Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТОҚТАР БЕЙІСҚҰЛОВ ЕСІМІ ЖАҢҒЫРСА

3 қазан 2020
РУХАНИЯТ
ТОҚТАР БЕЙІСҚҰЛОВ ЕСІМІ ЖАҢҒЫРСА
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың атақты классик жазушысы Бейімбет Майлиннің аты аталғанда Тоқтар Бейісқұловтың есімі еске түседі. Оның жөні де бар.  Тоқтардың айрықша еңбегі – ұлы суреткер Бейімбеттің қазақ баспасөзіндегі Кеңестің алғашқы дәуіріндегі он бес жыл (1922 жылдан 1937 жылға дейін) үздіксіз дамытудағы сіңірген еңбегін саралап, жіліктеп, санап ақиқат сөзін айтуы. Бір сөзбен айтқанда, Тоқаң өз еңбегімен қазақтың ғасырда туған ұлы перзентіне рухани ескерткіш орнатуы десек артық емес. Оның он бес томдық шығармашылығында бұл тақырыптағы талпыныс кімді болса да таңдандырары ақиқат.

– «Тоқаң өз өмірінің денін Бейімбет үшін мұражайлар мен кітапханаларда өткізген адам», – дейтін құрдастары. Ол қарапайым ауыл ұстазынан бастап Қазақстан Орталық партия комитетінің радио-телевизия секторының меңгерушісіне дейін өскен азамат. Тоқаң өмірінің соңғы жылдары 1984 жылдың сәуірінен бастап 1991 жылдың  аяғына дейін Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы баспасөзде мемлекеттік кұпияны сақтау жөніндегі Бас басқарма бастығының орынбасары болды. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты.
Тоқтар Бейісқұловтың шығармашылық еңбегі қалың окырманға танымал. Оның Желтоқсан оқиғасына байланысты «Желтоқсан ызғары»        (1994 ж.), атақты ғалым Манаш Қозыбаев, ақын Ғафу Қайырбеков сынды алыптармен ақылдаса отырып жазған Бейімбет туралы терең зерттеп жариялаған мақалалары қазақ оқырманын риза еткені жұрт есінде. Оның 22 томдық шығармалары жарық көрді. Олардың алтын өзегі – ел болашағы, жер тарихы, адамдар тағдыры еді. 
«Бойыңа қарапайымдылықты, парасаттылықты, ар тазалығын, байсалдылықты, кішіпейілділікті, әділдікті, татулықты, мейірбандықты, сүйіспеншілікті тиісті етіп орындаудағы табандылықты жинауға тырыс», – деген екен ұлы Абай. Осы бір қасиеттер Тоқтар Бейісқұлов ағамыздьң бойынан табылушы еді десек, артық айтпаған едік. Шындығында зерттеуші ғалым, жазушы, көрнекті жорналшы-публицист Тоқтар аға Бейісқұловтың елі үшін жасаған үлкен еңбегін айтпай кету әбестік болар еді.
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген сөз бар қазақта. Ендеше, ұрпақ үлгі тұтар, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымының кандидаты, Тоқтар Бейісқұловқа өзі туған Алматы облысы Алакөл ауданының Қарлығаш ауылының бір мектебіне, көшесіне, аудан орталығына, Алматы қаласының бір көшесіне, Қостанай облысының Бейімбет ауданының орталығынан көше немесе мектепке атын берсе деген ұсынысымыз бар.

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ,
жазушы, қоғам қайраткері. 
Кәкен ҚАМЗИН,
филология ғылымдарының докторы, профессор.
Сәкен ӘМІРЕЕВ,
С. Асфендияров атындағы  қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры.
Құттыбек ХАМЗАБЕКОВ,
еңбек ардагері. 
Шәкен КҮМІСБАЕВ,
жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  иегері.
Талғат АЙТБАЙҰЛЫ,
жазушы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.