Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Тасқын жырдың тізбегі

30 қаңтар 2025
РУХАНИЯТ
Тасқын жырдың тізбегі
WhatsAppTelegramFacebook

Тауарихтың мың жылдық қатпарындағы тұлғалардың өмірі мен ерлігін жырмен қашап, әлем әдебиеті мен мәдениетінің мәуелі тұстарын өлеңімен өрнектеген шайырдың шұғылалы ғұмыры басталды. 80 жылдық мерейтойының қарсаңында іркесі мен тіркесін, теңеуін айшықтап, жырындағы жасампаз жолдардың мәнін ашып, мазмұнын түсіндірер әдеби лекция өтті. Қара өлеңнің қағанатын құрған Жұматай Жақыпбаевтың жыр әлеміне арналған рухани шарада рух жаңғырды, көңіл тебіренді, жан сергіді.


Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, аудармашы Ержан Алаштуған кейіпкер болған әдеби дәрісте Жұмағұл-Шора әлеміне әдеби шолу жасалды.

Тарау-тарау тарихтың ақтаңдақ бетіндегі ардақтылардың ерлігі мен өрлігін жырға қашап, бірде «Дахлияның суы ащы, шұбаты балдай, жорыққа шықса жалтарғыш құр аты қандай» деп жырлап сонау Маңғыстау түбегіндегі маңғаз ұлысты суреттесе, бірде «Ақшалы байды жеңе алмай, патшалы ханды, батырлар өтті, бар мүлкін жат шауып алды» деп сұрқай заманның келер бағдарын да айқындайтын Жұматай поэзиясы – құдыреттің өзі еді. Ақшалы бай мен патшалы ханды жеңе алмай, ел үшін ерлік көрсеткісі келген бүгінгінің батырлары да қорғасын оққа кеуде тосқанын заңғар Заманбектердің, айбарлы Алтынбектердің тағдырынан көруге болатындай. Әулиелікпен сөз бастап, кемеңгерлікпен кестелі өлең жазған Жұматайдың өлмес мұрасының әр тармағы тәпсірлеуге тұратын кенен дүние. 

– Тарихты жазған ақын-жазушылар жеткілікті. Есенберлин, Әлімжанов, кеше өмірден өткен Мағауин секілді көптеген жазушы мен дастан, поэма жазған ақындар жеткілікті. Алайда, шығармашылығының тұтас бір бөлігін тарихи бағытқа негіздеген Жұматай ғана. Өзінің әр шығармасының ішіне көркемдік құрал, әдеби әдіс-тәсіл ретінде тарихты кірістіріп отыруды Жұматайдың деңгейінде алып жүрген ақын қазақта жоқ деп ашық айта аламыз. Шайырдың тағы бір ерекшелігі – белгілі бір тарихи оқиғаны, кейіпкерді ғана емес, әрбір жолды мың жылдық шежіремен ұштастырып өрнектей алатындығында. Екінші қыры – көбіне-көп Жұматай жырында кейіпкердің атын атамайды. Бірақ сіз кейіпкерді танып отырасыз. 
«Қалай деп ағам қарадым аспанға 
кілең,
Бағасын жұлдыз көрсетті 
басбармағымен.
Қасоққа әкеп береді балық пен суын,
Іле өзені Қытайдан басталғанымен», – деген жырында аты аталмағанымен мұның Олжас Сүлейменовке арналғанын біліп отырасыз. Сол секілді: «Вокзалға қара бұл елді кім бөріктірді, мәулімбас шыңдардың құшағын гүл көміп тұрды» деп келетін «Ғұндардың жүрегі» жырының Жамбыл Жабаевқа арналғанын ғасыр жасаған ақынның аты аталмаса да танып, біліп тұрасыз, – деп ой толғап, ақын поэзиясының құдыреті мен ерекшелігі туралы екі сағатқа жуық уақыт дәріс оқыған Ержан Алаштуған рух көкжиегіне күндей көтерілген Жұматайдың шұғылалы шығармашылығы туралы терең талдау жасады.

Әлем әдебиетінің ірі тұлғалары туралы тебіренісі мен сан ғасырлық тарихтағы бірегей болмыстарды жырына арқау еткен, ұлан-ғайыр атыраптағы асыл нәсіл – Алаш жұртының сөз өнерін биікке көтерген     Жұматай Жақыпбаев шын мәнінде «Жыр қағаны» еді. Оның кемел шығармашылығынан кертіп алып, талдап берер дүние жеткілікті. Дәріс барысында соның негізгілеріне тоқталған Е. Алаштуған:
– Мақпал дала, манат жердің қойнында өскен, Жоңғар Алатауын өзінің асқақ тұлғасындай көріп, табиғаттан нәр алған шайырдың тәлімгері – туған жері. Ол Жоңғарға қарап бой түзеді, Сарноқай деп сыр шертті. Сондықтан Абайдың тәлімгері Зере әжесі болса, сол секілді талай тұлғаның тұлғалық болмысында ата мен әже өнегесінің әсері тисе, жыр қағаны Жетісудың табиғатымен тұтасып тұлғаланды, – деп тебіренді. Осылайша рухтың білтесі жағылған дәрісте І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білімгерлері тарапынан қойылған сан сауалға да салмақты жауап ұсынылды.

Иә, дарқан дала мен дүрия жамылған дарияның, табиғат пен текті қазақтың сан қасиетін саф жырға арқау еткен Жұматай әлемінен тың дүниелер айтылды. «Құрмет» орденінің иегері Жұматай Оспанұлы жүргізген, көрнекті ақын Ержан Алаштуған дәріс оқыған «Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде» атты әдеби лекциясы «Janr» әдеби бірлестігі мен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бірлескен жобасы аясында өрнек тапты. Рухани шара барысында кеш кейіпкері жыр жинағын университет кітапханасына табыс етіп, биыл Жұматай Жақыпбаевтың 80 жылдығына орай іске асар рухани шараларды да атап өтті.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.