Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Талапшыл ұстаз

15 маусым 2025
РУХАНИЯТ
Талапшыл ұстаз

baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Ұстаз ұстанымының жақсы болмағы керек. Бүгінде жеткіншектердің жан дүниесін түсінетін білікті тәрбиеші педагогтар қоғамға ауадай қажет. Сондай жанның бірі Атамекен ауылындағы А. Розыбакиев атындағы орта мектебінде талай жылдан бері еңбек етіп келе жатқан, қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беріп жүрген Рыскүл Каликова. Ол нағыз өз ісінің маманы.

Өз мамандығын жауапкершілікпен таңдаған Рыскүл шәкірттерінің болашағына бейжай қарамайды. Оқушыларына әр нәрсені ыждағаттылықпен түсіндіреді. Ұйғыр сыныптарына мемлекеттік тілдің қыры мен сырын үйретуден жалыққан емес. Нәтижесінде сапалы білім, саналы тәрбие беріп, ұжымның, ата-аналардың алғысына бөленіп жүр.

Жоғары сыныптарға әдебиеттегі ақын-жазушылардың өмірлерін, қазақтың салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын танытып қана қоймай, талай рет ауданда ашық сабақтар, өнегелі тәрбие сағаттарын өткізді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, білікті маман мектептегі драма үйірмесін де басқаруда. Оқытқан шәкірттері Шұғыла мен Жақсылық қазіргі уақытта жоғары оқу орнында білім алуда. Оның дайындаған оқушылары ауданда өткен «Jaidarman» жарыстарынан бас жүлде, мерекелік жарыстарда мектеп намысын қорғап, Мақтау қағаздарын алды.

Рыскүл қазіргі заман талабына сай жастарға тәлімгер. Ата-аналармен де тығыз байланысып отырады. Жеткіншектерді рухани тәрбиеге бағыттап, әсіресе ер балаларды қайырымдылыққа, азаматтыққа жетелеуде. Жетекшілік қызметті абыроймен атқарып жүрген жан.

Қай уақытта да ұстазға терең білім, үлкен жүрек қажет. Осындай қажеттерді бойына сіңірген ұстаздың еңбегі де бағаланып, Алғыс хат, Мақтау қағаздарымен марапатталды. Рыскүл отбасында аяулы ана. Ұл-қыздары жоғары маман. Жолдасы Тұрғанбай ауылға сыйлы азамат.
Талапшыл да, талантты ұстазға шығармашылық табыс, еңбегіне береке тілеймін.

Тоқтаргүл КИІЗБАЕВА,
зейнеткер ұстаз
Атамекен ауылы,
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05
Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Бүгін, 12:00
Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.