Талдықорған: +22°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫН БЕЙНЕЛЕГЕН СУРЕТШІГЕ 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАБЫСТАЛДЫ

22.09.2021
РУХАНИЯТ
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫН БЕЙНЕЛЕГЕН СУРЕТШІГЕ 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАБЫСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тіл сарайында «Тіл және тәуелсіздік» атты республикалық көрме байқауы өтті. Байқау жеңімпазына 500 мың теңге берілді. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ҚР Суретшілер одағы облыстық филиалымен бірлесе ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған байқауына қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар мен тіл жанашырлары қатысты. Әуелі фестиваль лентасы қиылып, қазақы дәстүрмен шашу шашылған шарада зиялы қауым өкілдері қылқалам шеберлерінің өнерімен танысып, «Тіл және тәуелсіздік» көрмесін тамашалады.

Шарада облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев алғашқы болып сөз алып, фестивальдің мәні мен мазмұнына тоқталды.

– Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар Елбасы Жарлығымен Талдықорғанның облыс орталығы болғанына 20 жыл толып отыр. Елбасының жарлығы Талдықорғанға жаңа серпін берді. Тұрақты өркендеу кезеңіне қадам басты. Жетісу өлкесінің өркендеуіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баса мән беріп, облыстың қуатты болуына қолдау танытуда. Бүгінгі таңда Талдықорған гүлденіп, көркейіп келеді. Осы мерейтоймен қатар келген тіл фестивалі құтты болсын! Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деп атап өткен болатын. Тіл саясаты – мемлекеттік саясат, ол тәуелсіз еліміздің берік арқауы әрі саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш, – деп айрықша атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.

Шараға қатысушылар қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Османды 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Аймақ басшысы Амандық Баталовтың құттықтау хаты табысталып, иығына оқалы комзол жабылды. Өз кезігінде тіл жанашыры Асылы Әлиқызы ырысы шалқып, ынтымағы жарасқан Жетісу жеріне деген махаббатын, мерейтойымен құттықтаған аймақ басшысына деген алғысын айрықша атап өтті.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы жер-жерде айрықша аталып өтуде. Дегенмен, бүгінгі фестиваль елдіктің мерекесін, тілдің мәртебесін қылқалам шеберлерінің туындысымен насихаттайтын республикамызда тұңғыш рет өтіп отырған шара. Бүгін тіл басқармасы мен оның 20 орталығының жұмысымен танысып шықтым. Ұлттық рухтың асқақтығы мен тіл мәртебесінің биік болуы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып тұрған шақта, мен облыстағы осындай басқарманың болғанын, орталықтардың техникалық базасы толық қамтамасыз етіліп, Сергей, Лариса сынды шәкірттерінің қазақша сайрап тұрғанын көріп, көңілім көтерілді. Бүгінгі таңда бізге керегі осы! Ана тілінің абыройын асқақтату кезек күттірмейтін ұлы іс, – деген қоғам қайраткері, белгілі тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы фестиваль барысында салынған суреттерге тоқталып өтті. Ана мен бала картинасынан басталып, көне тарихтан сыр шерткен көрмеде сонау замандарда қазақ сауданы өзге тілде емес, ана тілінде жүргізгені аталып өтті. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Оралхан Бөкей сынды дара тұлғалардың картинасы және олардың даналығы сөз болды.

Өз кезегінде Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Орынбасарұлы құттықтау сөз сөйлеп, байқаудың мәні мен мазмұнын айшықтады. Сонымен қатар, Ақсу ауданы, Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Владимир Чепель, «Туган тель» облыстық татар мәдени орталығының төрағасы Руфина Усановалар сөз алып, жүрекжарды лебіздерін ақтарды.

Құттықтау сөзден кейін «Тіл және тәуелсіздік» фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Айта кетелік, республикалық байқауда елімізден 109 қылқалам шебері бақ сынасқан. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының 9 жасар оқушысынан бастап еліміздің белгілі суретшілері қатысқан додада «Бабалар арманы» суретінің авторы Марат Абдреев бас жүлдені қанжығалап, қаржылай 500 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

01.07.2026
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

01.07.2026
Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

Құқықтық мемлекет тірегі

01.07.2026
Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

01.07.2026
Конституциялық реформалар және жаңа мүмкіндіктер

Конституциялық реформалар және жаңа мүмкіндіктер

01.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.