Талдықорған: +8°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

13 желтоқсан 2018
РУХАНИЯТ
ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданы Саты ауылындағы А.Түркебаев атындағы орта мектептің 2000 жылғы түлектері «Saty.Bilim.Tulek» жобасын іске қосты.

Ағарту, ақпарат тарату бағытын қамтыған жоба аясында ауылдың ақпараттық-танымдық «isaty.kz» сайты ашылып, мектеп түлегі, білікті дәрігер Қуаныш Ендеев атындағы стипендия тағайындалды. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына білім, мамандық таңдау туралы дәріс өткізілді. Түлектер бұл жобаны сыныптастары Қуаныш Ендеевті еске алып, ол бастаған игі істерді жалғастыру мақсатымен қолға алған.  «Ауылымыз туристік өлке ретінде қарқынды дами бастады. Бірақ, ауыл туралы интернетте ақпарат табу қиын. Сондықтан арнайы ашылған сайтқа ауыл туралы барлық ақпаратты топтастырамыз. Және бұл жұмысқа мектеп оқушыларын тартамыз. Әр ай сайын сайтқа контент дайындап, көмектескен ең үздік 3 оқушыға сыныптасымыз Қ.Ендеев атындағы стипендияны беріп отырамыз», – дейді шараны ұйымдастырушылар.  Ендеев Қуаныш Жеңісұлы 1983 жылы Кеген ауданы Саты ауылында дүниеге келген. А.Түркебаев атындағы орта мектептің түлегі. 2006 жылы С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің түлегі әскери госпитальда аға мейірбек, «Гүлдала» дәрігерлік амбулаториясына дәрігер-педиатр, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына дәрігер-педиатр, дәрігер-невропатолог, хирургия бөлімінде дәрігер нейрохирург, КТ дәрігері болып қызмет істеді. Болашағынан үлкен үміт күттірген азамат 2017 жылы қайтыс болды. «Қуаныш өмірге, білімге құштар жан еді. Ол бастаған істер мен еңбегін жалғастыру мақсатымен өзі түлеп ұшқан мектеп оқушыларына бүгінгі заман талабына сай болуы үшін бағыт-бағдар беріп, Қуаныштың атындағы стипендияны тағайындадық», – дейді сыныптастары. Қ.Ендеев атындағы стипендияны оқу жылының соңына дейін А.Түркебаев атындағы орта мектептің 12 оқушысы алады. Жобаның үшінші бағыты аясында мектеп оқушыларына білім, медиа, коммуникация тақырыбына дәріс өткізілді.  «Болашақта адамдардың өзара бәсекесінен гөрі жасанды интеллект, роботтармен бәсекеге түсетіні анық байқалады. Қазір әлем ауқымды трансформация кезеңіне аяқ басты. Дамыған елдерді айтпағанда біздің қоғамда да көрініс беріп отыр. Алдағы 5-10 жыл көлемінде мұны анық сеземіз. Сондықтан басты құндылық білім болады. Қазірден соған бейімделіп ІТ сынды сұранысқа ие мамандықтарға бағыттау керек. Біз өзіміз түлеп ұшқан мектеп оқушыларына соны жеткізіп, түсіндіріп, бағыт-бағдар бергіміз келді. Әрі ауыл сайтына контент дайындау арқылы оқушылар мұның алғышарттарын сезіне бастайды», – дейді ұйымдастырушылар.
Таныстырылым соңында дастарқан жайылып, марқұмның аруағына Құран бағышталды.

Әмір САНА

Қатысты жаңалықтар

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Бүгін, 12:54
Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Бүгін, 12:35
Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Бүгін, 11:57
Дін және мемлекеттік қызмет

Дін және мемлекеттік қызмет

Бүгін, 11:40
Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Бүгін, 11:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.