Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛАНТЫМЕН ТАНЫЛҒАН ТҰЛҒА

8 желтоқсан 2020
РУХАНИЯТ
ТАЛАНТЫМЕН ТАНЫЛҒАН ТҰЛҒА
WhatsAppTelegramFacebook

Журналист Бейсен Құранбекті «Жас алаш» газетінің тілшісі болып қызмет атқарып жүрген кезінен сырттай танушы едім. Өзі ұйымдастырып, жүргізген «Айтуға оңай» бағдарламасымен танылған білгір, білімді, сауатты тележурналисті 2012 жылы аталмыш бағдарламаға қатысқанымда жақынырақ тани түстім. Бейсен Құранбекті Жетісу жерінің тумасы, талантымен танылған қайталанбас ірі тұлға деп білемін.

Елордамыз Астанада Елбасының қасында жүріп, сыр-сұхбат алған, кейіннен Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры қызметін абыроймен атқарған, үлкенді аға, кішіні іні деп сыйлаған қайырымды, мейірімді азаматтың орны баршамыз үшін тым бөлек. «Айтуға оңай», «Қаракет» бағдарламалары арқылы қилы тағдырлы адамдардың мұңмұқтажын тыңдап, көмек көрсетіп, көптің алғысын арқалады. Бұл көрермен көңілінен шыққан, халықтың есінде мәңгі сақталатын орны бөлек бағдарламалар болды. Бейсеннің осы «Қазақстан» телеарнасынан берілген «Айтуға оңай» бағдарламасына шақыруының арқасында республикаға танылып, ҚР Қорғаныс министрінің «ҚР Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалін алғанымды қалай ұмытайын?! Жақсы адамның өзгелерге тигізер шарапатына осы- лайша өзім де куә болдым емес пе?

Патриоттық тәрбие тұрғысында әр жылдары ауданда бірінші болып семинар, жиындарды өткізуім Бейсен «Жетісу» телеарнасын бас- қарып тұрған кезінде де ескерусіз қалмады. ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы «Жетісу» телеарнасының арнайы шақыруымен аудан, облысқа танымал, жетістігі көп әскери шенді оқытушы ретінде тағы бір бағдарламаның қонағы болдым. Телеарнадан шыққаннан кейін бір ғасырдан аса тарихы бар «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрінұлымен кездестім. Бейсен Құранбектің қабылдауында болып, әртүрлі тақырыпта еркін сөйлесіп, естелік суретке түсіп қайтқаным әлі есімде. Міне, осылайша артына із қалдырған қазақ елінің талантты тележурналисі Бейсен Құранбектің 9 желтоқсандағы туған күні алдағы уақытта облыс деңгейінде аталып өтсе деген ұсыныс айтқым келеді. Бейсенді танитындар, бірге қызметтес болғандар осы ойымды қолдайды деп сенемін.

Әсет КӨШЕРБАЙҰЛЫ,
«Білім беру ісінің үздігі», «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің,
«ҚР Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалінің иегері
Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.