Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ТАРИХИ ЖАУАПКЕРШІЛІК»: НҰР-СҰЛТАНДА «АБАЙ ӘЛЕМІ» ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

30 қазан 2019
РУХАНИЯТ
"ТАРИХИ ЖАУАПКЕРШІЛІК": НҰР-СҰЛТАНДА "АБАЙ ӘЛЕМІ" ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен әл-Фарабидің 1150 және Абайдың 175 жылдық мерейтойларын атап өту бойынша мемлекеттік комиссия отырысы өтті. Селекторлық режимде өрбіген отырысқа аймақ әкімдері де қатысты.

Алдымен Қырымбек Елеуұлы мерейтойларды өткізу жөніндегі екі комиссияның жұмысы мазмұндық жағынан сәйкес келгендіктен және уақытты тиімді пайдалану мақсатында бірге өткізіліп отырғандығын түсіндірді.

— 2020 жыл еліміз үшін ерекше рухани оқиғалар кезеңіне айналғалы отыр. Халқымыздың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен дала данышпаны, адамзаттың екінші ұстазы әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде атап өту біздің елдігімізді, егемендігімізді, мемлекеттігімізді айшықтайтын болады. Ұлыларымызды ұлықтап, даналарымызды төрге оздыру – халқымыздың мерейін үстем ететін игілікті дәстүр. Біз осы ұлы тұлғалар арқылы қазақ даласында ежелден өркениеттің, білім мен ғылымның, әдебиеттің өркен жайғанын бүкіл әлемге жан-жақты паш ететін боламыз. Сондықтан, бұл мерейтойлар бәріміз үшін, әрине, үлкен сын, тарихи жауапкершілік, — деді өз сөзінде Мемлекеттік хатшы.

Отырыстың бірінші бөлігінде Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу мәселелері талқыланды. Онда келесі жылдың 8 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтетіні хабарланды. Ал негізгі мерейтойлық шаралар Абайдың кіндік қаны тамған Семей өңірінде өтеді.

Жоспарларды толық түсіндіру үшін сөз ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевқа берілді.

— Нұр-Сұлтанда Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізуге байланысты қала әкімшілігімен келістік. Қазір қала әкімшілігі жер бөлді. Өз есебінен жобалық-сметалық құжат жасауға кірісті. Бізге тапсырма берсеңіз, «Самұрық-Қазына» және басқа да компаниялардың есебінен Нұр-Сұлтан қаласында «Абай әлемі» деген үлкен орталық салсақ деген ойымыз бар. Оған қоса, қала әкімшілігі өз есебінен Абай көшесінің бойында ұлы ақынға қосымша үлкен ескерткіш орнататын болады, — деген ол мерейтой қарсаңында мектептерде, оқу орындарында Абай әлеміне қатысты сабақтар, сипозиумдар, конференциялар сияқты ауқымды шаралар өткізілуі керектігін тілге тиек етті.

Отырыстың екінші бөлігі әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру мәселелеріне арналды. Жоспар таныстырылған соң сөз алған жазушы Роллан Сейсенбаев Абай және әл-Фараби мемлекеттік сыйлықтарын тағайындауды ұсынды. Осы орайда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев:

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бізге келесі жылы Абай атындағы және әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарын тағайындау туралы тапсырма берді. Сіздің ойлаған ойыңызды Президент бізге нақты тапсырма жүктеген. Сондықтан, бұл мәселе өзі шешімін тауып отыр, — деді.

Отырыста зиялы қауым өкілдерінің атынан Олжас Сүлейменов, Ұлықбек Есдәулет, Мұрат Әуезов және өңірдің бірнеше әкімі сөз сөйлеп, ұлы тұлғаларды дәріптеу шараларына қатысты ұсыныс-тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, басқосуда Абайдың шығармаларын кемінде әлемнің он тіліне аудару, мерекелік шараларды ЮНЕСКО, ТҮРІКСОЙ шеңберінде өткізу бойынша келісімдер жасалып жатқаны айтылды.

Жиын соңында ұлы тұлғалардың мерейтойына арналған жоспар бекітілді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.