Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАСТЫӨЗЕКТІҢ ӨЗ «ШИНОМОНТАЖЫ» БАР

23 қараша 2024
РУХАНИЯТ
ТАСТЫӨЗЕКТІҢ ӨЗ "ШИНОМОНТАЖЫ" БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғалы ауылдық округіне қарасты Тастыөзек ауылында «шиномонтаж» жұмыс істеп тұр. Ауыл жастары бүгінде бұрынғыдай қиындыққа төзіп отыра берудің жөні жоқ екенін жақсы біледі. Қазір қаланы қойып ауылдың өзінде әр үйде бір көліктен бар. Бұл – халықтың жағдайы күн санап жақсарып келетінін аңғартады. Техника болған соң сынбай, тозбай тұрмайды. Бұрындары ауылдастар қарапайым ғана дөңгелек ауыстыру үшін алысқа ат шалдыратын. Қолдарынан келетіндері өздері ыңғайлайтын.  Бірақ сапасыз жөнделген техника сапалы болмайтыны тағы бар. Осылайша көп техника аулада қаңтарылып тұрып қалады десек артық айтқандығымыз болмас. Тастыөзектің тумасы Сабыр Немербаев шиномонтаж цехын ашқалы көрші ауылдардағы техника мінгендердің көзі ашылған. 


Сабыр 2012 жылы отбасымен Алматы қаласына қоныс аударған. Әр шаруаның басын қайырған азамат 2019 жылы туған жерге қайта көшіп келеді. Алтын бесік ауылға деген сағынышы оның тынымсыз еңбек етуіне жол ашады. Бір көлікпен ғана туған жерге ту тігем деп келген азамат бүгінде үйлі-баранды. Екі баланың асқар тау әкесі. Жиырма шақты сауынды сиырын сауып, 150 теңгеден сүт сатып, малын бордақылап, егістікпен айналысқан еңбекқор жан талай жасқа үлгі-өнеге. Осындайда үлкендердің «ауылда береке бар» деген сөзінің айна-қатесіз рас екеніне тағы бір мәрте көз жеткіземіз. 

– Ауылымды ешбір қала алмастыра алмайды. Осы үшін Алматыны тастап, кіндік қаным тамған киелі мекенге келдім. Бір көлікпен, бір пакетпен келіп, тіршілігімді нөлден бастадым. 2021 жылы «Бастау» бағдарламасы негізінде 3 айлық курс оқыдым. Шәкіртақы алдым. Мемлекет қолдауының нәтижесінде 580 мың ақшалай грант ұтып, соған кәсіп бастадым. Әрине, бұл қаражат жеткен жоқ. Үстіне ақша қосып, қажетті құрал-жабдықтарды алдым. Үлкен техникаларды жасаймыз, – дейді жас кәсіпкер. 

Нәсібін ауылдан тауып отырған азаматтың болашақта кәсібін кеңейтсем деген арманы бар. Ол ауылдағы жұмыссыз жастардың жайбарақат әрекетіне күйінеді. Жалқаулықпен жолдас болуға құмар жастар қара жұмыстан қашатынын да жасырмады. «Балаларымның анасы екеуміз сиыр сауамыз. Арнайы аппарат та алдық. Сүтті 150 теңгеден өткіземіз. Кей уақытта сондай көмекке келе қоятын адам таппай қаламыз. Жалқаулық қазақтың түбіне жетпесе игі еді. Әйтпесе «ауылда жұмыссыз отыр» дегеннің өзі ұят қой. Қазір еңбекпен ғана бәріне жетуге болады», – дейді Сабыр Немербаев. 

Туған жерге ту тіккен асыл азаматтың ісіне қарап біз де сүйсіндік. Ауласындағы шағын ғана бір бөлмеге күніне бірнеше адам кіріп-шығады. Сабырдың жұмысына бәрі дән риза. Қазіргі уақытта күніне 50-60 мың теңге тауып отырған ауыл азаматының асқақ арманы орындалсын деп тілек айтамыз.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.