Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Сәрсенбай Қаңтарбай: «Бауыржан Момышұлының солдаты болдым»

25 ақпан 2025
РУХАНИЯТ
Сәрсенбай Қаңтарбай: "Бауыржан Момышұлының солдаты болдым"
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбай Қаңтарбай ақсақалдың шаңырағында болып, құрмет көрсетіп қайтты. 

Сәрсенбай Қаңтарбай  1924 жылы 10 мамырда дүниеге келген. Сәрсенбай қария 1942 жылы әскерге шақыртылып, Аягөзде жасақталған тұңғыш қазақ полкінің құрамына алынған. Автоматшыларды дайындайтын алтыайлық оқу-жаттығудан соң, соғыстың нағыз қайнаған ортасына түседі. Бір жылдан соң, саны сиреген сарбаздар Бауыржан Момышұлы басқарған 9-гвардиялық дивизияға қосылыпты. Оларға сол кездің ең қауіпті әрі құпия қаруын күзету міндеті жүктелген.

— Біз құпияны сақтаймыз деп ант бергенбіз. Ол кезде «Катюша» туралы айтылмайды. Құпия бөлімде болдық. № 49 катюшаны күзеттік. Бір жерде 15 минут тұрады, одан артық тұрмайды. Күндіз тоғайдың ішіне кетіп қалады. Қай жерге жау әскері көп жиналады, соны атады. Бауыржан Момышұлы қатал да, әділ адам ғой. Бұйрық береді. Артыңда Отаның, әке-шешең, елің-жұртың тұр деп жігерлендіреді солдаттарды, — дейді ақсақал сол күндерді еске алып.

9-гвардиялық атқыштар дивизиясының сабында Сәрсенбай ақсақал Польша, Литва, Латвия, Эстония сынды елдерді азат етуге қатысқан. Өмірінің үш жылын майдан даласында өткізген ол Германияға дейін жетеді. Сол мемлекет аумағындағы шайқас кезінде, 1945 жылдың 21 қаңтарында Бауыржан Момышұлымен қатар жараланған. Жаралы солдаттарды ұшаққа салып, Мәскеуге жібереді. Владимир облысы Калчюгин қаласында  емделеді, Жеңісті сол жерде қарсы алады.  Сәрсенбай ақсақал Бауыржан Момышұлымен соғыстан кейін де  дәмдес-тұздас болып жүреді.  

Майдангер елге келген соң, мұғалім және пошташы болып еңбек еткен. Содан болар әлі күнге дейін баспасөзді шолып, радионы тыңдап, телеарнадан жаңалықтарды көруге тырысады. Жүзге жуық немере, шөбере сүйіп отыр.     Сәрсенбай ақсақал қазір кенже немересінің күтімінде.

Биыл аталып өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ұлттық ұланда «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы жүріп жатыр.  Осы іс-шара аясында  соғыс және тыл ардагерлері үшін көптеген игі істер атқарылуда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.