Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТҰЛҒАСЫ ТАУДАЙ АСЫЛМҰРАТ

27 мамыр 2020
РУХАНИЯТ
ТҰЛҒАСЫ ТАУДАЙ АСЫЛМҰРАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Асылмұрат Тұрғанбекұлы  сексен жастың сеңгіріне шықты. Ол ел игілігі үшін қажырлы еңбек етті. Бірнеше ауданның экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға білім мен білігін арнады.   Сәулелі сәт – мәртебелі мерейтойға абыроймен жетті. Еңбек жолын Ақсуда бастап, жазиралы Жаркент жерінде ел байлығын еселеп арттыру үшін  күн-түн демей еңбек етті.   

Сексен жас – сексен асу. Мұндай асқаралы асуға абыроймен  шығуға әркімнің  қажыр-қайраты жете бермейтіні анық.  Ал Асылмұрат Тұрғанбекұлының  шыққан биігі мен жеткен жетістігі ел мәртебесін асырып,   мерейін  үстем етті.     Ол арынды Ақсу өңірінде ат  жалын   тартып   мініп, күллі Жетісуға еңбек етіп, соның нәтижесінде  қайраткер   атанып,      қалыптасты.  Жоғары оқу орнын ғалым-зоотехник мамандығы бойынша бітіріп, өндірісте тәжірибесін шыңдады. Аудандық деңгейден  Қазақстан Республикасы Орталық Комитетіне дейінгі комсомолдық мектептен өтіп, құрыштай шыңдалды.  Бірнеше ауданда бірінші басшылық қызмет атқарып,  егемендік алған соң әр аумақта аудан әкімі, одан соң облыс әкімінің орынбасары, тағы басқа да жоғары лауазымды қызмет атқарды. «Еңбек – бәрін де жеңбек» деген қағиданы ұстанды.  Көпшіліктің қалауымен Қазақстан Республикасының халық депутаты  болды.  Сөйтіп, қарадан шыққан  хан тәрізді  туған  топыраққа терең тамыр жіберіп,  алып бәйтеректей  жапырақ   жайды.  Асылмұрат басшыдан тәлім-тәрбие алған өрендер бұл күндері кең-байтақ еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етіп, тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуіне үлес қосып келеді.   «Құрмет», «Парасат»  ордендері және бірнеше мерекелік медальдар, сондай-ақ,  Кеңес одағының   «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендері және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 
Асылмұрат Тұрғанбекұлы «Қазақстанның Құрметті жерге орналастырушысы», Алматы облысының, Ақсу, Ескелді,  Сарқан аудандарының Құрметті азаматы атанды. Жазиралы Жаркент жеріндегі еңбегі еленіп,  «Панфилов ауданының Құрметті азаматы» атағын иеленді.  
Жаркент өңіріне заманның аумалы-төкпелі кезінде басшылыққа келіп, өліара кездегі  кедергілерге қарамастан халықты қиыншылықтан қысылдырмай алып шыққан Асылмұрат Тұрғанбекұлы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты көшбасшы болып, «Еркін экономикалық аймақ» мәртебесін алудың алғы шарттарын жасауға бастамашы болды. 
Қашанда, қандай істің басында болсын өзінің қарым-қабілетімен жұртшылыққа жол сілтеп, көпшілікті жақсылыққа бастайтын тұлғалар болатыны  белгілі.  Ел-жұрт Асылмұрат есімді азаматты қарапайым қызметшіден  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткеріне дейін көтерілген тұлға деп құрметтейді. Ол ел-жұртқа саяси санасы сергек, парасатты да принципшіл басшы, турашылдықты ту еткен адал азамат  ретінде танылды. Сонымен қатар, текті әулеттің бас иесі, зерделі ұл-қыз, тәрбиелі немере-шөбере өсірген абзал жар, ардақты әке, аяулы ата. 
Асылмұрат Тұрғанбекұлы  жайында  «Тұғырлы тұлға», «Асыл мұрат» атты танымдық кітаптардың көпшілік көкейінен шығуы да –  таудай тұлғалық өмірдің өнегесі.   Біз, жазиралы Жаркент өңірінің ел-жұрты, мұраты асыл болған, халқына  аянбай еңбек етіп, қадірлі азаматқа айналып, сексеннің  сеңгіріне көтерілген Асылмұрат  Тұрғанбекұлының ғасырдың биік тұғырынан көрінуіне  тілектеспіз. 

Ермек  КЕЛЕМСЕЙІТ, 
облыстық ардагерлер  кеңесінің төрағасы
Нұриахмет Нұрбекұлы, 
Панфилов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Тохтарбай Әкімұлы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.