Талдықорған: +6°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

СӘЛӘФИЗМ — САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ

10 қыркүйек 2018
РУХАНИЯТ
СӘЛӘФИЗМ - САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
WhatsAppTelegramFacebook

   Ішің қалайша қан жыламайды, жүрегің сыздамайды? Құдды бір Әбіл мен Қабылдың кебі келгендей… Кеше Қазақ еді ғой, алаяқтарға ерді, сәләфи (псевдо салафи) болды, сосын бір-ақ күнде террористке айналып шыға келді. Өз қанын, өз қағынан шыққан қазағын қолы қалтырамастан өлтіре салды. Атты, бауыздады. Өз мемлекетіне қарсы шықты. Демек, кез келген сәләфит кез келген уақытта террористке айнала алады деген тұжырым жасауға әбден болады.

 

   Соңғы террористі өлтірдік деп қуанып жатырмыз… Шын мәнінде өз бауырымызды өлтірдік. Қынадай қырылғандардың бәрі қыршындай жас. Қайдағы жоқ біреулердің азғыруына түсті, ажал құшты. Әулет-жұрағаты болса, қара бет болып қала берді… Ұлттық трагедия!
   Біздің шекеміздің қызарып жүргені де сол. Идеология! Жат идеология! Сәләфизм дін емес, саяси идеология! Әйтпесе, ислам ғана емес, кез келген дінде адамға қиянат жасау туралы бірауыз сөз таба алмайсыз. Адамзат тарихында сан түрлі идеология үшін осы уақытқа шейін миллиондардың қаны қып-қызыл теңіз болып ақты. Ең үлкен соғыстардың көбі идеология үшін болды. Сол үшін аға ініге қарсы келді, бала әкені өлтірді.
   Сәләфизм біздің қоғамға сыналап еніп барады. Қазақ қоғамы оны қабылдау үшін байырғы салт-дәстүрінен бас тартуы керек. Жо, жоқ, ол мүмкін емес! Сондықтан біз «ата-бабаларымыз кәпір болыпты, адасып келіпті», – деп өткенге мүсіркей, жиіркенішпен қарамаймыз. Өткен тарихымызға, бабаларымыздан қалған асыл мұраға мақтанмен қараймыз. 
   Бұл идеология өте қауіпті. Қаншама елді іштен ірітіп, құрдымға жөнелтті. Бұлардың артында үлкен күш бар, үлкен қаржы бар. Ат төбеліндей аз ғана топ солардың қызығын көріп, миссионерлік мақсаты – Отанға сатқындық жасап келеді. Тұтас халықты соңынан ертіп аздырып, қырғынға итермелеп, қалың қазақты бір-біріне қарсы қойып отыр. Нәтижесі, міне, Сирияға, Таяу Шығысқа барып қырылған жастар, өз елімізде өз бауырларын баудай түсіріп, бауыздайтын қаныпезерлер пайда болды. Осы жолда құрбан болғандардың бәрінің қаны ат төбеліндей осылардың мойнында. Жүректі ауыртатын трагедия да осы. Теріс діннің жетегінде кеткен талай жас ата-анасының істеген тамағын жемегені былай тұрсын, оларды ұрып-соғып, «кәпірсің» деп үйінен айдап шығып жатқанын да көріп отырмыз. Әсіресе, батыс өңірлерде.
   Біз жат идеологияға жол бермейміз! Қазақтың қасиетті топырағында саясиланған сәләфилік дәнегінің өсуіне ел болып қарсымыз. Өз құндылығымызға қарсы шығатын жастар өсіріп, солардың қолымен дәстүріміздің тамырына балта шабуға рұқсат етпейміз. Қазақстанда өмір сүргіңіз келмесе, жергілікті билікке, дін басыларына бағынғыңыз келмесе, Әбу-Ханифа мәзһабына мойынсұнғыңыз келмесе, мархабат, арабстанға барыңыз. Әйтпесе, Алты Алаштың ашуын әбден тасытып, шамына тиіп болдыңыздар. 
   Мен бейбіт елде өмір сүруді қалаймын. Біз сан ғасыр бойына  бабаларымыз жандарын шүберекке түйе жүріп аңсаған Мәңгілік Елді құрғымыз келеді. Өзімнің терең тарихыммен қуаттанып, саф алтындай салт-дәстүрімді ұрпағыма өнеге етсем деймін. Тектілігімді өлсем де «арабтыққа» айырбастамаймын!

Дәулеткерей КӘПҰЛЫ.

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.