Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«STOP MUSOR»: ӨНЕР ТУЫНДЫСЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

29 шілде 2020
РУХАНИЯТ
"STOP MUSOR": ӨНЕР ТУЫНДЫСЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткенде хлықаралық полиэтилен пакеттерінен бас тарту күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында «StopMusor» әлеуметтік жобасы аясында акция ұйымдастырылғаны туралы жазған едік. Сол жазбада: «Акцияның қорытындысы ретінде жиналған  полиэтилен пакеттерінен қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменова Елордадағы «Жетісу саябағының» «Шарын шатқалы» көрінісінің алдында арт-нысан жасайды», – деп оқырмандарды хабарландырғанбыз. Міне, 29 шілде күні сол жұмыстың нәтижесі көпшілікке таныстырылды.

Акция қаланың үш паркінде 1 және 3-ші  шілде күндері күні бойы өткізіліп, нәтижесінде  4000-нан астам пакет, қосымша эко-бокстар ZETA дүкендеріне орнатылып, шамамен 1500 пакет жиналыпты. Сәуле Сүлейменова сол пакеттердің пайдаланып, көлемі 5*3 метр болатын көркем картина құрастырып шықты.

– «StopMusor»  жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды  кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Бұл жұмыс мынау  қиын уақытта адамдар жанына үміт  сыйлайтынына сенемін. Қоқыс біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Мен түрлі түсті түстерді анық беру үшін түрлі түсті полиэтилен пакеттерін қолданамын. Мен боямаймын, салмаймын, пакеттерді тек түсі мен реңіне қарай таңдаймын, барлық түстерді осы пластикалық қоқыстардан табуға болады, – дейді суретші картинаның ашылу салтанатында.

 Сәуле Сүлейменова осы бағытта жұмыс істейтін суретшілердің бірі. Пакеттерден өнер туындысын жасай отырып, ол азаматтарды экологиялық мәселелер туралы ойлануға және пластиктен барынша бас тартуға шақырады. Ең бастысы, Нұр-Сұлтан қаласының шырайын кіргізіп, жетісулықтар үшін мақтаныш сезімін оятатын «Жетісу саябағы» тағы да бір өнер туындысымен толықты. Ашық аспан астындағы бұл картина енді ары-бері өткен жолаушылар мен саябаққа арнайы келген қонақтардың көз қуанышына айналары анық. Сонымен бірге адамдарға қоршаған ортаны қорғау мен экологияны сақтаудың қажеттілігін ұғындыра бермек.

Қажет Андас

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.