Талдықорған: +1°C
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Шындықпен жаны бір

22.02.2026
РУХАНИЯТ
Шындықпен жаны бір
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ әдебиетінің тарихи жады мен рухани болмысын жаңғыртуда ерекше орны бар қаламгерлердің бірі – Бексұлтан Нұржеке-ұлы. Ол көркем сөз арқылы ұлт тарихының терең қатпарларын ашып, елдік сананы оятуға үлес қосқан жазушы. Оның шығармалары өткен мен бүгіннің арасын жалғап, тағдырлар мен адам болмысын тұтастыра бейнелеумен құнды. Жазушы туындыларына тән басты ерекшелік – зеректілік пен көркемдік үйлесім. Ол ел тарихын құры баяндап қана қоймай, кейіпкердің жан дүниесі арқылы шындықты ашады. Осы арқылы оқырманды ойлануға, өткеннен тағылым алуға жетелейді.

Бексұлтан  Нұржеке-ұлының әдеби мұрасы тек көркем дүниелер жиынтығы емес, ол – халық жадын жаңғыртатын рухани құндылық. ХХ ғасырдың екінші жартысында әдебиетке келіп, махаббат, сүйіспеншілік туралы жазған әңгімелері жаңаша серпін берді. Б. Нұржеке-ұлының «Ерлі-зайыптылар», «Күнәлі махаббат», «Күтумен өткен ғұмыр», «Бір өкініш, бір үміт» атты кітаптарын оқырман қауым іздеп жүріп оқитын шығармаларға айналды.

Ұмытпасам 1989 жылдың күзі болу керек. Ақын Тоқбай Исабеков ағамыз өзі басқаратын «Шыған шырақтары» әдебиет пен өнер бірлестігінің мүшелерін Кішішыған ауылындағы Мәдениет үйіне аяқасты жинап, белгілі қаламгер, жерлесіміз Бексұлтан Нұржеке-ұлымен кездесу өткізді. Жиын барысында әдебиет, мәдениет жайлы сөз болып, Бексұлтан ағамыз жергілікті қаламгерлердің шығармашылығымен танысты. Көп уақыт өтпей- ақ, «Шыған шырақтары» мүшелерінің өлеңдері, әңгімелері «Парасат» журналына жарияланды. Бәріміздің қуанышымызда шек жоқ, себебі аудан, әрі кетсе облыстан аса алмай жүрген біз сияқты жандарға бұл үлкен жаңалық болды. Ол кезде Бексұлтан аға «Парасат» журналының бас редакторы еді. Сөйтіп марқұм Исламғали Үркімбайұлын, Тұрдақын Садировты, Нұрәділ Бегімбетовты, марқұм Сүлеймен Керімбековті, Құсайын Бейсебайды, өзге де ақын-жазушыларымызды облыс, республика біле бастады.

Мен сол жылдан бастап Бексұлтан ағаны жақынырақ тани бастадым. Етене жақын араласпасақ та  ара-тұра ауданымыздың түйткілді мәселелерін шешу үшін Бексұлтан ағаға барып, ақылдасып отыратын едік. Бірде ауданымызға белгілі азамат, ел жанашыры, марқұм Нәби Сарпеков маған хабарласып: «Бексұлтан ағамызға барып жолығып қайтайық, шеше алмай тұрған бір мәселе болып тұр» – деді. Ол кезде Нәби «Қазанның 40 жылдығы» атындағы ұжымшарда қызмет істейтін. «Тура айтқан туғанына жақпайды», – демекші Нәби ел, жер, қазақ тілі мәселесі туралы жиналыстарда жиі көтеріп, басшыларға жақпай, қудаланып жүрген кезі болатын. Басыңа іс түскен кезде жаныңа жақын, өзіңе сүйеу болатын адам іздейтінің сөзсіз. Нәби аға да Бексұлтан Нұржеке-ұлын арқа тұтып барған еді. Бексұлтан аға барлық мәселені шешпесе де, оның бір ауыз жылы сөзінен, ағалық айтқан ақылынан Нәби аға  арқаланып қайтты.

