Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӘЛ-ФАРАБИ ТУРАЛЫ ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

22 қазан 2020
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӘЛ-ФАРАБИ ТУРАЛЫ ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда адамзат баласының игілігі жолында жалғанның түрлі жұмбағын шешкен, ғылымның шырағын жаққан ұлы ойшылымыз, әлемнің екінші ұстазы саналған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың образы сомдалды. Ғаламның теңдессіз тұлғасының 1150 жылдығына орай Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрында «Аққан жұлдыз құласа…» туындысы сахналанып, ұлы түркілер дәуірі санада жаңғырды. 

Саф өнердің қазыналы қамбасына қосылар тың туынды сахналанбас бұрын театр қабырғасында баспасөз мәслихаты өтті. Онда Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев, драматург-жазушы, аталған тарихи драманың авторы Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, аталмыш премьераның қоюшы режиссері Сабыралы Кемелбайтегі, театр директоры Руслан Сенкебаев тың туынды жайлы теберене термеледі. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалына тұшымды жауап беріп, ойшыл туралы өз толғамдарымен бөлісті.

Көне мысырлық сарын сахнада әуелеп, ғаламшар жүйесінің айналымына жанар қадаған жас Әбу Насыр әл-Фарабидың ғалам сырына ынтызарлықпен ден қойған тұрпатымен басталған премьера көрерменді бірден ескі заман естеліктерімен баурап алды. Ұлы Аристотельден кейінгі ұстаз саналған ойшылдың тұтас ғұмыры театр тілінде сөйлеп қоя берді. Ғұлама ғалым, философтың жастық шағы, орта кезеңі мен өмірінің соңғы тұсы қойылымда тұтас қамтылды. Ұлы Қыпшақ даласының боз жусаны мен Фараб қаласындағы жалынды жастығына деген аңсары көркем баяндалды. Ойшылдың Бағдат пен Алеппо қаласында ғұмыр кеше жүріп, ғылымның асқақ шыңынан тақ сайлаған кезеңі көңіл толқытты. Қойылымдағы ақылмандар пікірталасының өзі жоғары деңгейде сахналанды.

Айталық, Әбу Насырдың бала кезеңін – Дулат Жарбасов, жас шағын – Жасұлан Заманбеков, кемелденген кезеңін – Серік Нұрхалық ойнап, баба образын шебер сомдады. Қойылымға қатысқан әрбір актер премьераны жоғары деңгейде көрерменге ұсынды. Сейф-Манап рөлін сомдаған Еркебұлан Айдынбаевтың образы асқан шеберлікпен көзге түсті.

Ел көлемінде алғашқы болып Б.Римова атындағы облыстық драма театры Әбу Насыр әл-Фараби бабаға арналған қойылымды сахналады. Саф өнер үшін тарихи сәт саналған осынау қойылым соңында облыс әкімінің оранбасары Рустам Әли жүрекжарды лебізін жеткізді.

– Қойылымның басынан-аяғына дейінгі сарыны, ойшылдардың пәлсапасы, жалпы айтқанда, премьераның әрбір эпизоды көңіл толқытты. Мен Мысыр жерінде білім алған жылдарымды қойылым арқылы санада жаңғырттым. Шығыстанушы маман ретінде бұл қойылымды жоғары деңгейде өтті деп толық айта аламын, – деген Рустам Әлиұлы өз кезгінде театр ұжымына алғысын білдіріп, облыс әкімі Амандық Баталовтың ыстық сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, діни наным-сенім, заманалардың тартысы, ойшылдардың пікірталасы бәрі нақтылы, шынайы сахналанғанын тілге тиек етіп, тарихи драма авторы Жолтай Жұмат-Әлмашұлының, қоюшы режиссер Сабыралы Кемелбайтегі мен Алматы қаласынан арнайы келген театр сыншысы Амангелді Мұқанның иығына оқалы шапан жапты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.