Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Театр өнеріндегі тың туынды

3 қаңтар 2018
РУХАНИЯТ
Театр өнеріндегі тың туынды
WhatsAppTelegramFacebook

Бикен Римова атындағы облыстық драма театры мереке қарсаңында Еркін Әбдірештің балаларға арналған «Kosmos құтқарушылары» атты фантастикалық ертегісінен құралған қойылымның тұсауын кесті. Қызыққа толы қойылымды көруге келген балалардың көңілі көтеріліп, шат-шадыман күйде отырды.

Премьера! Бұл әдетте көрермендердің көптен күтетін тың туындысы. Немістің театр және кинорежиссері Петер Цадектің: «Театр – көрерменнің тіпті түсінде көрмеген не армандамаған ойларының орындалатын орны», – деп айтқаны бар. Дәл солай. «Kosmos құтқарушыларын» көрген кез келген баланың қиялмен ғаламшар сапарлап, жақсылыққа ұмтылып, ізгілікті ту ететіндігі анық. Аталған қойылым қазақ театр өнеріндегі тың туынды. Осыған дейін қазақ театрларында ғарыш, ғаламшарлар тақырыбындағы көрініс болған емес.
Қойылымның ерекшелігі – кішкене бүлдіршіндермен арадағы байланысты сақтай отырып, олармен ара-тұра диалог құруы. Бұл келген балаларға да қызық. Әділ мен құлтемір Темидің жер бетінен Серкес планетасына келіп, Қарапәле-Дәу Хараханның құлдығында жүрген Айбарды құтқаруы арқылы бүкіл ғаламшарды зұлымдықтан аман алып қалғандығы қойылымның негізгі сюжеті.
Әділді – Біржан Шошабаев, Айбарды – Әлішер Тайболатов, Темиді – Улдар Актураева, Қарапәле-Дәу – Хараханы Данияр Әсетұлы және Серкес адамын – Жанбол Файзиев сомдады. Әр қимылға езулері жиылмай күліп, қастандық, зұлымдықты көрген балалардың арасында бір ауыздан «Кет!» деп айғайға басып жатқандары да болды. Осы тұста канадалық театр және кино режиссері Робер Лепаждың «Адам бүгін театрға ертең адам болып қалуы үшін барады», – деген пікірі ойға оралады.
Серкес планетасына Әділ мен Теми алғаш аяқ басқанда сол жерде жүрген жергілікті жан көмектесіп, жер бетінен келген Айбарды танитындығын және қазақ тілін соның үйреткендігін айтады. Осы тұста Серкес адамы жер бетінен үш адамның келіп кеткенін естігенін және оларға Айбардың қамауда екенін ескертіп үлгермегендігіне налиды. Жер бетінен келген үшеу Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов. Қойылымды әрлеп, көркемдеп, сән беріп тұрған заманауи жарықтар мен үлкен лед-экран. Сол жерден қазақтың мақтаныштары көрсетілген сәтте балалар хормен есімдерін атап отырды. Сол сияқты әр ғаламшарға  жеке-жеке тоқталып, олардың қазақша атауын атап, балалардың ой жүйріктігін бақылап, ойларын айтуға да мүмкіндік жасалды.
Жалпы қойылымның берер тәрбиесі, көрсетер өнегесі орасан. Шытырман оқиғаға толы қойылым келген балалардың көңілінен шықты. Бала көңіл сенгіш қой. Шығып бара жатқан Құлтемір Темиді үшінші сыныптың баласы тоқтатып: «аға, шын ба?» деп сұрады. Шын болса, Әділ сияқты ержүрек бала қасына сол Темиді серік етіп жер бетіндегі жамандықтарды жайратпақ. Қоюшы режиссер Сандуғаш Мұңайтпасованың үлкен ізденісі бар екенін қойылым айқын көрсетіп тұр. Осындай бала көңілін тауып, қызықтыратын тың туындылардың қатары көбейе берсін дейміз.

Серік ҚАНТАЙ.

 

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.