Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ыбырай Алтынсариннің хаты Башқұртстаннан табылды

04.04.2025
РУХАНИЯТ
Ыбырай Алтынсариннің хаты Башқұртстаннан табылды

Ақтөбе облыстық архивінің мамандары РФ Орынбор облыстық мемлекеттік архиві мен Башқұрт Респуб­ликасы ұлттық архивінен Ыбырай Алтынсариннің 1884-1888 жылдар арасында жазған бірнеше хатын тапты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы egemen.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Ұлт ұстазының инс­пек­тор­лық қыз­ме­­тіне қатысты 1879–1889 жылдар арасындағы құ­жаттар Уфадағы ұлттық ар­хивтің 109-қорында сақталған. Басты құжат – Орынбор губерниясы Торғай облысындағы қырғыз мектептері инспекторы қызметіне Ыбырай Алтын­саринді тағайындау туралы 1879 жылдың 28 шілдесіндегі бұйрық. Қордағы деректерді хро­нологиялық жүйемен қой­сақ, ұлт ұстазының қазақ дала­сындағы оқу-білімді дамытуды өзіндік жоспармен қолға алғаны байқалады. Хаттар көбінесе Қостанай қаласынан жазылған. Мәселен, ол 1884 жылдың 2 қа­рашасында Орынбор оқу округінің қамқоршысы мен Торғай облысының әскери губернаторынан Торғай облысында орыс-қазақ училищесін ашуға қаржы бөлуді сұрайды. 1888 жылдың 30 қарашасында Орынбор оқу округінің қамқор­шысына Ақтөбе қаласындағы 2-сыныптық училище жанынан қолөнер бөлімшесін ашуды ұсыныс еткен.

Уездік мектептерді бір жөн­ге келтірсе, болыстық мектептер ашып, оның жанынан тері өңдеп, сабын қайнатуға үйрететін, ағаш ұстасы маман­дығына оқытатын бөлімшелер ашуды көздеген жоспарының орындалмай қалғаны өкі­нішті. Капитализм қазақ даласына емін-еркін кіріп, қой жүні мен мал терісінің тегін­ге кетіп жатқанын көріп, оқу-білімсіз ұрпақтың болаша­ғы бұлыңғыр болатынын тү­сінген ағартушының өмірі ұзақ болғанда, инспектор қыз­метінде жүріп қазақ даласын­дағы мектептерді бір ізге түсіріп кетеді екен-ау деген ой келеді. Мектептерді ұйымдастыру, қаржылық жағдайын шешу сияқты менеджерлік шаруа­лардың басы-қасында жүріп, балаларды қолөнерге, кәсіпке баулуды мықтап ойға алғанға ұқсайды. Мәдениеті жеңілген халықтарға көзқарас дұрыс емес заманда губернатордан қайта-қайта қаржы сұрау да оңай емес. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Торғай облысындағы мектептерге қаражат Орынбор оқу округінің қамқоршысы арқылы бөлінетін. Осы жерде туатын сұрақ: хаттар Уфадағы мұрағатқа қалай түсті?

