Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТҰҢҒЫШ ТҮРКІ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛҒАН ҚҰРАННЫҢ КӨШІРМЕСІ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

24 мамыр 2024
РУХАНИЯТ
ТҰҢҒЫШ ТҮРКІ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛҒАН ҚҰРАННЫҢ КӨШІРМЕСІ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қолжазбалар көрмесіне еліміздің бірнеше өңірінде және Ұлыбританияда табылған туындылар қойылды. 


Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Манчестерден X-XII ғасырларда алғаш түркі тіліне аударылған Құран табылғаны туралы хабарлаған едік. 

Мамандар 15 қолжазба мен 500-ге жуық архив құжатының көшірмесін алды. Қолжазба 1049-1053 жылдар аралығында жазылған. Бүгін елордадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығында тарихи құжаттардың көрмесі ашылды.

«Біз Қызылорда, Түркістан облыстарында, Тараз және Семей қалаларында, сондай-ақ Ұлыбританияда Манчестердегі Джон Райландс ағылшын кітапханасында, Оксфорд университетіндегі Бодлиан кітапханасында және Лондондағы Британ кітапханасында болдық. Сол жерден ХІІ ғасырдағы қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы ХІХ-ХХ ғасырларға жататын құнды қолжазбаларды таптық. Атап айтқанда, Әбу Насыр Әл-Фарабидің философия бойынша сирек кездесетін кітаптарының бірін, Ахмед Йасауи «Диуани хикмет» және оның шәкірті Сүлейман Бақырғанидің кітаптары, Суфи Алаярдың еңбектерін елге әкелдік», — деді Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының ғылыми-зерттеу бөлімінің бас сарапшысы Алмат Әбсалықов.

Оның айтуынша, көрмедегі кейбір экспонат – қазақтың тарихын сипаттайтын бастапқы дереккөздер. 

«Мысалы, XI ғасырда жазылған Гардизи кітабы, әлемде бұл туындының екі данасы ғана бар. Онда X-XI ғасырлардағы Орталық Азия аумағындағы түркі тайпаларының өмірі туралы өте құнды мәліметтер келтірілген. Бұл мәтіннің толық аудармасы әлі жоқ, сондықтан көп нәрсені аудару, егжей-тегжейлі зерттеп, цифрландыру қажет. Кітаптар негізінен түркі, парсы және араб тілдерінде жазылған», — дейді ол.

Енді еліміздегі өңірлер мен Ұлыбританиядан әкелінген қолжазбалар зерттеледі.

«Қазақ халқының мемлекеттілігі мен оның саяси бағыт бағдарын айқындауда тарихтың рөлі маңызды. Біздің ұлтымызға, елімізге қатысты құнды жазбалар, ағартушылардың қолжазбалары Еуропада сақталған. Орталық қызметкерлері осы бағытта елеулі еңбек етіп, нәтижесінде біраз қолжазбаларға қол жеткізді. Жалпы соңғы уақытта орталықтың жұмысына жан біте бастады, бұл істі мемлекеттік тұрғыдан қолдау керек. Себебі сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларда біздің тарихымыз жазылған. Әлі же жиналмай жатырған сан мыңдаған мұралар бар», — деді іс-шараға қатысқан. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов. 

Сондай-ақ халық қалаулысы бүгінгі көрменің маңызы ерекше екенін атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30
Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Бүгін, 09:24
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.