Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Тағылым темірқазығы

30.03.2018
РУХАНИЯТ
Тағылым темірқазығы
WhatsAppTelegramFacebook

Сонау студенттік шақтың нұрлы әлетінің бірінде бұл театрдың табалдырығын алғаш аттаған едік. Ол кезде кітаптан басқа рухани азық жоқ деп білетін біздерді жасынан театр қойылымдарын тамашалап жүрген бір ақын қояр да қоймай ертіп барған. Қарыс жерге қырыстанып, уақытымызды зая кетіреміз-ау деген біздердің ішкі ойымыздың сол күні тас-талқаны шыққан. Міне, дәп сол бір күннен бастап театрға деген ерекше сезім пайда болып, аңсарлық дертке ұшырағанбыз. Оған себеп болған өнер адамдарының ғажайып шеберлігі мен асқан таланты ма, әлде «Қос мұңлық» спектаклі ме, ол жағын әлі күнге дейін ажырата алған емеспіз. Дегенмен, қазақ театр өнерінің қайталанбас жарық жұлдызы болған Бикен Римованың қаламынан туған бұл пьесаның сананы селт еткізгені бар.

Баланың қызығын көремін деп жүріп шыжығын тартқан мұңлық ана образы асқан шеберлікпен сомдалған (әрине, Алмахан Кенжебековадай атағы мұқым елге жайылған майталман ойнаған соң шығар, бәлкім) қойылым жаныңды әр тарапқа сүйреп, көңіліңе көп дүниені салады. Сол мұңлық ана пьеса желісі бойынша нашақорлыққа салынған баланың күйігін тартып, өз перзентінен қатты жапа шегеді. Түңіледі, күрсінеді, опынады. Алайда іштен шыққан «шұбар жылан» болған соң, аналық махаббатпен құлдыраңдаған құлынын қарғамайды. Алдан үміт күтеді. Сөйтіп жүріп-ақ көрерменді егілтіп, мезгілі мизам шуағындай тез өте шығатын өмір мәнісін ұқтырады-ау бұл қойылым. Одан арғысын түбегейлі сөз етіп, талдаудың қажеті шамалы.
Ендігі бір сөз етер туынды тарихтың қатпар-қатпар қойнауына сүңгітіп, киелі қазақ сахарасында хандықтың бой көтергендігін айшықтайтын «Керей-Керей» қойылымы. Бұл тауанды тарихтың алтын діңгегі бола білген айбарлы хандардың мемлекетіміздің уығын тіктеп, шаңырағын көтерген күнінің қалай туғанын, оған қандай тұрлаулы мәселелер мен тұманды күндердің сеп болғандығын, сол замандағы бабалар өмірінің көрінісі мен ерлігінің белгісін айғақтайтын туынды. Сонысымен де сонау Астана төріндегі көрермендерден тартып, еліміздің әр өңіріндегі сахналарда Б. Римова атындағы облыстық драма театры әртістерінің  сомдауымен, бүкіл көзі қарақты жандардың ерекше ықылыасына ие болып, жергілікті жандардың сұранысында жүр. 
Ал, ер адамды уысында ұстауға жаны құмар кейбір нәзікжандылардың пайымын өзгертер «Ең жақсы еркек» комедиясы жайлы тереңнен тартып талдауға болатындай. Әуелі «Жігіт сұлтаны» байқауынан жеңімпаз атанған ең жақсы еркектің «Жетістігім жан жарымның арқасы» деп журналистерге сұхбат беру арқылы сахнаға көтерілуінен басталатын қойылым, бірте-бірте күнделікті өмірде орын алып жатқан алуан түрлі жағымсыз әрекеттерді айшықтауға, ащы мысқылға ала отырып көрерменге ой тастауға алып барады. Біріншіден, еркекті еркіне жібермеу керек дейтін ойдағы нәзікжандылардың ойын теріске шығарса, екіншіден, бақсы-балгер сынды тылсыммен баланысы бар адамдарға жоламауды, үшіншіден, өсек-ғайбатқа иланбауды, сол секілді талай мәселенің мәнін ашып, адамның берекелі ғұмыры сенім мен сезімнен тұратынын анық көрсеткен бұл туындының бүгінгі көрермендер үшін маңызы ерекше екендігі талай басылымда жазылып та, айтылыпта жүр. 
Сол секілді «Хақ Жолы» әлеуметтік драмасы әрбір көрерменнің сұранысында жүрген қойылым. Бұл ата-баба ұстанымынан қиыс кетіп, кешегі кенді кеуделі данышпандар даңғылынан өзге жол іздеген пайымсыздардың өрескел қателігін, өмірлік өкініші болар шешімін теріске шығарып, қоғамдағы шындықты айшықтайтын драма. Соқыр сенімнің салдарынан ата-анасының ақ батасын қарғысқа айналдырып, елінің сенімін селге кетірген, дұшпандармен ымыраласып жазықсыз қан төгуге барған қаракөз қандасымыздың тағдыры бейнеленетін бұл қойылымның трагедиялық тұстары көрерменнің көзіне жас үйіріп, өмірден сабақ алғызатындай. Міне, осы тұрғыдан алғанда Бикен Римова атындағы драма театрының «Театр – қоғамның айнасы» деген ғажайып тіркеске лайықты болып келе жатқандығын ерекше айтып өтуге болатындай. 
Қазақ әдебиетінің алыптары саналар, кешегі заманда шығармашылықпен бірге ел мүддесі үшін аянбай күрескен  даналарымыздың театр өнерінің құдіреті жайлы айтылған пайымдары жетерлік. Солардың қатарында классик жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер – театр», – деген пайымы ғажайып теңеу ретінде санада сақталып қалған. Міне, сол тіркеске лайық болмаса, одан мысқалдай төмендеп көрмеген, жалпақ жатқан Жетісу жерінің бас театры саналатын Б. Римова атындағы драма театры қашанда халық сұранысындағы өмір шындығына құрылған қойлымдарды сахналап келеді. Мәселен, Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр», Иран-Ғайыптың «Негізгі шаруа», Лида Егембердиеваның «Жұмақ маған бұйырмас» драмалары мен қазақ халқының тұлғалары жайлы жазылған Мұратбек Иманғазинов пен Назым Өтеулинованың «Ілиясы», Ерсайын Төлеубайдың «Алаштың Әлиханы» қойылымдары және шетелдің маржан туындылары санатындағы Уиллиям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» сынды бірқатар шығармалары тарихи шындығымен де, қоғамдағы заман талабына сай туындаған мәселелерді қаузауымен де, өмір шындығын айшықтауымен де елдің ерекше ықыласына ие болып, аталмыш театрдың жұрт алдындағы беделінің биіктеуіне сеп бола білген. Міне, осындай сан қойылымды асқан шеберлікпен сомдап, ел өнерінің асқақтауына ерекше күш салып жүрген театр өнерпаздарына келсек, олар да тұлғаға сай тектілік танытып, руханият үшін бағзы бабалардай қызмет етуде.

АРДА БИ

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.