Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ІШІМНЕН ТЕПТІ»: ҚЫСЫМ КӨРГЕН ОҚУШЫ ЕКІ ЖЫЛДАН БЕРІ САБАҚҚА БАРМАҒАН

5 наурыз 2020
РУХАНИЯТ
"ІШІМНЕН ТЕПТІ": ҚЫСЫМ КӨРГЕН ОҚУШЫ ЕКІ ЖЫЛДАН БЕРІ САБАҚҚА БАРМАҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында Әлихан Әйткенов есімді оқушы екі жылдан бері мектепке бармаған. Ауыл баласы соңғы рет мектеп партасына 2018 жылдың ақпан айында, яғни, 4-сыныпта отырған. Ол қазір 6-сыныпта оқуы тиіс еді. Бұл жайында «Қазақпараттың» Алматы облысындағы тілшісі жазды.

Баланың қатарластарынан қалып, сабаққа бармауына сыныптастарының ұрып-соғуы себеп болыпты.

— Мектептен шығып, далада балалармен ойнап жүргенде, артымнан төртеуі келді де, екі қолымнан ұстап, қалған екеуі ішімнен тепті. Содан соң қарға батырды, — дейді оқушы Әлихан Әйткенов. Ол балалардың өзін қорлағанын да жеткізді.

Адам аузы бармайтын жайт Кербұлақ ауданына қарасты Жоламан ауылында болған. Анасының айтуынша, сол күнгі соққыдан баласының ішінен қан кетіп, қан құсып, аудандық ауруханаға жеткізілген.

— Балам бір ай, он күн ауруханада ем алды. Сарыөзекте, кейін Талдықорғанның ауруханасында жатты. Соңында әкімшілік, органдар, білім саласы — бәрі менің өзіме жала жауып, міне, сотқа да шақырып, аналық құқығымнан айырамыз деп, айтпағанды айтты. Үш жылдан бері түрлі қиындықты бастан өткізіп келеміз, — дейді Әлихан Әйткеновтың анасы Әйкен Унимдинова.

Ал Алматы облысы білім басқармасындағылар оқушының мектепке бармауына анасы кінәлі деп санайды. Анасының барлық жауаптылар жазалануы керек деген талабы да негізсіз дейді.

— Жоламан орта мектебінің оқушысы мектепке келмегелі үшінші оқу жылына аяқ басып отыр. Бұл мәселені прокуратура да қарады, сотқа да берілді. «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған балалардың құқығын қорғау жұмыс тобының қарауынан да өтті. Ол кісілермен ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мектеп тарапынан, мектеп әкімшілігі тарапынан балаға ешқандай қысым болып тұрған жоқ. Баланы өз ата-анасы жібермей отыр. Ондағы ата-анасының мектепке қойып отырған талабы — баласының бұрынғы сынып жетекшісін, мектеп басшылығын жұмыстан шығару, — дейді Алматы облыстық білім басқармасы тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Айнагүл Үшкемпірова.

Әлихан екі жылдан бері мектепке бармай, қатарластарынан қалып, үйде анасы екеуі өз бетінше сабақ оқып жүр. Баланың арманы — мектепке бару. Ал анасы жалғыз ұлының қауіпсіздігіне алаңдайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.