Рас, 90-шы жылдары еліміз егемендік алып, арқа-жарқа күй кешіп жатқан кезіміз еді. Тәуелсіздік деген тәтті сөздің дәмін татып, ел-жұрт әр жерде батырлар мен ақындарының тойын өткізіп жатқан. Дәл ос сәтте Бексұлтан Нұржеке-ұлының бастамасы әрі табанды еңбегінің арқасында республика көлемінде Орбұлақ шайқасының 350 жылдығын атап өту мүмкіндігі туды. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1993 жылғы 7 маусымында Орбұлақ шайқасының 350 жылдығына арналған мерейтойды республика көлемінде атап өту туралы Қаулысы шықты. Қаулыда атап көрсеткендей Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы тарих институты, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Білім министрлігі бірлесіп, Алматы қаласында сол жылдың шілдесінде «Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы ұлт-азаттық соғысы» деген тақырыпта ғылыми-теориялық конференция өткізді. Орбұлақ шайқасының 350 жылдығына арналған той Панфилов ауданына қарасты Белжайлау алабында тойланды. 500-ге жуық үй тігілді. «Жақсы істің басына, жақсы келер қасына», – демекші сол жылдары Панфилов ауданын білгір басшы Әділшайық Ыбыраймолдаев  басқарып отырған. Ә. Ыбыраймолдаев бүкіл той шығынын өзі көтеріп, көл-көсір той өткізді. Ең негізгісі – «Орбұлақ шайқасына 350 жыл» деп жазылған белгі тас қойылды. Бексұлтан Нұржеке-ұлының бастамасы жүзеге асты. «Орбұлақ шайқасы» қазақ тарихында қалды. Бұл той халықты рухтандырды, еңсесін көтерді.

Дәнеш Рақышевтің 80 жылдық тойында әнші-сазгердің өткен өмірі, әрбір әннің шығу тарихы туралы Бексұлтан Нұржеке-ұлы дәл бір қасында жүрген әншілердей, музыка зерттеушілері сияқты жоғары деңгейде баяндама жасады. Әнші Әсеттің әндерін Қытай жерінен қазақ еліне алып келіп, қайта түлеткен бұлбұл Дәнеш аға екенін нақты дәлелдермен жеткізді. Бір жылдары Суан руынан тараған ұрпақтар аталарына ас беруі үрдіске айналды. Бөлек батырға ас беретін кезде ауыл ақсақалдары Бексұлтан Нұржеке-ұлына сенім артып, оған баяндама жасауға ұсыныс айтты. Бексұлтан ағамыз бас тартқан жоқ. Үлкен аста батыр Бөлек туралы ел естімеген тың деректермен бөлісті. Бұл, әрине, өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі ғана емес, туған өлкесінің тарихын да түгендеп жүрген жазушы екенін айғақтайтын дүние.

Классик жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлы ақын, сазгер Тоқбай Исабековті ақын ретінде ғана емес, ағасы ретінде де қатты сыйлады. Тоқбай Исабеков ағамыздың 80 жылдығы Жаркентте аталып өтетін болып, бір топ алматылық ақын-жазушыларды бастап келді. Бексұлтан аға келе сала Тоқбай Исабековтің шаңырағына барып Құран оқыды. Осы кезде мерейтойдың өткізілу барысын сұрап, дайындықтың жоқ екенін көрген ағамыз бірден аудан әкімінің орынбасарын шақырып, тойдың бағдарламасын сұраған еді. Аудан әкімі ештеңе айта алмай күмілжіді. Бексұлтан аға ашумен біраз сын айтып, сол кездегі аудан әкімі Махаббат Бигелдиевке сәлем айтты. Аудан әкімдігі түнімен дайындалып, ертесі Тоқбай Исабековтің мерейтойын өз дәрежесінде атап өтті. Ауданның сол кездегі әкімі Махаббат Бигелдиев мінбеде сөз сөйлеп тұрып: «Білмейсің деп Тоқбайды, Бексұлтан ағам боқтайды», – деп өлеңмен өз айыбын жуып-шайған еді.

