Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Тәңірдің сыйы

15 желтоқсан 2017
РУХАНИЯТ
Тәңірдің сыйы
WhatsAppTelegramFacebook
Сахи дүниенің саф болмысындай сондай ізгі, құс біткеннің қарқарасындай қоңыр жүзді – Тәуелсіздік. Шабдар бестінің шалқақ аяңындай еркін көсілген, жау қайдалап шапқан батыр ноянымдай даңқымды өсірген – Тәуелсіздік. Бұл – бейнелеп айтқан сөзіміз. 

Бүкіл ғұмыры құба дала төсінде, жел мен күннің өтінде өткен, кер бұлаң тірліктің керегесіне сүйеніп, сахараның саумалын өпкен сақ пен ғұннан қалған – Тәуелсіздік! Көздеген жерге жетем деп, көк дөнен ойын тепеңдеп, төзіммен ойын тоздырған, көз жасын көлдей жаудырған анамнан қалған – Тәуелсіздік! Жаратылысынан жасанды сөйлеп көрмеген, мәміледен тосылмаған, уәжден жығылмаған бабамнан қалған Тәуелсіздік! Бөтеннен бөлек үй тігіп, бөрілі байрақ көтеріп, бөрідей тиген жауына Мөде мен Шенеден қалған – Тәуелсіздік! Бытыраған елін біріктіріп, тозғындаған жұртын топтастырып, қалың нуды жарып өткен тұмадай тау бұқтырған Шу мен Талас бойында хандық құрған Керей мен Жәнібектен қалған – Тәуелсіздік! Ноқталы заман шәт-шәлекейін шығарса да шытынамаған, басбұзарлар бағын барымталаса да бытырамаған, Күн тауын кіндік орда етіп, қалың түркі қағанат болғанша найзасы қолдан түспеген Бумын мен Истемиден қалған –Тәуелсіздік! Тарихын тасқа таңбалап, ерлігін еңіреп сыр еткен, жорығын жыр еткен Білге Қаған мен Күлтегіннен қалған – Тәуелсіздік! Аумалы да төкпелі, алағай да бұлағай замандарда бір жұртын Балқан асырып, бір ұрпағын Қапқа аударып, ары-бері шұбырған халық соңында көз жасын Бұқтырмадай бұлаған – Тәуелсіздік! Көкжиекке көз тартқан, көз тартқанда сөз қатқан, жауһар жырын маздатқан Қазтуған мен Бұқардан қалған – Тәуелсіздік! Жоңғарияны жер бетінен жоқ қылған, қытайға қонақ қосқан, орыспен одақтасқан Абылайдан қалған – Тәуелсіздік! Озғақ жылдар оппа батпаққа құлатса да Отанға деген құрметі сарқылмаған, алмас қылыштай жарқылдаған, кектің кемиек аңғарындай, ұлттың ұраншыл нарларындай Исатай мен Махамбеттен қалған – Тәуелсіздік! Тоқыраудың тоңы жіпсімей тұрғанда мұқым елді маса боп оятқан, Алаштың азаттығын аңсаған Ахмет пен Әлиханнан қалған – Тәуелсіздік! Сұрапыл соғыстың қан-қасабын бастан кешкен, ордасына оқ атқандарға таудай тосқауыл болған, аспантаулардың асқақ шоқысындай Бауыржан мен Қасымнан қалған – Тәуелсіздік. Сайын даланың ой-қырынан шөмшек терген бүркіттей шыр айналған, шыбын жанын шүберекке түйіп, шемен ойын кісендеп, шежіреден сыр шерткен шайырдан қалған  – Тәуелсіздік! Шүйгінді де құйқалы қара жерді қақ ортасына бөліскен, саба түбі сарқындыны тең ішкен бауырдан қалған – Тәуелсіздік! Жұпары жанға дауа дарқан даланың дағуа-тынышын ұрлаған, жаңғырығы сақпанның тасындай көкке зырлаған жауымнан қалған – Тәуелсіздік! Көңілің көлеңке көмкерсе де мүжілмеген, желісінен құлын, күбісінен қымыз үзілмеген қауымнан қалған – Тәуелсіздік! Желтоқсанда жастарымды қоғадай қырған, боздақтарымды бозінгендей боздатқан, жалынымды маздатқан Қайрат пен Ләззаттан қалған – Тәуелсіздік! Көздегі шелді сылып, көкіректегі желді басқан, шекарамды қайта бүтіндеп, Көк Туымды көкке көтерген Нұрсұлтан боп нұрланған – Тәуелсіздік!
Қай соқпаққа сүріндім, қай сонарда ізім қалды. Қай заманда түңілдім, қай жанарда жүзім қалды. Басқан ізімді аңдыды, бұлтаң заманның бұйдасын мойныма ілді. Қыл тұсауды темір кісенмен айырбастап, басы асауды тарпа бұғаулады. Әйтсе де, азаттығымнан айыра алмады, ағаттығымды арқау қыла алмады. Жарығы күннің түссе де, күнім біреуге түспеді. Тәңірге аян. Жасырып жабары жоқ. Жүрегімді суыл кептесе де, жігерімді ешкім жаныштай алмады. Осы күнге жеткенше намысымды жықпадым, бұғынбадым, бұқпадым. 
Бүгінде төрт құбылам тең, төрт көзім түгел, төрт түлігім сай! Алты Алашқа жарасқан, алты қырдан ары асқан Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый.
 
Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.