Талдықорған: -3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Серік ҮМБЕТОВ: «ЕЛБАСЫ — ПАРАСАТ МҰНАРАСЫ»

08.06.2019
РУХАНИЯТ
Серік ҮМБЕТОВ: "ЕЛБАСЫ - ПАРАСАТ МҰНАРАСЫ"
WhatsAppTelegramFacebook

«Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВТІҢ «Дала даналығы» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті.

Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өткен рухани шараның тізгінін «Жетісу» телеарнасының директоры, белгілі журналист Бейсен Құранбек ұстады. Ғұмыры ғибратқа толы Алаш перзентінің жаңа жинағының салмағын, жақұт жазбалардың тереңдігін, ойлылығын, мазмұндылығын маздата айшықтаған кеш жүргізушісі халық қалаулысының асыл қасиеттерін де өз кезегінде тілге тиек етті. Әлқисса сөздің басы руханиятқа қосылған тың туындыны таныстыруға бағытталып, Жетісу өңірінің абыз ақсақалдары Наурыз Қылышбаев пен Аманғазы Шегіров жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімін өткерді.

Ұлт мұрасын сөз өнерінің құдіретті күшімен ұрпаққа жеткізу – жазарман қауымның жазмышына берілген ұлы мүмкіндік. Осы орайда даналар даналығы топтастырылған туындының алғысөзін жазған көрнекті жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Асқар Алтай сөз алды. Ол:

– Кіндігімнің қою қаны Алтайда тамғанымен, Жетісу жері бақытты өмірімнің баспалдағындай көрінетіні бар. Мен үшін балғын буынды қатайтып, биікке құлаш серметкен осы өлкенің қасиеті бөлек. Осы өлкеде туып, ел бақытын көксеген көксеңгірдей асқар жандар жаныма жақын. Тым ыстық. Солардың қатарында, әрине, алты Алаштың аяулы перзентіне айналған Серік Әбікенұлының алар орны ерекше, – дей келе «Тасбақаның тақыры» атты алғашқы әңгімесі жарыққа шыққанда «Жұлдыз» журналына шақырған Мұхтар Мағауиндей заңғар жан екенін, сондай текті тұлғалардың бірі Шерхан Мұртазаның: «Бізде байлықтың бәрі бар, ер байлығы ғана жетіспейді» деген ұлағатты сөзі жадында сақталғанын, осы бір мәні терең сөзге «ер байлығы» деген ұғымға кітап авторын жатқызатындығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, халық қалаулысының азаматтық келбетін ашып, сексеуілдей сеңгір азамат екенін айшықтап, болмысының саф екенін саралайтын көркем тұжырымды сөздерді де көркем жеткізді.

Алғашқы сөз кезегін алған Алматы облысының Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев «Дала даналығы» кітабынан мысал келтіре отырып, «Гүл құдіреті», «Ғажайып сөз» тақырыптық толғамдарына кең көлемде талдау жасаса, «Құрмет» орденінің иегері Аманғазы Шегіров жаңа жинақтың әр тарауында қоғам мен адам жайлы ғажайып дүниелердің бедерленгенін атап өтті. Өз кезегінде облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт автордың адамгершілік қасиетін, ізденгіштігін айшықтап, 10 жылдай қызметтес болған уақытында арда азаматтың бабалар даналығынан жиі сусындайтынын, халық арасынан қазына жиюға барын салатындығын, соның нәтижесінде үшінші кітабы жарық көріп тұрғанын жеткізіп, мысал ретінде Суанның Қарамендесінен шыққан Шәнті бидің оқиғасын тамылжыта жеткізді. Мұнымен қатар Алматы облысы және Талдықорған қаласының Құрметті азаматы Дина Нұрғалиева, белгілі журналист, жазушы, баспагер Ырым Кененбай, «Құрмет» орденінің иегері Ерғазы Қошанбековтер ақжарма тілектерін білдірді.

Өз кезегінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін: «Қарлығаштың қанатымен жеткен жақсы сөз – біздің түп негізіміз», — деп Серік Әбікенұлы жаңа жинағында парасатты пайым жасаған екен. Кешегі Алаш арыстарындай билік пен қасиетті қаламгерлік жолда қатар бедерлеген асыл азаматтың кеудесінен шыққан осынау ғажап сөздің тағылымы тереңде жатыр. Неткен көрегендік! Жақсы ерден ғана жақсы сөз қалады. Міне, осы тұрғыдан келгенде Серік ағамыздың кітабы күллі қазақ оқырманының көңіл төрінен ойып тұрып орын алар ғажайып туынды ретінде бағаланады деп сенемін», — дей келе, ұлт ұстынына айналар ұлы шығармалар тұрғысында, қаламгерлік қасиеттің ерекшелігі жөнінде парасатты пайым жасады. Шешендіктің иіріміне шым батырғандай болған ақын лебізінен кейін Жамбыл ауданынан келген жазушы Виктор Никитин ниетін білдірсе, ақын Марат Құрманұлы жүрегіне ұялаған жыр шумақтарын тебірене оқыды.

Ұлылар ұлағатын дәріптеген, бабалардың ділмарлық ғұмырының нәрлі өзегінен тамған өміршең ұлы сөздерді насихаттаған, өмірден түйген терең философиялық баламалары топтастырылған, «Елбасы – парасаттың мұнарасы», «Адам жанының әлемі», «Қазағым, қасиетті халқым», «Халық айтса, қалт айтпайды» атты 4 тараудан тұратын тың туындының тұсаукесер кешінде «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы Гүлжиян Сүлейменова қорытынды сөз сөйлеп, белгілі журналист Күмісжан Байжан мен жазушы Асқар Алтайға тарту-таралғысын ұсынды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.