Талдықорған: +34°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Сіз кімсіз: Экстраверт, интроверт әлде амбиверт?

29.05.2025
РУХАНИЯТ
Сіз кімсіз: Экстраверт, интроверт әлде амбиверт?

mir76.ru

Адам табиғаты – күрделі әрі сан қырлы. Біреу көпшіліктің арасында гүлдей құлпырып жүрсе, біреу тыныш бұрышта кітап оқып, өз әлемінен ләззат алады. Ал үшіншілері бұл екі күйдің арасында тепе-теңдік сақтап, жағдайға қарай бейімделіп, еркін әрекет етеді.

Бұл ерекшеліктер психологияда адамның жеке типі ретінде қарастырылады. Әрқайсымыз өз табиғатымызға сай — экстраверт, интроверт немесе амбиверт болуымыз мүмкін.

Экстраверттер – қуат көзі ортада жатқан жандар

Экстраверт адам – өмірге ғашық, шабытпен «тыныстайтын» жан. Олар үшін күнделікті қарбалас – шаршаудың емес, қуаттанудың көзі. Қоғамда, адамдар арасында болу – оларды «жандандырады». Әңгімелесу, танысу, жаңа адамдармен танысу – мұның бәрі олар үшін жай ғана әрекет емес, жан дүниенің бір бөлігіндей.

Экстраверттер эмоцияларын іште сақтамайды. Қуаныштарын да, қиындықтарын да ашық айтып, тез жеңуге тырысады. Сондықтан олар стрессті көп жинамайды.
Мақсат қойса – соған жетпейінше тынбайды. Қиындық кездессе – шегінбейді.
Тәуекелге барып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын да – көбіне осы жандар.

Интроверттер – ішкі әлемге бай, сабырлы жандар

Интроверттер — өз әлемі өзіне жеткілікті адамдар. Олар көп сөйлегеннен гөрі тыңдағанды ұнатады. Ойлары терең, әрекеті байсалды. Олар үшін жалғыздық – әлсіздік емес, керісінше күш жинаудың жолы.

Көпшілікке қосылудан гөрі, өз ойымен оңаша қалып, ішкі үндестікті сезіну олар үшін әлдеқайда құнды. Интроверттер барлық адаммен ашыла бермейді. Бірақ сенім артқан адамына шынайы, адал қатынас жасайды.
Олардың сүйікті істері — кітап оқу, табиғатта серуендеу, шығармашылықпен айналысу.

Амбиверттер – тепе-теңдікті ұстанатындар

Амбиверт – қос әлемнің тамаша үйлесімі. Бұл типтегі адамдар кейде көпшілікпен араласып, ортада жарқырап жүрсе, кейде өзімен-өзі болуға ұмтылады. Олардың мінезі мен көңіл күйі жағдайға байланысты өзгереді. Айнала тыныш болса – олар да тынышталады, ал орта қызу болса – энергияға толып, жарқырай түседі.

Амбиверттердің басты артықшылығы – икемділігі мен бейімділігі. Олар әртүрлі ортаға тез сіңісіп, өздерін ыңғайлы сезіне алады. Бірақ бұл «мәжбүрлікпен араласу» дегенді білдірмейді. Олар шынайы байланыс пен ішкі үндестікті бәрінен жоғары қояды.

Ендеше сіз кімсіз?
Осы сәтте өзіңізге бір-екі сұрақ қойып көріңіз:

Сізді шабыттандыратын не – адамдармен қарым-қатынас па, әлде жалғыздық па?
Қуанышыңызды бөліскіңіз келе ме, әлде іште сақтайсыз ба?
Шулы орта ма, тыныш бұрыш па – қайсысы сізге жайлы?
Өзіңізді тану – өмірді танудың алғашқы қадамы. Ал егер өз табиғатыңызды түсіне білсеңіз, сіз өзіңізге ең қолайлы жолды да таба аласыз.

Өз болмысыңызды құрметтеп, соған сай өмір сүру – ең шынайы бақыттың кілті.
Ал сіз өз кілтіңізді тауып үлгердіңіз бе?

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

17.06.2025
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025
Жанға жайлы саябақ

Жанға жайлы саябақ

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.