жігіттері, Алматы мен Астанада ғана демалып жатыр деп ойламаңыздар, біз де демаламыз. Колхозда тұрсақ та, демала аламыз», — дейді. Бейнематериалда Сарыөзектегі сауна екені де айтылады. Кейіннен халыққа бейнематериалдағы «кейіпкерлердің» бірі кешірім сұрағаны, біріккен сыра ішушілер тобын қысқартып айтқаны, содан түсінбестік туғаны мәлімделген ақпарат тарады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.