Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«СУ ТЕГІН»: АҚШ ПЕН ҚАЗАҚСТАН МЕЙРАМХАНАЛАРЫНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

1 желтоқсан 2019
РУХАНИЯТ
"СУ ТЕГІН": АҚШ ПЕН ҚАЗАҚСТАН МЕЙРАМХАНАЛАРЫНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанға мықты «мейрамханологтар» керек.

1.Нью-Йоркта байқағаным, мейрамхана бизнесін бастайын деп жатқан кез-келген жан міндетті түрде экономист пен заңгер жалдайды. Басқа нәрсе үшін ақшасын шығарғысы келмесе де олар үшін қаржыны аямайды. 5000 ТЕҢГЕГЕ ЖАЙ ҒАНА КЕҢЕС АЛЫП, САРАПШЫЛАРМЕН АҚЫЛДАСПАЙДЫ.

2.PR жағын «қатыратын» мықты маман іздейді. АҒАЙЫНДАРЫ МЕН ДОСТАРЫНЫҢ БЕРЕКЕТІН АЛЫП «МЫНАНЫ ЖАРНАМАЛАП БЕРШІ» ДЕП СІЛТЕМЕЛЕРДІ СІЛТЕЙ БЕРМЕЙДІ.

3.Қонақжайлылық пен сапалы түрде сервис көрсетудің қыр-сырын жетік меңгерген кәсіби «мейрамханологты» жұмысқа алады. КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР «ТҰЗ ҚАТЫП ҚАЛЫПТЫ. СОРАТЫН ЕМЕС СЕБЕТІН ТҰЗ ӘКЕЛІП БЕРШІ!» — ДЕП ДАЯШЫҒА ЗЕКІМЕЙДІ.

Менің мейрамхана ашқан достарым көп. Олардың тек ақшаны қалт жібермейтін есепшісі ғана бар. Ол да өзінің әйелі. Ресторанға азық-түлік таситын шөпірі туған інісі. Соның кесірінен біразы кафелерін жауып тастап, екінші бизнестің басын қайырып жатыр. Оның да арты жақсы болмайтынына сенімдімін.

«Жә» дедік, енді мен Нью-Йоркта тұрғанда күнде болмасада аптасына үш рет барып, дәмді сорпасын ішіп, қонақтарымды ұялмай апарып жүретін қытай мейрамханасы туралы айтып берейін. Қытай мейрамханасы Нью-Йорктағы 5-даңғыл мен 36-көшенің қилысында орналасқан. Іші — кішігірім. Сыртынан қарасаң мейрамхана емес, кабакқа ұқсайды. Бірақ жайлы. Бағасы да арзан.

Мейрамхана ішіне кіріп үстелге жайғаса бергенде ас мәзірімен қоса су әкеліп береді. Су тегін. «О», — дедім. Қараңыз, кәдімгі қара су тегін. Біздегі мейрамханаларда 0,5 су 400 теңгеден жоғары. Бұл — бірінші.

Тапсырыс берген асыңызды көп етіп салып береді. Ол — екінші.

Үшіндіден, тамақ ішіп болған соң кәдімгі апельсин мен алманы турап алдыңызға қояды. Ол да тегін. Бізде жеміс тіліктеріне қосымша тапсырыс бересің. Бағасы 500 теңгеден асып-жығылады.

Тоқ басып отырғанда даяшы алдыңызға вафли қойып кетеді. Қолмен уатып жіберсеңіз ішінен саусағыңызға ілінер-ілінбес қағаз шығады. Қағазда сізге жігер беретін, өмір сүруге деген құлшынысыңызды оятатын сөздер жазылған. (Анықтағанымдай, егер сіз аталған мейрамханаға сүйген қызыңызбен барып отырсаңыз, қытырлақ вафлидің ішінен махаббат тақырыбындағы афоризмдер шыға келеді. Демек, даяшылар келген қонақтарды бақылап, аңдып жүреді. Кейін ішке барып тек сүйіспеншілік пен іңкәр сезімді «паш ететін» сөздер жазылған парақшаны вафлидің ішіне сала қояды. Досыңызбен барсаңыз достық тақырыбындағы сөз тіркестері тізбектеледі.) Бұл — төртінші.

Ал соңында даяшы кішкентай былғары папкаға түбіртекпен қоса үстелде отырған әр адамға сағыз алып келеді. Сағыз да тегін.

Қорытынды: Мен сөз етіп отырған қытай мейрамханасынан күндіз-түні адам үзілмейді. Түскі мезгілдің нағыз қайнап жатқан уақтына тап болсаңыз ұзын-сонар кезекке тұрасыз. Байқағанымдай, олар тұтынушыларды «ТЕГІН» деген нәрсемен жаулап алып тұр. Тегін дүниені кім жақсы көрмейді?! Жалпы «Free» деген түсінік Америкада өте танымал. (Бәрі тегін болса «банкрот болмай ма?» деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Жоқ, банкрот болмайды. Өйткені тегін заттың да кірісі мен шығысын тірнектеп есептейтін экономист бар).

Кейін дәл сол жерге достарыммен бірнеше рет бардым. Қазір фотодағы сиыр етінен әзірленген сорпаны сіміріп отырғым кеп тұрғанын қарашы.

Тәуірбек БОЗЕКЕНОВ

«Facebook» парақшасынан алынды

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.