Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Әсіре діншілдіктің азабы ауыр

28 мамыр 2024
РУХАНИЯТ
Әсіре діншілдіктің азабы ауыр
WhatsAppTelegramFacebook

Хакім Абай  Ахмет Риза медресесінен білім алып, ауылға оралғанда қажы Құнанбай не үйреніп келгенін сұрайды. Сонда бала Абай «Фатиха мен Ықыласты» меңгергенін айтып, сөзін қысқа қайырады. Сонда болыс ұлының жауабына риза болып, ары сөзге тартпайды. Жарықтық, әжем 6-сынып оқып жүргенімде мешітке қуатын. Сондағы «қазір Құран жаттап ал, кейін кеуден піскенде жүрегіне қонбайды» дегені екен. Білімсіз дінге кірсеңіз, балшыққа батасыз. Әсіре діншілдіктің азабы ауыр.

Осыдан оншақты жыл бұрын ауыл-ауылдарды түрлі дін өкілдері аралайтын. Олар қазақ балаларына тәтті беріп, қолына бір кітап ұстатып кетеді. Сөйтсек онысы сектаға қатысы бар құрал екен. Ауыл имамына айтқанымызда, бірден отқа өртеп жіберуді тапсырды. Дінде мәжбүрлік жоқ, біздің бабатаным хақ дініміз Исламды жанына серік еткен. Сыйынар Тәңірі – бір Алла, әруақты да құрметтеген.

Дегенмен қазір уақыттың бет бейнесі өзгерді. Әсіре дінге ұрынып, ұлттың құндылықтарын мансұқтайтын топтар пайда болды. Олар өз қатесін мойындамайды, қайта күшпен болмаса өмір сүру тәсілдерімен елдің арасына іріткі салады. «Дүмше молда дін бұзар» деп түйсінген дана халқымыз әр істі ақылмен бағмдап отырған. Онысы ұлттық болмысына сызат түсірмеу. Қазақ даласында қадым замандарда әсіре дін ұстап, ұшқары кеткен ешкімнің атын естімедік. Бір анығы, өмірін өнегеге толтырған Мұхаммед (с.ғ.с) үмметіміз деп өмір кешіп, дін мәселесінде де сабырлы, салмақты болғаны. Олай дейтініміз қазақ даласын осыған дейін «діни алауыздық болыпты» деген сыбыстың елесі кезбеген. Адамдар дін ұстануды өмірдің өзіндей қабылдап, салт-дәстүрі мен мәдениетіне айналдырып үргірген еді.

Осы ретте қасиетті Құрандағы аяттарға назар салайықшы. «Әуелі  аят-хадис – сөздің басы» десек, Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде «Біз сендерді орта жолды ұстанатын қауым қылдық…», «Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!(де)» деп әмір етіледі. Аталмыш аяттарда адаспай шектен шықпай жүретін бір жолдың (сиратул мустақим) бар екенін, оны Алла сүйетінін аңғарамыз. Пайғамбарымыздың да (с.ғ.с) діншілдік мәселесінде де шектен шығып кетуді құптамайтындығын, байыпты, басалды дін ұстануға насихаттаған мүбәрак хадистерден байқауға болады. «Дінде шектен шықпаңдар! Дінде шектен шығу құрдымға кетіреді», «Еш нәрсеге, тіпті дінге де шектен тыс берілмеңдер. Сіздерден бұрын өткен көп қауым дінге шектен тыс берілгендіктен өкініште қалған».

Қазақ халқы әсіре дінге бой алдырмаған, Құдайын таныған ұлт. Оның ұлылығы да сонда.

Мұхтар Күмісбек
Фото: anatili.kazgazeta.kz 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.