Ыбырай Алтынсарин 1860 жылдары Торғайда мектеп ашу және қазақ балаларына білім беру ісін жолға қою мақсатында Орынбор мен Уфаға бірнеше рет барып, ол жақтың оқу бағдарламаларымен танысқан. Уақыт өте келе, болыстық мек­теп­тердің жанынан тері өңдейтін және сабын пісіретін бөлімшелер ашуға ұсыныс түсіріп, хат жазады. 1888 жыл­дың 18 сәуірінде тері өңдеу мен сабын дайындау технологиясымен танысу үшін Башқұрт жеріндегі Красноуфим учи­лищесіне іссапарға бару­ға рұқсат сұрайды. Осы ха­тын­­да Красноуфим реал­дық учи­лищесі директоры­мен, Уфадағы Чубары слобода­сының өкілдері Ярус­паев пен Муразабинмен мамырдың басында кездесу жоспарланғанын айтады. Ресей жеріндегі реалдық училищелер сол замандағы техникалық және кәсіптік білімге бағытталған оқу орындары еді. Жазбадағы маңыз беретін бір мәселе, одан әрі жабдықтар мен оны үйрететін мамандар шықса, тері өңдеп, сабын қайнатуға қажетті шикізат Торғай жері­нен табылатынын жазады. Бұл «кермек» деп аталатын шөп дейді. Соған қарағанда, Ыбырай Алтынсарин Торғай облысында сабын жасап, тері өңдейтін кәсіпорындар құруды жоспарлаған сияқты. Орынбор губернаторлығы өндіріс мамандарын Ақтөбе қаласындағы екі басқыштық училищеде даярлап, осы жерде қосалқы құрылыс салуға рұқсат еткен. Келесі хатында 1888 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақтөбедегі екі басқыштық орыс-қазақ училищесі жанында ағаш, темір бұйымдарын жасауға үйрететін бөлім ашылғанын хабарлапты. Бәлкім, мамандар Ыбырай Алтынсариннің ескі славян тілінде жазған қолжазба хаттарын терең зерделеу ар­қылы қосымша мәліметтер табатын болар. Бұл хаттардың көшірмелері қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің 1248-қор, 3-тізбе, 25-ісінде сақтаулы тұр.

1888 жылдың 20 қарашасын­да Орынбор оқу округінің қам­­қоршысына жазған тағы бір хатында Чубары слобо­дасын­дағы ер балалар мекте­бінің жанынан Яруспаев тері өңдейтін зауыты бөлімін ашқанын жазған. Чубары тері өңдеу зауыты – Уфа қаласында Чубары слободасы аймағында орналасқан. Алайда Ақтөбе мен Чубары слободасындағы училищелер арасындағы байланыс Ыбырай Алтынсариннің өмірден өтуіне байланысты үзілгенге ұқсайды. Ағартушы 1889 жылы 17 шіл­деде  48 жасында Қостанай қала­сында дүниеден өткені белгілі.

1889 жылдың 2 сәуірінде Ақтөбе орыс-қазақ екі басқыш­тық училищесінің мұғалімі А.Измайлов Орынборға хат жазып, осы жердегі тері өңдеу зауытының құрылысын 1890 жылы оқу жылы басталғанға дейін аяқтау қажеттігін айтқан. Бірақ ұсыныс жалғасын таппа­ған. Өйткені 1889 жылдың 16 қыркүйегінде губернатордың Алтынсариннің орнына та­ғайындалған қаладан тыс мектептер жөніндегі инспекторы жазбасында тері өңдеу ісі бойынша Ақтөбе училищесінде оқып жатқан шәкірттер Уфадағы Чубары училищесіне ауыстырылады деп есеп береді. Тері өңдеу мамандығының жабылуы себебі, Ақтөбе училищесінде қажетті жабдық аз және оқыту­шылық құрам жетіспейді деп түсіндірді. Осылайша Ыбырай Алтынсарин дүниеден озған соң реалдық училищелер тәртібімен Ақтөбедегі училищеде мамандар даярлау ісі бас­талмай жатып үзілген. Қазақ даласында мектептер ашу ісінде Ыбырай Алтынсариннің жолын Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары жалғастырды.  1930–1937 жылдары Қазақ АКСР-і Орталық Атқару коми­те­тінің төрағасы болған Ұзақбай Құлымбетовтің қазақ жерінде тері, жүн өңдейтін зауыттар ашу, кәсіпшілікті дамыту туралы бастамалары Ыбырай ұстаздың орындалмаған арманы болатын. Өйткені Тор­ғай-Ырғыз жеріндегі Ыбырай мектептерінен сапалы білім алған ұлт зиялылары Ыбырай­дың ұстанымымен ержетті, ел­дік қызметке араласты, ұл­ты­­ның жоғын бүтіндеуге ұмтылды.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.