Ауданымыздың көрнекті ақыны, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Исламғали Үркімбайұлының 60 жылдық мерейтойында Бексұлтан аға ақын інісі туралы шабыттана сөйлеген болатын. Оның әрбір өлеңіне жеке-жеке тоқталып, баға берген еді. «Ауылда да ақын бар», – демекші Алматы сияқты үлкен қалаларға бармай-ақ, туған жерінде жүріп-ақ өлең жазып, қазақ оқырмандарына танымал болған Исламғали Үркімбайұлының өлеңдері туралы сүйсіне айтты.

Бексұлтан Нұржеке-ұлы «Әй, дүние-ай» атты романы үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Романда сонау 1916 жылы Албан руының басынан өткен қиыншылықты Тазабек пен Шәйі арқылы жеткізеді. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде  немересінен айрылған Шәйі «тәуелсіздік» деген қасиетті сөзді естіп, көз жұмады.

Бексұлтан Нұржеке-ұлы туған жеріндегі тарихи орындарды ерекше құрметтейді. Қойбын шатқалының бас жағындағы «Қайшының беліндегі» Ақ күмбез біздің бабаларымыздың мәңгілік мекені. Мұнда Суан тайпасының Солтанқұл руынан шыққан Шыны болыстың күмбезі және айналасында осы ауылдың адамдары жерленген үлкен қорым бар. Осы бабалар жерленген жерді Бексұлтан ағамыз бас болып, кәсіпкер ағамыз Амантай Көдеков қоршап, сауапты іс ақарды. Үшарал мен Көктал ауылының ортасындағы Түрген қорғанын ары-бері өткенде күнде көреміз. Ал бұл Райымбек бабамыздың соңғы шайқасы болған жер екенін көпшілік біле бермейді. Бексұлтан аға осы бір тарихи мекенді қоршау туралы аудан әкімдеріне айтумен келеді. Бір жылдары аудан әкімі болған Махаббат Бигелдиев қорымды қоршауын бастап еді, кейін аяқталмай қалды. Одан кейін Жаркент жерінің тарихына үңілген басқа әкім болған емес.

Бексұлтан Нұржеке-ұлын «Қазақтың Мопассаны», «Махаббат жыршысы» деп жатамыз. Алайда, «Жау жағадан алғанда», «Әй, дүние-ай», «Шыңғысхан» атты романдары Бексұлтан ағаның тарихты да терең зерттеп келе жатқанын көрсетсе керек. Өткен тарихты жазу – шындықты, ақиқатты айту. Бексұлтан Нұржеке-ұлының кредосы, ұстанымы осы. Қандай орта болса да өз ойын ірікпей әділеттілікті, шындықты айтып келеді. Ендеше, 22 ақпанда 85 жасқа толған Қазақстанның халық жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржеке-ұлын мерейлі жасымен құттықтаймыз. Екі ғасырдың куәсі болған ағамызға қалам ұстаған қолыңыздың қары талмай, арамызда алшаң басып жүре беріңіз демекпіз.

Роза ЫСТАЙ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Ерлікке тағзым – елдікке құрмет

Ерлікке тағзым – елдікке құрмет

22.02.2026
Шындықпен жаны бір

Шындықпен жаны бір

22.02.2026
Қазақстандық футболшы Шотландия чемпионатында ойнайды

Исламның Шотландия чемпионатындағы жеңіс голы

22.02.2026
Жәнібек чемпиондықтан айырыла ма?

Жәнібек чемпиондықтан айырыла ма?

22.02.2026
20 жылым 20 күндей өте шықты

20 жылым 20 күндей өте шықты

21.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.