Талдықорған: +20°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Текті жырдың тұйғыны

28.04.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Текті жырдың тұйғыны
WhatsAppTelegramFacebook

Мұсатыр мұзы алып шыңдарында мыңжылдықтан тамыр үзбеген, кер даласы керім күйді жусан өзегінен түлеткен Күреңбелдің киелі топырағын қаз басқан шағынан қара өлеңді жадына тоқыпты. Халықтың ауыз әдебиетімен қанығып жүріп нәсілі асыл ағаштан шекіп-жонған қалақтай домбырасын қолына қондырыпты. Қалқа Жапсарбаев, Үмбетәлі Кәрібаев секілді қос арнадан сусын қандырып, оларды ұстаз тұтыпты. Осылайша Әбікен Сарыбаев атты өз есімін айтыс өнері көгінде қалықтатып, қазақтың халық ақыны дәрежесінде дүлдүл ғұмыр даңғылын бедерлепті.

Ертегідей басталған толғамымызға тақырып болған Әбікен Сарыбаев шын мәнінде халық ақыны еді. Адамзаттық парасат шыңында адамдық пен ізгілікті, мейірім мен қайырымды келер ұрпаққа үлгі ете отырып, сөз барымтасында елдік арман, мұрадым мұратты алға қойған ол жер жаннаты Жетісудың туын желбіреткен жампоз. Ал бекзат өнер айтыстың көкжиегін кеңейткен, ұлылардың ұлағатын бойына қондырып, өзі бір өңірдің мектебін қалағандығына бүгінгі Айтақын Бұлғақов, Балғымбек Имашев ақтаңгерлер дәлел.

Рас, айтыстың асау толқынында ақындық желкенді желге беріп, кемесін өрге салған Әбікен Сарыбаевтың туғанына биыл 100 жыл. Осыған орай ақтаңгердің ғасырлық мерейтойы ел бойынша тойланар тұлғалар тізіміне енсе, жыр құрмасының бастауы Текелі төрінде өтті.

Моноқаладағы Мәдениет үйінде өрнек тапқан «Ақын жайлы ақжарма әңгіме» атты кездесу кеші тағылымды толғамдар арқылы өрістесе, алдымен сөз алған Текелі қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Нұржамал Шоқанова ақын мұрасының рухани маңызына тоқталды.

Өз кезегінде сөз алған ақынның асыл тұяғы Әсибай Әбікенұлы әке тағылымы туралы тереңнен толғанды. Бір құрсақтан жаралған 11 перзенттің бүгінде жетеуі ғана жер басып жүргенінен, ақын әкесінің адамдық болмысы, ерте кеткен анасының орнын жоқтатпай перзенттеріне қорған болған жанашырлығы, адамдық, ізгілік, мейірімділік жолға нұсқаған ұлағаттығы тұрғысында тебіренді. Еңбекқорлық пен елжандылыққа баулығанын жеткізді.

Белгілі журналист, қарымды қаламгер Серік Әбікенұлы асқар тау әкенің шығармашылық жолын егжей-тегжейлі баяндады.

– «Ұстазым Қалқа менен Үмбетәлі, өзіме тірі жанның келмес әлі», – деп алғашқы айтыстарынан-ақ сөз бастап, бекзат өнерге жарық жұлдыз болып келіп, 26 жасында суырыпсалмалықтың үлгісін көрсеткен Әбікен әкеміз халық ақындары Көкен Шәкеев, Қалихан Алтынбаевтармен үзеңгі қағыстыра жүріп ақтаңгерлік биікке көтерілді. Сіздер айтқандай, Талдықорған өңірінің ғана емес, бүкіл елдің мақтанышына айналған жан еді. Суырыпсалма өнердің өрінен ғана табылмай, «Көроғылы», «Бәтима қыз бен Әзірет Әлінің күресі», «Тұрлымбет туралы аңыз», «Орақты батыр» секілді дастандар қалдырған, жыраулық өнердің де өкілі, – деп толғанған Серік Әбікенұлы дауылпаз ақынның жарқын бейнесін көз алдымызға алып келді.

Ол әке жолында айтылмай келген ақпарларды да бөлісіп, елінің ықыласын жүлдеден биік қойған жампоздың айтыстағы жарқын жеңістерін санамалады. Еткен еңбегін, асыл мұрасын айшықтады. Өзімен үзеңгі қағыстырып бір сүрініп, бір жеңген Көкен Шәкеев пен Қалихан Алтынбаевтар «Халық ақыны» атағын алғанда сол санаттан қасақана сызылып қалғанын да термеледі.

Бізге бай мұрасы мен даңқы жеткен Әбікен Сарыбаев туралы естеліктер айтылған жиында әдебиет, мәдениет, елжандылық тұрғысында да кесек-кесек ойлар ортаға шықты. Әсіресе, белгілі қаламгер Серік Әбікенұлы өнердің отын маздату үшін өткеннен үлгі алу, туған жердің шөкім топырағын қастерлеу, білім мен ғылым жолына жастай бас қою тұрғысына орамды пікір сабақтады.

Кестелі сөзбен зерленген кеш барысында қалың көрермен тарапынан Әбікен Сарыбаевқа қатысты сауалдар жолданып, тұшымды жауап берілді.

Шара соңында Серік Әбікенұлы Текелі қалалық кітапхана қорына «Жыр жүйрігі – Әбікен» кітабының 30 данасын және өз қаламынан туған «Жалғыз арша», «Жетісу жазбалары» кітабының бірнеше данасын тарту етті. Жалпы кеш туралы сол күні әлеуметтік желісінде жазған журналист-жазушы: «Әкеміздің кітабында қысқа қағытпалары бар еді, зиялы қауым мен жас ұрпақ соны оқып, күлісіп, қолтаңба да алып үлгерді. Қауымның 2 сағаттан аса тапжылмай тыңдағанына қарағанда 1961 жылдан бастап айтыс өнері өлмеуі үшін барын салған Әбікен ақын туралы баян қызықты болған секілді. Әкеміздің рухы шат болсын», – деп баға берді.

Арда Би
Текелі қаласы

Қатысты жаңалықтар

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

28.04.2026
Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

28.04.2026
Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

28.04.2026
Текті жырдың тұйғыны

Текті жырдың тұйғыны

28.04.2026
Жас таланттар тоғысқан алаң

Жас таланттар тоғысқан алаң

28.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.