Талдықорған: +26°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТҰСАУКЕСЕР: ТАЛДЫҚОРҒАН ТАРИХЫ ТАҒЫ БІР ТЫҢ ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

11.11.2020
РУХАНИЯТ
ТҰСАУКЕСЕР: ТАЛДЫҚОРҒАН ТАРИХЫ ТАҒЫ БІР ТЫҢ ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ардагерлер үйінде «Қарттарым ­- асыл қазынам» атты жаңа туындының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Әрдайым жаңа бастамаларды қолдап, оның жүзеге асуына атсалысып жүретін Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ рухани шараның тұсаукесер рәсіміне қатысты.

«Көп жұмылса, көл толады» дегендей, жаңа туындының редакция алқасын қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков, жауапты хатшы Балғаным Боранбаева, әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәр Каримова, есепші маман Балнұр Шаңбаева, марқұм, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Айтмұхамбет Ерасылов басқарса, кітаптың жалпы идеясын Әли Ысқабаев жүйелеген. Ал кітапты құрастыру, әдеби негізде өңдеп, баспаға ұсынған — Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы, халықаралық «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің иегері Айдын Кәлімхан.

Қалалық ардагерлер кеңесінің өткені мен бүгінін, қаладан түлеп ұшқан тұлғалардың, қаламыздың кешегі және бүгінгі шұғылалы тарихын сөз ететін кітаптың басым бөлігі соғыс ардагерлерінің елдік пен ерлікке толы ғұмырнамасымен өріледі. Осындай төрт тағанын тең басқан кітаптың тұсаукесер рәсіміне қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтан бөлек, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт бастаған тау тұлғалы ақсақалдар, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков бастаған ардагерлер қауымы қатысып, жылы лебізін білдірді. Қала басшысы Ғалымжан Райылұлы:

­ — Бұл кітап – тұнып тұрған тарих. Мұндағы соғыс ардагерлерінің ерлігі, аға буын өкілдерінің ел игілігі жолында атқарған елеулі еңбектері кейінгі ұрпағымызға үлгі болатынына сенімдімін, — дей келіп, Әли Ысқабай ағамыздың иығына шапан жапса, кітапты жазудың ыстығына күйіп, суығына тоңып, көптің көңілінен шығатын көркем туындыны жазып, құрастырып шыққан Айдын Кәлімханға Құрмет грамотасын табыстады.

Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, қалалық ардагерлер кеңесінің бұрынғы төрағасы, аталған ұйымның жұмысын бір бағытқа түсіруге барынша еңбек еткен Мұрат Халықов жүрекжарды лебіздерін білдірді. Өз кезегінде Ақшабай Дүйсенбекұлы:

— Талдықорған тарихы туралы жазатын дүниеміз мұнымен бітпейді. Бұл тек бастамасы деп білген жөн. Осындай еңбекті шығаруға қолдау танытқан қала әкіміне алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қала өміріне үлесі сіңген ардагерлерге ескерткіш тақта орнатуға бастамашы болып, қала тұрғындарының алғысына бөленіп жатқаны да әкімнің көрегендігі деп білемін. Қалалық ардагерлер ұйымының алдағы уақытқа жоспарлаған талай игілікті жоспары бар. Қала әкімі қолдау танытса, оны да абыроймен атқарып, көптің көңілінен шығамыз, — деп сөзін түйіндеді.

Кітап – білім азығы. Сондай-ақ, ол болашақтың алтын қазығы. Болашақ ұрпаққа азық болатын, қала тарихына алтын қазық болатын тың дүние осылай өмірге келіп, болашаққа жол алды.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандағы қайғылы жағдай: Қаратал өзенінен жоғалған баланың денесі табылды

Талдықорғандағы қайғылы жағдай: Қаратал өзенінен жоғалған баланың денесі табылды

26.05.2026
Балалардың жазғы демалысы: Жетісуда кешенді жоспар бекітілді

Балалардың жазғы демалысы: Жетісуда кешенді жоспар бекітілді

26.05.2026
Соңғы қоңырау сыңғыры: №20 лицей түлектерімен қоштасты

Соңғы қоңырау сыңғыры: №20 лицей түлектерімен қоштасты

26.05.2026
Мейірім мерекесі

Мейірім мерекесі

26.05.2026
Төртінші рет түлеген театр тойы

Төртінші рет түлеген театр тойы

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.