Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҮШАРАЛ АУЫЛЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА 30 ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ

17 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
ҮШАРАЛ АУЫЛЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА 30 ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый. Ата-бабамыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, бізге аманаттап кеткен тәуелсіздігін тәу етіп, ұрпаққа жеткізу – міндетіміз. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында республика көлемінде ауыл, аудан, облыс бойынша көптеген іс-шара өткізілуде. Оған Үшарал орта мектебі ұжымы да өз үлесін қосуда. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 түп ағаш» деп мектеп ұжымы ағаш көшеттерін егіп, көгалдандыру жұмысын жалғастырды. Қашықтықтан оқушылар арасында тәрбие сағаттары, сурет көрмесі, шығарма байқауы ұйымдастырылуда.

Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміздің жеткен жетістіктері, бағындырған белестері, Қазақстанды әлем танып мойындауы, міне, осы тарихи шежірені бүгінгі ұрпақ біліп, сезініп өсуі тиіс. Тәуелсіздікке тарту ретінде мектебіміздегі дарынды оқушылар өз жыр-толғауларын арнауда. Сондай оқушылардың бірі – 11-сынып оқушысы Гүлмарал Жаңабай. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған мына өлеңін тебіренбей оқу мүмкін емес:

Отыз жыл Тәуелсіздік төріндеміз, 
Әлі талай биіктерден көрінерміз.
Рухты елім, қазағым, мәңгі жасап, 
Ұрпақтардың жыры боп төгілерміз.

Қаншама тарих жатыр қойнауыңда, 
Ұлы Далам, жазиралы жайлауыңда. 
Сол тарихтың берілген жемісі ғой,
Бүгінгі тәуелсіздік тойлауың да.

Егемендік келмеді ғажаппенен,
Келді қиын-қыстаумен, азаппенен.
Өршіл рухты ата-бабам арқасында,
Танылды атауымыз «қазақ» деген.

Төгілді осы жолда қаншама қан,
Көрсетті батырлығын қаншама жан?!
Аңсауменен егеменді ел болуды, 
Өтті қанша түн мен қаншама таң?!

Өткен талай тарихтың сағасынан,  
Бой көтерген Есілдің жағасынан. 
Салынды бас қаламыз Сарыарқадай,
Кең-байтақ қазағымның даласынан.

Бұл күндері Нұр-Сұлтан астанамыз,
Әсем, сұлу көркіңе шаттанамыз.
Тату-тәтті, бейбіт тыныш, көркем сұлу,  
Бас қаламыз өзіңмен мақтанамыз. 

Тік ұстаған төрткүл дүние терезесін, 
Бүгін елім кең жаяды керегесін. 
Қуанышпен, шаттықпен, мақтанышпен, 
Тойлаудамыз тәуелсіздік мерекесін.

Өлең атты өлкеге өзіндік сапар шегіп жүрген Гүлмаралдың болашағынан зор үміт күтемін. Мектептегі «Жас қалам», «Жас қауырсын» үйірмелерінен шыңдалған шәкіртімнің жетістіктері аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрді. Аудандық, облыстық Әбіш Кекілбаев оқуларының жеңімпазы, «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» атты жазба ақындар мүшәйрасында және «Өнерді ұлықтаған жастар» атты байқаудан Алғыс хат иеленді.

А.Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты «Алтын ғасыр» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жарыста Мақтау қағазы мен арнайы медальмен марапатталды. «Елі сүйген, жерін сүйген Елбасы» республикалық шығармалар байқауының бірінші орын иегері. Гүлмарал Ерсінқызының шығармашылық жолына талмас талап тілей отырып, алар асулары әлі де көп болады деп сенемін.

Гүлнара ҚОЖАХАНОВА,

Үшарал орта мектебінің мұғалімі

Панфилов ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Бүгін, 10:01
Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бүгін, 09:30
13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.