Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТЕКЕЛІДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТЕГІН БЕРЕТІН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

31 желтоқсан 2021
РУХАНИЯТ
ТЕКЕЛІДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТЕГІН БЕРЕТІН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Текеліде кез-келген адам ақша төлемей-ақ азық-түлік алатын сөре ашылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

«Жан жылуы мекені» деп аталатын жерде дастарқанға аса қажеттінің бәрі бар. Жетісу жерінің іскер әйелдері қолға алған қайырымды шараның басты мақсаты адамдардың бір-біріне жылу сыйлап, мұқтаж жанға қол ұшын беру.

Текелі қаласының тұрғыны Дана Өскенбаева — бес баланың анасы. Кішкентайының күтімімен үйде отырған ол алатын жәрдемақысының азық-түліктен артылмайтынын айтады. Ал қымбатшылық қысқан заманда дүкен ішінен ашылған сөредегі тауар халыққа нағыз көмек деп санайды.

— Ай сайын өз басым 70 мың теңгеден аса қаражатты азық-түлікке жұмсаймын. Осы жерден тегін қант, кеспе, шай алдым. Бұл — бізге үлкен көмек. Осыны ұйымдастырып отырған адамдарға алғысымды айтамын, — деді Дана Өскенбаева.

Ұйымдастырушылар «Жан жылуы мекені» деп аталатын сөреге кез келген адам өз үлесін қоса алатынын айтады. Яғни, дүкенге келген жан сатып алған затын осы сөреге қалдыруға болады. Ал шараның негізгі мақсаты — мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету.

— Бір-бірімізге көмек көрсету — басты мақсатымыз. Әр қазағым жалғызым дейді. Тек қана бақуатты адамдар ғана мейірімділік көрсете алмайды, бәрі көрсету керек. Екі шоколад алып, бір шоколадты осында қойып, бір шоколадты өзі жесе, ол балаларға үлкен тәрбие деп ойлаймын, — деді Алматы облыстық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Алмагүл Оңғарбаева.

Алматы облысының іскер әйелдері тегін азық-түлік сөресін әзірге нан, қант, кеспе, шай сияқты дастарқанға ең қажетті өнімдермен толтырған. Ал алдағы уақытта мұндай сөрелерді Алматы облысының барлық өңірлерінде ашсақ деген жоспарлары бар және оның ішіндегі тауарларды да түрлендіре түспек.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Бүгін, 10:01
Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бүгін, 09:30
13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.